221
өндірістік-техникалық, өнегелік, мәдени, тұрмыстық өзара
қарым-қатынастарының күрделі жүйесіне
негізделген бірлестікті
білдіреді. Бұл өзара қарым-қатынас ұжымның ресми және бейресми
құрылымдарында көрініс табады.
Ресми құрылым ұжымда ресми түрде анықталып, заңмен,
міндеттемелермен, өкілеттіліктермен және жауапкершілікпен
бекітілген адамдардың байланыстары
мен қатынастарын
бейнелейді.
Бейресми құрылым жақсы көру, жек көру,
мінез ұқсастығы,
ортақ мүдде, өзара түсіністік негізінде қалыптасатын байланыстар
мен қатынастарды бейнелейді. Бейресми қатынастың негізінде
ұжымды шағын топ (он адамға дейін) пайда болады. Шағын топ
аз уақытқа немесе ұзақ уақытқа созылуы мүмкін,
бұл шағын топ
ұжымның басқа да мүшелеріне жайдары қабақ танытуы (ашық)
ықтимал немесе өздерімен өздері (тұйық) қалуы да мүмкін.
Екі құрылым да ұдайы әрекет үстінде болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: