Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011



Pdf көрінісі
бет56/144
Дата21.12.2023
өлшемі4.22 Mb.
#487317
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   144
Инновациялық дамудың 
мемлекеттік институттары 
Стратегияда анықталған мақсаттарға қол жеткізу үшін жаңадан 
құру және бұрыннан келе жатқан мемлекеттік даму институттарын 
нығайту қажет. Атап айтқанда, олар:

Қазақстанның инвестициялық қоры;

Қазақстанның Даму банкі;

Инновациялық қор;

Экспортты қамсыздандыру корпорациялары.
Жалпы алғанда даму институтары біртұтас жүйе болып 
қалыптасуы керек. Олардың орнықты жұмыс істеуі мынандай 
қағидаларға негізделеді: орталықсыздандыру, мамандандыру, 
бәсекелестік және транспаренттік.
Орталықсыздандыру қағидасы қолдайтын элементтердің көп 
екенін білдіреді. Бұған жекеменшік қолдауда кіреді. Іс жүзінде бұл 
мемлекет қаржыларды және ақпараттық ресурстарды тек бір даму 
институтында жинақтауды білдіреді. Бұл мынандай мүмкіндік 
береді:
- шешім қабылдауда болашақ жүйелі қателерді жібермеу;
- бәсекелестік негізін және соның нәтижесінде қолдау кезінде 
ашық саясат жүргізу;
- жекеменшік сектордың бастамасына терең талдау жүргізіп 
отыру.
Мамандандыру қағидасы даму институттарының нақты 
бір операция жүргізуге немесе қызметтің белгілі бір түрлеріне 
мамандандырылады. Мысалы, Қазақстанның Даму банкі 
жобаларды қаржыландыруды банктік несие арқылы жүргізуге 
мамандандырылған.
Бәсекелестік қағидасы даму институттарының жұмысы 
бәсекелестік негізінде жүргізіледі дегенді білдіреді (нарықтық 
қатынастар негізінде). Бұл қағида институттардың нәтижелерін 
бағалауға мүмкіндік береді.
Транспаренттік 
қағида 
бойынша 
мемлекеттік 
даму 
институттарының корпоративтік басқару жүйесін жасау. Бұл жүйе 
менеджерлердің есеп беруін және жауапкершілігін қамтамасыз 
ету керек, қаржы ресурстарын тиімді пайдалануға тиісті бақылау 


119
жасайды.
Қазақстанның инвестициялық қорының міндеті экономиканың 
шикізат емес секторында жекеменшік сектордың бастамасын 
қаржылай қолдау. Ол үшін қордың кәсіпорындардың жарғылық 
капиталында өз үлесі болу керек. Мұндай жағдай инвестордың 
жаңа өндірістерді ұйымдастыруға көмек ететінін көрсетеді және 
құнды қағаздар нарығын дамытады.
Қазақстан Даму банкі ұзақ мерзімді және орта мерзімді пайызы 
төмен несие берумен жекеменшік және мемлекеттік секторды 
қолдайды (инфрақұрылымдық жобалар). 
Инновациялық қор нарықтың экономиканың венчурлік 
функциясын ынталандырады. 
Бұл қордың құрылуы инновацияларды енгізу процесінде тиімді 
нарықтық механизмнің жоқтығын білдірмей мәселелерді шеше 
береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   144




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет