Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)



бет133/147
Дата28.11.2023
өлшемі6.41 Mb.
#484771
түріОқулық
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   147
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

10.6. Экологиялық сертификаттау

Экологиялық сертификаттау – нормативтік техникалық құжаттар, ұлттық және халықаралық стандарттар талаптарына адам өмірі мен қоршаған ортаға өнімнің қауіпсіздік сәйкестігін растау. Өнімді экологиялық сертификаттау ерікті түрде өтінім беруші (өнім өндіруші, сатушы) қалауымен жүргізіледі. Экологиялық сертификаттау мақсаты – өнім өндірушілерді тұтынушының денсаулығы, өмірі, мүлкі және тұрған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, қоршаған ортаны аз ластайтын технологиялық процестерді қолдану және өнімдерді шығаруға ынталандыру. Өнімдердің көп түрі үшін экологиялық сертификат және белгі олардың бәсекелестігін анықтайтын негізгі фактор саналады.


Бағалауға тұтынушыға арналған өнім ғана емес, өндірістің экологиялық басқару жүйесі де жатады. 10.5 кестеде өнім түрлері және оларға қойылатын экологиялық талаптар берілген.

10.5- кесте. Өнім түрлері және оларға қойылатын экологиялық талаптар
Өнім түрлері

Стандарттарға кірген экологиялық талаптар

Заттар және материалдар

Отын (көмір, газ, дизельдік отын)

Құрамына мырыш кіреді

Бензин, бояғыштар

Құрамына мырыш кіреді

Жуу заттары

Құрамына натрий триполифосфаты, табиғи ортада ыдырау жылдамдығы

Пестицидтар, минералды тыңайтқыштар, дезинфекциялық заттар, полихлор-бифенилдар, ерітушілер, бояулар, лактар

Экологиялық қауіп класы, табиғи ортада ыдырау жылдамдығы, сақтау және пайдалану ережелері

Озонды ыдырататын заттар, соның ішінде, перхлорфторуглеводородтар (ПХФУ)

ПХФУ шығаруды қысқарту, ПХФУ пайдалану тәсілдерін жетілдіру



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   147




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет