Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011



Pdf көрінісі
бет24/144
Дата21.12.2023
өлшемі4.22 Mb.
#487317
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   144
Ішкі жеке қайшылық. Бұл түрі жоғарыда айтылған 
түсініктемемен сәйкес келмейді. Бірақ бұның дисфункционалды 
әлеуеті басқа қайшылықтың нақты түрімен жалғасады. Бұл түрінің 
кең тараған үлгісі ретінде рөлдік басқару қарастырылады және 
адамдардың істеген жұмыстарының нәтижесіне қарама-қарсы 
талаптар қойылады.
Ішкі жеке қайшылықтардың пайда болуы, өндірістік талаптардың 
жеке тұлға қажеттілігімен келісілмегендігінен де туындайды.
Жеке (адам) тұлғалар арасындағы қайшылық. Қайшылықтың 
бұл түрі өте кең тараған. Басшылар өздерінің шектеулі ресурстарын, 
капиталы, жұмыс күшін, құрал-жабдықтарын тиімді пайдалану 
үшін күреседі. Жеке адамдар арасындағы қайшылықтар, сондай-ақ 
екі адамның түсініспеушілігінен, келіспеушілігінен пайда болады.
Адамдардың мінез-құлықтары, көзқарастары, рухани және 
мәдени байлықтары әр түрлі болғандықтан, олар бір-бірімен тіл 
табыса алмайды.
Жеке тұлға мен топ арасындағы қайшылық. Өндірістік топтар 
жоғарыда айтылғандай, өздерінің ережелері мен (беталыс) мінез-
құлықтарын қалыптастырады. Әр адам осы ережелерді орындауы 
қажет, сол кезде оның әлеуметтік қажеттілігі де қанағаттандырылады. 
Бірақ топтың күткені жеке адамның күткенімен қарама-қарсы болса, 
қайшылық пайда болады. 
Сондай-ақ шиеленіс жеке тұлғаның ұстанымы, топ ұстанымынан 
өзгеше болса да пайда болады.
Шиеленіс лауазымды басшылардың міндеттері арасында да 
пайда болады.
Топаралық қайшылық. Ұйымдар бірнеше топтардан, оның 
ішінде: ресми және бейресми топтардан құралады. Ең жоғарғы 
тиімді ұйымдарда да шиеленістер болып тұрады. Егер бейресми 
ұйымның басшысы әділетсіз болса, олар бәрі бірігіп «өштерін» 
өндірісті төмендетумен алады.
Топаралық шиеленіс, көбінесе, сызықтық және функционалдық 
басшылар 
арасында 
туындайды. 
Сызықтық 
басшылар 
функционалдық басшылардың ұсыныстарын қабыл алмаулары 
мүмкін. 
Көбінесе функционалдық топтар арасындағы қайшылықтар 


49
олардың мақсаттарының әр түрлілігінен пайда болады.
Барлық қайшылықтардың пайда болуының бірнеше ортақ 
себептері болады:
1. Бөлуге қажетті қорлардың шектеулілігі;
2. Тапсырмалардың өзара тәуелділігі;
3. Мақсаттардағы айырмашылықтар;
4. Құндылық пен түсініктер (ұсынулар) айырмашылықтары;
5. Мінез-құлық үлгісі, өнегесіндегі өзгешіліктер;
6. Білім деңгейдегі өзгешілік;
7. Нашар байланыс (коммуникация). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   144




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет