Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)


Өнімді жасау және өндіріске қою жүйесіне



бет19/147
Дата28.11.2023
өлшемі6.41 Mb.
#484771
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   147
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

Өнімді жасау және өндіріске қою жүйесіне:
- ҚР СТ 4.2-93. Халық тұтынатын азықтық емес тауарлар;
- ҚР СТ 4.3-2002. Жеңіл өнеркәсіп өнімдері. Негізгі ережелер;
- ҚР СТ 4.4-94. Тамақ және ауылшаруашылық өнеркәсібі өнімдері. Негізгі ережелер;
- ҚР СТ 4.5-2003. Шетел фирмаларының құжаттамалары бойынша өнімді өндіріске қою. Негізгі ережелер жатады.
Қазақстан Республикасы аккредиттеу жүйесіне:
- ҚР СТ 7.0-2004. Негізгі ережелер;
- ҚР СТ 7.2-2000. Сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын жалпы талаптар;
- ҚР СТ 7.3-2002. Сынау зертханаларына (орталықтарына) қойылатын жалпы талаптар кіреді.


1.12. Стандарттау және Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) мүше болуы

Қазақстан Республикасы өз дамуында жасайтын үлкен қадамдарының бірі Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіру. Қазіргі уақытта әлемдегі сауда айналымының 95 пайызы ДСҰ мүше елдерінің қанжығасында, Қазақстанның 50 пайыздан аса сауда айналымы ДСҰ мүше-мемлекеттеріне келеді, ал бұл ұйымға Украина мен Ресей Федерациясы кіргеннен соң, сауда айналымы 90 пайызға жетеді деуге болады. Бүгінгі күні әлемнің 151 мемлекеті – ДСҰ мүшесі. ТМД елдерінен Қырғыз Республикасы, Грузия және Украина ДСҰ мүшесі.


Еліміз үшін ДСҰ мүше болу дегеніміз, бұл әлемдік өнеркәсіп, сауда, білім және ғылым кеңістігіне кіру. Осы кеңістіктен сырт, дамыған елдерге қосалқы болып қалмау үшін көптеген істер қолға алынуда. Стандарттау, білім, сапаны басқару саласында реформалар енгізілуде, ғылымды жан-жақты дамытуға үлес қосатын өндеу технологиялары және өндірістері үшін инновациялық даму бағдарламалары жасалуда.
1996 жылдың 29 қаңтарында Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру туралы өтініш жасады. Қазақстан Республикасының территориясында жасалып және енгізіліп жатқан стандарттардың барлығы халықаралық талаптар мен нормаларға сәйкес, «Техникалық реттеу туралы» жаңа заң қабылданды.
Білім және ғылым жүйесі Болон конвенциясының (ДСҰ кіру шарттарының бірі) талаптарына сәйкестендірілуде – орта мектепте 12 жылдық білім беру, жоғары мектепте үш деңгейлік – бакалавриат, магистратура және докторантура, біліктілігі жоғары ғылыми қызметкерлердің деңгейін бағалау жүйесі өзгертілді, білім бағалауда тестілеу жүйесі жаппай енгізілуде және жоғарғы оқу орындарында кредиттік оқу жүйесі, 2004 жылдың 9 шілдесінде Патенттік заңға халықаралық талаптарға сәйкестендіру үшін өзгертулер енгізілді және т.б.
Тактикалық жоспар бойынша ДСҰ мүше болу Қазақстанға не береді:

  • Қазақстан ашық нарықты экономикасы бар, дамуына көмектесетін әлемдік шаруашылық пен құрылымға кіреді, барлық ДСҰ мүше-мемлекеттерімен жақсы қарым-қатынас режиміне енеді;

  • Қазақстан өзінің тауарларына қосымша және пайдалы транзиттік жолдар ашады. Бұл Қазақстанның отандық өңдеу өнеркәсіп тауарларымен сыртқы сауданы дамытуға үлесін қосады;

  • Елімізге болашақта өңдеу өндірістері мен жоғары технологияларды дамыту жағынан инвестицияларды тартуға әкеледі;

- Қазақстан үшін сауда дамуында, әсіресе, қазақстандық экспорт тауарларға қатысты антидемпингтік талқылауда ДСҰ процедураларымен қарастырылған сауда-саясаттық таласта ДСҰ режимі әділеттілік негізінде жүргізіледі деген сенім береді;
- Қазақстан әлемдік сауданы реттеуге арналған нормаларды жасауда ұлт мүддесін қорғауға құқық алады;
- Тиімді сауда саясатын жүргізуге көмек беретін ДСҰ мүше мемлекеттерінің сыртқы экономикалық саясаты және өкіметтерінің емеуріндерін білуге болатын ақпараттарды алуға мүмкіндік туады;
- Халықаралық сапа стандарттарын енгізу және алдыңғы қатардағы технологиялар, тауар, қызмет және инвестицияларды ішкі нарыққа тарту, ұлттық өнімдердің сапасын көтеру және бәсекелестікке қабылетін арттыру шараларын жүргізеді;
- Импорттың көбеюі арқылы тұтынушы тауарды төмен бағаға және кең ауқымды түрлерін алуға мүмкіндік алады.
Осы артықшылықтарды іске асыруда мына мақсаттарға қол жеткіземіз:

  1. Экономикамыздың бәсекелестігін көтеру. Шикізатқа бағытталған өндірістен өнім өндіру үлесін жоғарылатуға көшу. Экономиканың өңдеу секторларында шетел инвесторларымен ұзақ уақыттық қарым-қатынасты жолға қою.



  2. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   147




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет