Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011


Нарық пен бәсекелестік басқару жүйесінде



Pdf көрінісі
бет93/144
Дата21.12.2023
өлшемі4.22 Mb.
#487317
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   144
26. Нарық пен бәсекелестік басқару жүйесінде
Нарық ұғымының мазмұны және 
нарықтық экономиканың жалпы сипаттамасы
Адам қажеттіліктерін қанағаттандырудың ежелден келе жатқан 
мәселелерін шешуде қоғам шектеулі ресурстарды баламалы 
әрі ұтымды пайдалану мәселесімен қақтығысуына тура келеді. 
Бұл міндетті шешу үшін алға мынандай мақсаттар қойылады: 
экономикалық өсуді, толық жұмыспен қамтуды, бағаның 
тұрақтылығын, экономиканың еркіндігін, әлеуметтік кепілдікті 
және т.б. қамтамасыз ету.
Бұл мәселелер іс жүзінде қалай шешілетінін байқау үшін 
нарықтық экономика қалай сипатталатынын анықтап алу қажет. Ол 
қандай субъектілермен істес болады, олар өзара қалай әрекеттеседі?
Экономикалық шешімдер көбінесе орталықсыздандыру 
жолымен шешілетін экономиканы нарықтық экономика деп түсінуге 
болады.
Нарықтық экономика ең бастысы нарық арқылы жұмыс істейді. 
Нарықтың көптеген атауы бар. Әйтсе де олардың барлығының 
мәні мынаған саяды: ол шешімді дербес қабылдайтын жекелеген 
шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара қарым-
қатынастың формасы.
Нақ осы нарық – бұл «экономикалық демократияны» бейнелейтін 
қоғамдағы ең жақсы реттеу механизмі (П. Самуэльсон, экономика 
бойынша Нобель сыйлығының иегері, 1990).
Бір уақытта бір ғана өнімге бір ғана баға белгіленетін нарық 
ең қолайлы әрі оңтайлы нарық деп саналады. Бұл қашан болады? 
Көптеген америкалық экономистерінің пікірінше, бұған мынандай 
шарттар қажет екен:
а) сұраныстың үлкен әрі ұдайы болып тұруы;
ә) шаруашылық қызметіне қатысушылардың санының 


200
шектелмеуі;
б) өндіріс факторларының абсолютті ұтқыр, жұмылдырғыш 
күшке ие болуы;
в) сатушылар мен сатып алушылар ортасында еркін 
бәсекелестіктің болуы;
г) бәсекеге қатысушылардың қолында ақпараттың барлық 
көлемі болуы.
Нақты өмір шындығында бұл шарттар әрдайым (бір мезгілде) 
бір орында қатар тұра бермейді. Әлбетте, осыған орай, жетілген 
нарық та жоқ, тек бәсекелестік нарық қана әрекет үстінде көрініп 
жүр. Соңғысы жұмыс істеуі үшін ең алдымен көп түрлі меншік 
формаларын (жеке, кооперативтік, акционерлік, мемлекеттік және 
т.б.) жүзеге асыруды және нарықтың инфрақұрылымын жасауды 
талап етеді.
Инфрақұрылым үш негізгі элементті қамтиды:
- тауар мен қызмет нарығы;
- өндіріс факторының нарығы (жер, еңбек, капитал және 
басқару);
- қаржы нарығы.
Тауар мен қызмет нарығы жасау мен іс-әрекетті (жұмыс істеуді) 
қажет етеді:
1) тауарлық биржа;
2) көтерме және бөлшек саудалар;
3) маркетингтік ұйымдар.
Өндіріс факторларының нарығы жер, еңбек, капитал секілді 
өндіріс факторларын сатуды және сатып алуды ұйғарады.
Жер – тікелей мағынасында фермерлер мен кәсіпкерлер 
пайдаланатын жерді ғана ұғып қоймау керек, ол, сонымен бірге, 
жер қойнауынан өндірілетін шикізат және жердің үстіңгі бетінен 
алынатын – мақта, астық және т.б.
Еңбек – біліктілігі жоқ жұмысшылардың, кәсіпкерлердің, 
меңгерушілердің (басқарушылардың), менеджерлердің қызметтерін 
қосып алғанда барлық жұмысшылардың қызметі (еңбегі). Бұл 
нарықтың маңызды құралы еңбек биржасы (жұмысшы күшіне 
сұраныс, резерв, дайындау және қайта дайындау) болып табылады.
Капитал өндіріс факторы ретінде өндіріс құралдарын, үй-
ғимаратты, құрылғыларды, станоктарды, саймандарды, сондай-
ақ өндіріс құралдарын сатып алуға қажетті ақшалай қаражатты 


201
білдіреді.
Қаржы немесе ақша нарығы – бұл қаржы құралдарының (ақша, 
облигациялар, акциялар) сұранысы мен ұсынысын бейнелейтін 
нарық. Бұл нарық қор және валюталық биржалардың іс-қимыл 
жасауын (әрекет етуін) ұйғарады. Онда қарызға ақша ұсыну үрдісі 
жүзеге асырылады.
Осы нарықтардың барлығы бір-бірімен органикалық тұрғыдан 
өзара байланысты әрі өзара ықпалдастықта болады. Егер олар 
тең қалыпты жағдайда болатын болса, онда бүкіл экономикада 
макроэкономикалық жалпы тепе-теңдік орнайды. Бұл қашан жүзеге 
асады? Бұл тауар мен қызмет нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың 
өзара ықпалдасуының нәтижесінде баға мен өнім көлемінің тепе-
тең деңгейі орнағанда, ал өндіріс факторларының нарығында – 
пайдаланылған өндіріс факторлары мен оған кеткен шығындары 
тепе-тең болғанда, капитал нарығында – ссудалық пайыздың тепе-
теңдік деңгейі (ссуда шамасына – пайыздық мөлшерлеме, ссуда үшін 
төлем ретінде уақыт бірлігіне төленетін ақша сомасына қатысты 
анықталатын ақшалай ссуда бағасы) орнағанда жүзеге асады.
Есте ұстайтын этикалық нормалар болады: 
- ең жоғары өнімділік пен табысқа қоршаған ортаны бүлдіру 
есебінен қол жеткізуге болмайды;
- бәсекелестік адал жолмен (ережемен) жүзеге асуы тиіс;
- еңбекпен келген игілік, яғни еңбек ету арқылы қол жеткен 
игілік халықтың тапсызданған, яғни табынан айырылған тобының 
пайда болуына жол бермейтіндей етіп бөлінуі керек;
- адам техникаға емес, техника адамға қызмет етуі қажет;
- кәсіпорында жұмыс істейтін, қызмет ететін адамдардың жақсы 
еңбек етуге деген тілегін оятып қана қоймай, олардың жауапкершілік 
сезімдерін де күшейту:
- экономиканың діннен айырмашылығы моральдық нормаларға 
емес, материалдық игіліктерді бөлуге бағдарланған, алайда ол 
қоғамдық мүдде тудыратын қолданыстағы нормаларға бағынуы 
керек.
Людвиг Эрхардтың кезінен бері белгілі болғандай, адамдардың 
әл-ауқаты дұрыс болуы үшін, нарықтық экономика да барлығына 
бірдей қажет.


202


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   144




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет