Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011



Pdf көрінісі
бет71/144
Дата21.12.2023
өлшемі4.22 Mb.
#487317
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   144
Басқару ғылымының мәні
Басқару ісі қарым-қатынастың көптеген жағын (саяси, 
әлеуметтік, экономикалық, этикалық және т.б.) қамтиды.
Егер өндірістік үрдістер мен қатынастардың мазмұны 
өндірісте материалдық игіліктерді тікелей өндірудің еңбегін 
ұйымдастыруды бейнелейтін байланыстарды құрайтын болса, 
онда басқарушылық үрдістер мен қатынастардың мазмұны – бұл 
өндірісті басқару ісіне қатысушылардың ортақ еңбегін көрсететін 
байланыс.
Басқару бойынша қызмет нәтижесіне шешім жатады.
Қорытындысында адамдардың бір бөлігі материалдық 


153
игіліктерді өндіру бойынша тікелей еңбекпен айналысатын болса, 
басқа біреулері – басқару ісімен шұғылданады. Өндірісте осы 
екі топтағы адамдардың арасында өндірісті басқару қатынасы 
ретінде сипатталуы мүмкін белгілі бір қарым-қатынас орнайды. 
Бұл қарым-қатынас, яғни қоғамдық байланыстар мен олардың өзара 
ықпалдасуының жиынтығы басқару субъектілері мен объектілері 
арасында, сондай-ақ басқару субъектісінің ішінде пайда болады.
Басқару қатынасы қандай түрге немесе типке жататынына 
қарамастан, ол ең алдымен басқарудың объектілері мен субъектілері 
арасындағы қатынас ретінде болады.
Барлық экономикалық жүйе екі қосалқы жүйенің – басқарушы 
мен басқарылушының бірлігі ретінде қарастырылады. Оның 
алғашқысы басқару аппаратының қызметкерлерін, басқару 
органдарын – мемлекетті, үкіметті, министрліктерді және т.б. 
қамтитын басқару субъектілерін білдіреді. Ал екіншісі жалпы 
түрдегі халық шаруашылығындағы салаларды, аймақтарды, 
кәсіпорынды және т.б. білдіреді.
Жұмыс орнына келетін болсақ, мұнда басқарудың басқа түрі 
– Ф. Энгельс заттарды басқару деп анықтаған еңбек құралдарын 
басқару жүзеге асырылады.
Осылайша, өндірісті басқарудың екі түрі бөліп көрсетіледі:
а) адамдарды (қызметкерлерді) басқару;
ә) еңбек құралдарын (затты) басқару.
Еңбек құралдарын жұмыскерлердің басқаруы қосалқы жүйемен 
басқарылатын тікелей өндіріс үрдісін білдіреді. Басқарудың 
қосалқы жүйесі тек адамдарды басқару ісіне ғана қатысты. Басқаша 
айтқанда, өндірісті басқару – бұл өз кезегінде еңбек құралдарын 
басқаратын жұмыскерлерді басқару.
Қоғамдық өндіріс саласындағы басқарудың айрықша 
ерекшелігі, оның қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығымен 
айналысуында.
Мұның себебі, адам өндірістік үрдісте бірлескен еңбек 
үрдісінің тек қатысушысы ғана болып қалмайды, сонымен бірге
ол бір мезгілде әлеуметтік тұлға да. Ал, адам әлеуметтік тұлға 
болғандықтан оған әр қилы қажеттілік, талап-тілек, қалау және т.б. 
тән болады.
Адам қарама-қайшылыққа толы, сол себепті де оларды әлеуметтік 
құбылыс ретінде, яғни әлеуметтік тұрғыдан басқару қиын.


154
К. Маркс өзінің «Фейербах туралы тезисінде»: адам – қо¬ғамдық 
қатынастардың жиынтығы, деп анықтама берген.
Жоғарыда айтылғандардың түйіндемесі мынадай.
Басқару қатынасы басқару ғылымының мазмұны болып 
табылады. Өндірісті басқару қатынасы басқарумен ықпал 
ету үрдісінде адамдардың және ұжымдардың тұрақты өзара 
байланыстары мен өзара әрекеттерінің күрделі кешенін білдіреді.
Өндірісті басқару қатынасы сипаты мен түрлері бойынша 
жіктеледі.
Олар мыналарға бөлінеді:

басқарушы және басқарылушы қосалқы жүйелерінің 
арасындағы қатынасқа;

басқарушы жүйенің ішіндегі басқару қатынасына (басқару 
сатылары және деңгейлері арасында);

басқарудың әрбір буынындағы басқарушылар мен 
бағынушылар арасындағы қатынасқа (субординация қатынасы).
Өндірісті басқару қатынасы сипаты бойынша мыналарға 
бөлінеді:

тұлғалар арасында;

жүйелер арасында;

аралас.
Басқару қатынасы мыналарға бөлінеді:
а) салалық, яғни бір саланың шегіндегі қатынас;
ә) территориялық, яғни бір аймақтың шегіндегі қатынас;
б) салааралық, яғни әр түрлі салалардағы ұйымдардың 
арасындағы қатынас;
в) аймақаралық, яғни әр түрлі аймақтардағы ұйымдардың 
арасындағы қатынас;
г) территориялық-салалық қатынас.
Басқару қатынасын ұйымдық байланыстардың саны бойын¬ша 
жай және күрделі деп бөлуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   144




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет