Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011



Pdf көрінісі
бет29/144
Дата21.12.2023
өлшемі4.22 Mb.
#487317
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   144
ҮІ кезең. Қуаттану және келісім. Соңғы кезеңде осы 
өзгерістерді қабылдаулары үшін адамдарды марапаттау қажет. 
Бағыныштылардың осы өзгеріс ұйым үшін тиімді екеніне көздерін 
жеткізе білу керек.
Ұйымдық өзгерістерді басқаруда жұмыскерлердің қатынасуы 
қажет деп саналады немесе талап етіледі.
Лэрри Грейнер түрлі деңгейлердегі ұйымдардың арасында 
билікті бөлудің үш тәсілін көрсеткен.
1. Өкілеттіліктерді бөлу. Басқаруға өкілеттіліктерді бөлу 
тұрғысынан қарау, шешімдерді қабылдауға еңбеккерлердің 
қатысуының жоғарғы дәрежесін көрсетеді. Басшылар мен 
бағыныштылар бірігіп қажетті өзгерістерді анықтайды, оларды 
жүзеге асырудың баламаларын жасайды немесе жүзеге асырылуға 
тиісті әрекеттерге ақыл-кеңес береді.
2. Біржақты әрекеттер. Өзгерістерді өмірге енгізу үшін заңды 
биліктерді пайдалану болып табылады. Грейнердің пікірінше, 
«ұйымдық өзгерістер өмірге ұйымдық иерархияның әрбір берілген 
лауазымдағы өкілеттіктер негізінде енгізіледі». Осы жағынан 
қарағанда мәселені анықтаумен шешілу тәсілін биліктің жоғарғы 
эталондары жасайды да, бақылаудың ресми және нақты емес 
механизмдері бойынша төменге жібереді.
3. Өкілеттіктер беру. Ұйымдық өзгерістерді жүзеге асыруға 
мұндай тұрғыдан қарау, жалпы басшылықтың либералдық стиліне 
сәйкес келеді. Жоғарғы деңгейдегі басшы бағыныштыларға қажетті 
өзгерістер туралы ақпарат береді де, кейіннен нақты әрекеттерді 
бағалау мен жүзеге асыру үшін өкілеттіліктерін тағайындайды.


55
Грейнердің айтуынша, басшы кейбір персонал мүшелерінің 
жеке көзқарастарының қалыптасуын қамтамасыз етеді де, олардың 
өмірге енгізілуін қалайды. Адамдар нақты жағдайларды талдай 
отырып проблемаларды шешуге маманданады және басшы мен 
ұйым өзгерістерін жүзеге асыруға әрқашан дайын болады.
Өкілеттіліктерді талдаудың артықшылығы болашақтағы 
өзгерістерге қарсыласу мүмкіндігін жояды немесе азайтады және 
берілген проблема бойынша пікірлердің ауқымды шегін құрады.
Кемшілігі – реакцияның бәсеңдеуі шешімнің сапасы топтық 
ойлардың ықпалына тәуелді болуы, сондай-ақ бағыныштылардың 
ұйымның жалпы мақсаттарына сәйкес баламаларды таңдау 
(нәтижесі) тәжірибесі болмауы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   144




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет