Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011



Pdf көрінісі
бет59/144
Дата21.12.2023
өлшемі4.22 Mb.
#487317
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   144
19. Қаржы құрылымдарының стратегиясы
Қаржылық менеджмент 
стратегиясының рөлі 
Қаржылық менеджмент жөніндегі іс-әрекеттің ауқымы кең. Оның 
ең басты саласы – инвестициялық саясат. Қаржылық менеджментті 
тәжірибеде қолдану үшін белгілі бір өлшем-белгілер керек.
Қаржыны өндіріске, құнды қағаздарға салу мынандай 
жағдайларда инвестициялаудың өлшем-белгілері болып саналады:
1) бұл салымнан түсетін таза пайда қаржыны банк депози¬тіне 
орналастырудан түсетін таза пайдадан артса;
2) инвестицияның пайдалылығы инфляция деңгейінен жоғары 
болса;
3) бұл жобаның уақыт факторы мен (ақшаның уақытша құны) 
есепке алғандағы пайдалылығы балама жобалардың тиім¬ділігінен 
жоғары болса;
4) кәсіпорын активтерінің тиімділігі жобаны іске асырған¬нан 


125
кейін ұлғаяды (немесе, тым болмаса, кемімейді және кез келген 
жағдайда қарыздық қаражат бойынша орташа есептік мөлшерлемені 
(яғни, қаржылық тетіктің дифференциациясы жағымды болады) 
көтереді;
5) қаралатын жоба шығын қайтарылатын мерзім, өндірістің 
ұтымды ассортименттік құрылымын қалыптастыру және т.б. 
тұрғысынан кәсіпорынның стратегиялық жүйесіне сай келеді.
Қай кәсіпорынның болса да басты өлшем-белгілерін анықтау 
өзінше дара. Ол сол кезеңде көзделетін стратегиялық қаржылық 
мақсаттарға байланысты.
Қаржылық менеджмент стратегиясының міндетті қызметтерінің 
бірі – инвестициялық жобаны талдау. Бұрыннан белгілі, инвестиция 
– уақыт жағынан ұзаққа созылатын процесс. Бұл қаржылық 
менеджерге инвестициялық жобаларды талдау кезінде бірқатар 
жағдайларды ескеру қажеттігін еріксіз еске салады:
- біріншіден, жобалардың тәуекелшілдігі, өйткені қайтарым-
дылық мерзімі ұзақ болған сайын жоба тәуекелді бола түседі;
- екіншіден, ақшаның уақытша құнын, өйткені уақыт өте келе 
ақша өзінің құндылығын өзгертеді;
- үшіншіден, жобалар кәсіпорын акционерлерінің мүлкі 
мен кірістерін ең көп шамаға жеткізу жағынан алғанда, қаржы 
салымының баламалы мүмкіндіктерімен салыстырғанда, тартымды-
ақ.
Нақ сол инвестициялық саясаттың көмегі арқылы кәсіпорын 
өзінің мүмкіндіктерін экономикалық дамудың ұзақ мерзімді 
тенденциялары мен оларға бейімделуді болжауға (алдын ала білуге) 
орай жүзеге асырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   144




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет