Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011


Стратегиялық менеджменттің бес мақсаты



Pdf көрінісі
бет9/144
Дата21.12.2023
өлшемі4.22 Mb.
#487317
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   144
Стратегиялық менеджменттің бес мақсаты
Ұйымның стратегиясын жасау мен жүзеге асыру барысында 
менеджердің алдында бес бір-бірімен байланысты міндеттер бар:
1. Компанияның дамуындағы негізгі бағыттарды анықтау. 
Басқаша айтқанда оның міндеттерін және ұзақ мерзімді даму 
болашағын белгілеу қажет. 
2. Белгіленген жалпы мақсаттарды нақтылы жұмыс 
бағыттарына айналдыру.
3. Керек көрсеткіштерге қол жеткізу үшін таңдап алған 
жоспарды орынды іске асыру. 
4. Таңдап алған стратегияны тиімді атқару. 


24
5. Орындалған жұмысты бағалау, нарықтағы жағдайды талдау 
және соған байланысты қызметтің негізгі бағыттарына сәйкес 
қойылған міндеттерге өзгерістер енгізу. Олар (өзгерістер) түбінде 
жаңа мүмкіндіктерге, жаңа өнімдерге байланысты болады. 
Компания стратегиясының негізгі мәселелері: біз өз 
компаниямыздың қандай болғанын қалаймыз, біз ол үшін не істеуміз 
керек және біз неге қол жеткізуміз керек? Менеджер өз ұйымның 
қазір және болашақта (10-15 жыл) қалай жұмыс жасайтынын анық 
болжай білуі қажет. Ол компаниясының қандай сферада қызмет 
ететінін анықтайды, сонымен қатар ол өзінің тұтынушыларына 
қандай қызметтерді ұсынатынын белгілейді. Менеджер фирманың 
қандай сферада қызмет көрсететінін ойластыру қажет. 
Мүдделерді анықтау миссияның жалпы қалыптастыруынан жеке 
жоспарларға ауысуына көмек етеді. Компанияның негізгі мүддесіне 
қол жеткізу үшін оның әрбір бөлшегі өз мақсаттарын анықтаулары 
керек. 
Басқару тәжірибесінде мүдделердің екі типі бар: қаржылық және 
стратегиялық. Біріншісі міндетті түрде қажет, себебі қаржысыз 
ешқандай ұйымның, кәсіпорынның жұмыс істеуі, өсуі мүмкін емес. 
Нарық жағдайында компанияның бәсекелестік жағдайын нығайтуға 
стратегиялық мүдделер негізге алынатынын ескеруіміз керек.
Табыс көлемі, инвестицияның тиімділігі, қаржының қолда 
барлығы, қарыздың көлемі мен дивиденттер қаржылық мүдделердің 
негізін құрайды.
Стратегия – ол менеджердің өз міндетін атқарудағы сайманы. 
Фирманың стратегиясы анықталған көрсеткіштерге қол жеткізудегі 
персоналдық іс-қимылына байланысты болады. Компанияның 
стратегиясы жоспарланған іс-әрекеттерден тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   144




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет