1.11. Сала аралық мемлекеттік стандарттау жүйелері
Стандарттау саласындағы негізгі бір бағыттар: стандарттау аумағында сала бойынша ұйымдастыру-техникалық және әдістемелік жүмыстардың принциптерін реттеуші мемлекетаралық стандарттау жүйелерін жасау.
Бұл жүйелердің негізгі жасаушылары – Ресей стандарттау институттары ВНИИМАШ және ВНИИС, сондай-ақ ТМД елдерінің салалық министрліктері, ғылыми-зерттеу институттары және үлкен кәсіпорындар. Қазақстанда әлі күнге дейін бұрынғы КСРО стандарттары жұмыс істейді, төменде осы стандарттардың жіктелу жүйесі келтірілген:
Мемлекеттік стандарттау жүйесі (ГСС) ГОСТ 1. …
Конструкторлық құжаттамалардың бірыңғай жүйесі (ЕСКД) ГОСТ 2. … Технологиялық құжаттамалардың бірыңғай жүйесі (ЕСТД) ГОСТ 3. … Өнім сапасы көрсеткіштерінің жүйесі (УСКПК) ГОСТ 4. …
Аттестатталатын өнім стандарттарының жүйесі ГОСТ 5. …
Бірдейлендірілген құжаттамалар жүйесі ГОСТ 6. …
Ақпараттық-кітапханалық құжаттамалар жүйесі ГОСТ 7. …
Өлшем бірыңғайлығын қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі (ГСИ) ГОСТ 8.
Материалдарды тот басудан және ескіруден сақтаудың бірыңғай жүйесі (ЕСЗКС) ГОСТ 9. …
Экспортқа жіберілетін тауарлар стандарттары ГОСТ 10. …
Қолданбалы статистика стандарттарының жүйесі ГОСТ 11. …
Еңбек қауіпсіздігі стандарттары жүйесі (ССБТ) ГОСТ 12. …
Микрофильмдеу стандарттары жүйесі ГОСТ 13. …
Өндірісті технологиялық дайындаудың бірыңғай жүйесі (ЕСТПП) ГОСТ 14. …
Өнімді жасау және өндіріске қою (РППП) ГОСТ 15. …
Технологиялық процестерді басқару ГОСТ 16. …
Табиғатты қорғау және табиғи ресурстарды жақсарту стандарттары жүйесі ГОСТ 17. …
Стандарттау объектілерін оңтайландырудың сандық әдістері ГОСТ 18. …
Бағдарламалық құжаттамалардың бірыңғай жүйесі (ЕСПД) 19. …
Өнім сапасын мемлекеттік басқару бірыңғай жүйесі (ЕСГУКП) ГОСТ 20. …
Құрылыстың жобалау құжаттамалары жүйесі (СПДС) ГОСТ 21. …
Бұйымның тозуға төзімділігін қамтамасыз ету стандарттары ГОСТ 23. ...
Автоматтандырылған басқару жүйелері (АСУ) бойынша техникалық құжаттамалар жүйесі ГОСТ 24. Резервте
Машина жасауда беріктікке есептеу және сынау жүргізу жүйесі ГОСТ 25. …
Аспап жасау бірыңғай жүйесі (ЕССП) ГОСТ 26. …
Техникадағы сенімділік стандарттары жүйесі ГОСТ 27. …
Техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүйесі ГОСТ 28. …
Эргономикалық талаптар және эргономикалық қамтамасыз ету стандарттары жүйесі ГОСТ 29. …
Эргономика және техникалық эстетика стандарттары жүйесі ГОСТ 30. …
Технологиялық жабдықтау және механикалық өңдеу стандарттары жүйесі ГОСТ 31. …
Сынау әдістері стандарттары жүйесі. Орау. Таңбалау. ГОСТ 32. …
Ақпараттық технологиялар (автоматтандырылған жүйелер) стандарттары жүйесі ГОСТ 34.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында сегіз ұлттық сала аралық стандарттау кешені (жүйесі):
1. ҚР Мемлекеттік стандарттау жүйесі ҚР СТ 1. …
2. ҚР өлшем бірыңғайлығын қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесі ҚР СТ 2. …
3. ҚР Мемлекеттік сертификаттау жүйесі ҚР СТ 3. …
4. ҚР өнімді жасау және өндіріске қою жүйесі ҚР СТ 4. …
5. Техника-экономикалық ақпаратты кодтау және жіктеу бірыңғай жүйесі ҚР СТ 5. …
6. ҚР өнімдерін штрих кодтау жүйесі ҚР СТ 6. …
7. ҚР өнімді, процесті, қызметті сертификаттау органдары мен зертханаларды аккредиттеу жүйесі ҚР СТ 7. …
8. ҚР қоршаған ортаны қорғау және ресурстарды рационалды пайдалану жүйесі ҚР СТ 17 жұмыс жасайды.
Қазақстан Республикасында 25 жіктеуіш, олардың ішінде 4 мемлекетаралық (мемлекет, валюта, стандарттар, физикалық шамалар бірліктері) – (ОКЭД); 8 мемлекеттік деп тіркелген (экономикалық іс-әрекеттер түрі бойынша жалпы жіктеуіші) жіктеуіш (КПВЭД); ұйымдар және кәсіпорындар жалпы жіктеуіші (ОКПО) қызмет атқарады. Бүгінге дейін бұрынғы КСРО жіктеуіштері қолданылады. Мысалы: «Жұмысшылардың мамандығы, қызметкерлердің лауазымы және тарифтік разрядтар». Республикада көліктегі қызмет, машинажасау және құрылыс жіктеуіштерін жасау жұмыстары жүріп жатыр.
Төменде Қазақстан Республикасының негізгі МСЖ стандарттары берілген.
Достарыңызбен бөлісу: |