224
ұйымдастыру қатынастарының мәні болып табылады. Нақ осында
басқару объектісіне (ұжымдарға, жеке қызметкерлерге) мақсатты
түрде әсер ету үрдісінде адамдар (органдар)
арасындағы нақты
ұйымдастыру қатынастарымен, ұйым заңдарымен айқындалатын
басқарудың ұйымдастыру тетігі ашық көрсетіледі.
Осылайша ұйымдастыру немесе ұйымдастыру-басқарушылық,
басқару әдістерін адамдар арасындағы объективті (ұйымдастыру)
қатынастарына негізделген әсер ету амалдары ретінде белгілеу
қажет.
Бұл әдістердің ерекшеліктері мынада: біріншіден, олар
жүйеге тұтастай немесе оның элементтеріне жеке-жеке тікелей
нұсқаушылық (директивті) әсер етуді бейнелейді; екіншіден,
олар басшыға бір мағыналы шешім қабылдауға мүмкіндік береді;
үшіншіден, олар ережелердің,
нұсқаулықтардың, бұйрықтардың,
өкімдердің және т.б. міндеттілігіне негізделеді.
Ұйымның әр түрлі типтері бар:
а) басқарудың функциясын ісін бұлжымайтындай етіп бөлуге,
қызметті реттеуге, мұқият бақылауға негізделген ұйым. Мұндай тип
басқаруда туындаған барлық мәселелерді алдынала көруді, қатаң
есепті
талап етеді;
ә) ұйымның икемді типі. Оның артықшылықтары мен
кемшіліктері бар.
Артықшылықтары:
- икемділігі;
- болжанбаған жаңа мәселелердің пайда болуына орай шұғыл
жауап беруі;
- оларды шешуде бейресми әдістердің мол мүмкіндіктері.
Теріс жақтары:
- комиссия жұмысын бақылаудың қиындықтары;
- оларды қалыптастыру мен реформалау жөнінде қосымша күш-
жігер жұмсау;
- басқаруды ұйымдастырудың кейбір күрделілігі.
б) көбінесе әлеуметтік факторлардың
болуына негізделген
ұйым. Мұнда басты назар кадрларды іріктеу мен даярлауға,
олардың жұмысына мақсатттар мен міндеттер қоюға, құрылымдық
ресімделуге аударылады. Міндетті істі бөлу бейресми емес белгілер
бойынша жүзеге асады.
Өндірісті басқару тәжірибесінде ұйымдастырудың аталған
225
типтері нақ сол күйінде қолданылмайды. Әрбір нақты ұйымда
басшы мен басқару аппаратына байланысты аталған үш типтің
біреуі басымырақ болады.
Басқарудың ұйымдастыру-басқарушылық әдістері (БҰБӘ)
жоғары тұрған биліктің еркін орындау үшін
басқару аппараты
қызметкерлерінің әрбірінің жеке жауапкершілігін қамтамасыз етуге
тиісті.
Достарыңызбен бөлісу: