241
бағыныштылармен сирек қатынасады. Солай бола тұрса да
басшылар фирма істері мен бағыныштылары үшін жауапкершілік
көтереді.
Менеджерлердің, әсіресе ірі корпорацияларды басқаратындардың
жоғары жалақысы болу себептерінің бірі – жауапкершілік көлемі.
Өкілеттіліктер – ұйымның ресурсын пайдалану құқығын шектеу
және кейбір қызметкерлердің күш-жігерін белгілі бір міндетті
орындауға бағыттау болып табылады.
Өкілеттіліктер дәл сол сәтте орын алып отырған жеке тұлғаға
емес, қызмет орнына тапсырылады. Жеке тұлға жұмысын ауыстырса,
ескі қызмет орнының өкілеттіліктерін жоғалтады және жаңасының
өкілеттіліктерін алады.
Өкілеттіліктерді берудің екі тұжырымдамасы бар. Классикалық
тұжырымдамаға сәйкес өкілеттіліктер ұйымның жоғарысынан
төменге қарай беріледі. Мысалы,
коммерциялық кәсіпорында,
несиелеу бөлімінің басшысы өзінің өкілеттіліктерін бас бухгалтер-
бақылаушының орынбасарынан, ал ол қаржы мәселелері жөніндегі
вице-президенттен, ол өз кезегінде президенттен алады. Ал
президент өзінің өкілеттіктерін директорлар кеңесінен алады.
Директорлар кеңесі акционерлерден, олар конституция мен ел
заңдарына сәйкес жеке меншік институтынан өкілеттіктер алады.
Екінші
тұжырымдама
–
қабылданған
ұйымдастыру
өкілеттіліктерінің тұжырымдамасы. Оның мәні мынада:
бағыныштының бастықтың талаптарын қабыл алмауға құқы бар.
Егер бағынышты басшыдан өкілеттіліктер қабылдамаса, онда
өкілеттіліктерді беру болмайды.
Басшылар заңдарға немесе
мәдени құндылықтарға қайшы
келетін өкілеттіліктерді ұзақ уақытқа тапсыра алмайды.
Ұйымдастыру өкілеттіктерінің классикалық тұжырымдамасы
былайша көрінеді (8-сурет).
242
Өкілеттік пен билік арасындағы айырмашылықтарды білген
жөн. Олардың бір-біріне мағына жағынан жуықтығы соншалықты,
оларды бір-бірінен көпшілігі ажырата бермейді. Өкілеттіліктер
ұйым ресурсын пайдалануға құқық
берілген осы қызмет орнына
тән шектелген, тапсырылған құқық ретінде айқындалады. Биліктің
бұдан айырмашылығы ахуалға әсер ете алу мүмкіндігі немесе іс-
әрекет ететін нақты мүмкіншілігі бар болып табылады. Өкілеттілікке
ие болмай-ақ, билікті ұстауға болады.
Өкілеттіліктер қайсы бір қызмет орнында отырған адамның
әрекет етуге құқығы бар екендігін айқындайды. Билікті қолдану
тәсілдері ұйымға жағымды немесе жағымсыз әсер етуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: