Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011


Жұмыс талабына түсініктемелер беру әдістері



Pdf көрінісі
бет27/144
Дата21.12.2023
өлшемі4.22 Mb.
#487317
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   144
Жұмыс талабына түсініктемелер беру әдістері. Дисфункцио-
налды қайшылықты болдырмаудың алдын алуының бірден-бір 
басқарудағы тиімді әдісі ретінде осы аталған әдіс қарастырылады. 
Мұнда әрбір қызметкердің және бөлімшеден қандай нәтиже 
күтілетіні түсіндіріледі.
Үйлестірушілік және интеграциялық механизмдерді қолдану 
әдістері. Өте кең тетік – команда тізбегі. Вебер және әкімшілік 
мектептері өкілдерінің айтуларынша, өкілеттіктер иерархиясы 
адамдардың қарым-қатынастарын қалыптастырады. Мысалы, егер 
екі немесе одан да көп бағыныштылар бір сұрақты шешу барысында 
көзқарастарында таластар тудырса, онда ортақ басшы шешім 
қабылдау арқылы қайшылықты болдырмауға тырысады. 
Жалпы ұйымдық кешенді мақсаттарды орнықтыру әдістері.
Мақсаттардың тиімді түрде іс жүзінде асырылуы үшін бір немесе 
бірнеше қызметкерлердің, сондай-ақ бөлімшелер мен топтардың
күштері бірігуі қажет. Мысалы, өндірістік бөлімшедегі үш смена 
арасында шиеленіс пайда болса, онда мақсатты бір бөлімшеге ғана 
емес, барлық бөлімшелер алдына қоя білу керек.
Марапаттау жүйелерінің қолданылуы әдістері. Адамдардың 
қылықтарына, іс-әрекеттеріне марапаттау әдістері арқылы әсер ету 
қайшылықтарды басқару әдісі ретінде қарастырылады.
Марапаттау жалпы ұйымдық мақсатқа жетуге, оның ішінде 
адамдар өздерін қалай ұстауларына, әрекет жасауына бағыт беріп 


53
отырады.
Жеке адамдар арқылы басқару әдістерінің негізгі түрі, олар:

«іргені аулақ салу» (бой тарту); 

«жуып-шаю», басу (жағымсыз әсерді «жуып-шаю») айту;

еріксіз көндіру;

келісімге келу (компромисс);

мәселені шешу.
Енді осы әдістерді қарастыру қажет:
Алыстау, іргені аулақ салу немесе «шетке шығып кету». Роберт 
Блэйк және Джейн Мутон шиеленісті шешудің әдісі ретінде «шетке 
шығып кетуді» немесе кіріспеуді қарастырады.
«Жуып-шаю». Бұл әдіс ренжісуге тұрмайды деген сендірумен 
негізделеді. Блэйк пен Мутон былай деген: «Шиеленіске деген 
талпынысты суытудың бір түрі-бұл үлкен мағыналы нәрсе емес, 
немесе ештеңе етпейді, тек қана бүгін болған жақсылықтарды еске 
алайық деп сендіру».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   144




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет