Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011



Pdf көрінісі
бет90/144
Дата21.12.2023
өлшемі4.22 Mb.
#487317
түріОқулық
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   144
25. Бизнес жүйесі және басқару
Бизнес категориясының мазмұны 
және оның өзіне тән белгілері
Жалпы адамзат тарихы бизнеспен байланысты. Қарапайым 
анықтаманы терминнің этимологиясына жүгінбей-ақ беруге болады. 
Бизнес – бұл іс. Тарихи «іс» ұғымы – «бизнес» ұғымын білдіреді.
Алайда, бизнес – тек жай ғана іс емес, ол адамдардың 
арасындағы, іске қатысушылардың арасындағы іскерлік қатынасты 
қамтиды. Белгілі бір іске қатысу арқылы адамдар іскер адамдарға 
немесе бизнесмендерге айналады.
Экономикада барлық «іс» өнім өндірумен және оны тұтыну 
саласында жылжытумен байланысты. Сондықтан да шаруашылық 
өмірдің кез келген эпизоды әр қилы іс пен іскерлік қатынастардың 
әр түрлілігімен сипатталады. Өндірістік қатынастардағы 
субъектілердің қандай да бір қызметі – оның өз ісі. Ал қызмет 
пен оның нәтижелерінің орнына «іс», іскерлік байланыс, басқаша 
айтқанда, мәміле жүреді.
ҚР Азаматтық кодексінде арнайы тарау (4-тарау) бар – Мәміле 
деген. Онда мәміленің, бір жақты мәміле мен келісімшарттың, 
құқықтық реттеудің ұғымдары беріліп, мәміле формасы айтылған.
Бизнес – бұл табыс алуға бағытталған қызмет. Ол әр түрлі 
салаларда жүзеге асырылады. Атап айтқанда, өндірісте және 
тауарлар мен қызметтердің саудасында, банк ісінде және сақтандыру 
қорында, көліктік, жалға беру және қызмет түрі ретінде болатын 
басқа да операцияларды жүзеге асырады. Субъектінің айналымға 


192
түсіретін капиталының қолда болуы бизнесте маңызды орын алады. 
Мұндай капитал айналымға ақшалай түрде түсуі міндетті емес, ол 
тауар түрінде және қызмет түрінде ұсынылуы ықтимал.
Бизнес түпкі есебінде әрдайым нәтижесінде пайда алуды 
немесе залал келтіруді көздейтін тауарларды немесе қызметтерді 
айырбастау бойынша коммерциялық операцияларды іске асыруды 
ұйғарады.
Кәсіпкерлік қызметке қарағанда бизнестің ұғымы кең, өйткені 
бизнеске табыс алуға бағытталған кез келген қызмет саласындағы 
кез келген бір жолғы коммерциялық мәмілені жасауды да қамтиды.
Бизнестегі субъект бизнесмен немесе коммерсант деп аталады.
Коммерсанттың мәртебесі заң бойынша қызметі мына 
белгілермен сипатталатын тұлғаға беріледі:
- мәміле бекіту және басқа шаруашылық операцияларын 
кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыру;
- кәсіпкерлік қызметті өз атынан, яғни нарықтық қатынастың 
дербес экономикалық субъектісі ретінде жүзеге асыру.
Жеке кәсіпкер де, кәсіпкерлердің бірлестігі де коммерсант бола 
алады.
Бизнестің нарықтық экономикада өзіне тән белгілері болады.
Оған мыналарды жатқызуға болады:
- экономика субъектілерінің қызмет алмасуы;
- әрбір қызмет алмастырушыға қатысушылар, контрагенттердің 
мүддесі жүзеге асырыла ма, жоқ па, оған қарамастан тек өз 
мүдделерін жүзеге асыруға ұмтылады;
- контрагенттер өз көңілінен шықпаған іскерлік шарттарды 
(мәмілені) қабылдаудан бас тартқанына қарамастан өз мүддесін 
жүзеге асыруға талпынады;
- мәмілені дайындау және жасау үрдісінде бір өзі жеке немесе 
ұжыммен бірге (немесе ұжымның атынан) бастама көтереді;
- пайдалы жағы мол мәмілені жүзеге асыру үшін жеке (немесе 
ұжым атынан) тәуекелге бел бууға, яғни қатерге бара алатын қабілеті 
және соған дайын болуы;
- мол табысқа қол жеткізу мақсатын көздейтін іскерлік 
қатынастың әр түрлі тәсілдерін көре білуі, жүзеге асыра білуі, 
дайын болуы;
- таңдап алынған іскерлік қатынас тәсілінің пайдалы жағынан 
қамтамасыз ету мақсатында әр түрлі бағыттарда әр қилы қадамға 


193
бара алуы керек;
- мәміленің болуы ықтимал және нақты нәтижелерін саралай 
білуі, қызметтің басым жақтарын анықтап, оған іскерлік қатынастың 
логикасын бағындыра (қисындай) білуі керек.
Бизнестің өз стратегиясы мен тактикасы бар. Бизнестің 
стратегиялық мақсаты – әр түрлі мәмілені жүзеге асыру үрдісінде 
мол табыс табу.
Тактикалық мақсат – әр контрагентпен әрбір нақты себеп 
бойынша мәміленің нақты мерзімі мен мазмұнын, жүзеге асыру 
шарттарын пайдалану арқылы осы стратегиялық нұсқаманы жүзеге 
асыру.
Барлық аты аталған бизнестің өзіне тән белгілері, оның 
стратегиясы мен тактикасы осы заманғы нарықтық экономикадан 
толық көріне алады.
Бизнесті дамытудың шарттары:
- меншіктің аман сақталуына кепілдік болуы керек;
- шаруашылық ұйымның әр түрлі нысандарының қатар өмір 
сүруі;
- кәсіпорындарға мүмкіндігінше экономикалық еркіндік беру;
- мемлекеттік және мемлекеттік емес секторлардың 
серіктестігіне, кәсіпкерлікке мемлекеттік тұрғыдан қолдау көрсету;
- монополизмді шектеп, бәсекелестікті одан ары дамыту;
- мемлекет экономикалық, әлеуметтік және саяси тұрғыдан 
тұрақты болуы қажет;
- заңмен қорғалатындығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   144




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет