Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011



Pdf көрінісі
бет95/144
Дата21.12.2023
өлшемі4.22 Mb.
#487317
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   144
Нарық тетігі
Барлық дербес қабылданған шешімдерді үйлестіруді нарық тетігі 
жүзеге асырады. Оны нарықтың жүрегі деп атайды. Ол жекелеген 
шаруашылық субъектілердің шешімдерін бір-біріне қалай жеткізуді 
қамтамасыз етсе, әрі солай баға және бәсекелестік жүйелері арқылы 
оларды байланыстырады.
Баға тұтынушылардың да, өндірушілердің де нарықтағы 
жағдайы туралы ақпарат беретін дабыл сияқты. Ол шаруашылық 
жүргізуші субъектілердің жеке мүдделерін көздей отырып, өз 
таңдауларын «салыстыруға» мүмкіндік тудыратын маяк қызметін 
атқарады. Баға арқылы сансыз (саны көп деген мағынада – ауд.) 
жекелеген экономикалық шешімдер жиынтықталып теңгерімделеді.
Баға батыстық экономикалық әдебиеттерде ұйымдастырушы 
күш ретінде қарастырылады.
Нарықтық тетікте бәсекелестік айрықша рөл ойнайды. Ол жеке 
мүддені тежеп ұстайды, оны (жеке мүддені) қажетті тауарлардың 
қоғамдық өндірісіне бағыттап отырады. Бәсекелестік міндетті 
түрде шектеулі ресурстардың толық әрі тиімді пайдаланылуына 
жол ашады. Ол тұтынушыға қажетті өнімді де өндіретін әрі тауар 
өндірушілердің өзіне де пайда әкелетін салаларда жүзеге асады.
Пайдалылығы жоқ, яғни өзіне пайда түсіре алмайтын кәсіпорын 
сирек ресурстарды алу мүмкіндігінен айырылады.
Бәсекелестікті нарықтық экономикада негізгі реттеуші және 
бақылаушы күш деп атайды.
Нарықтың артықшылықтарына жататындар:
1) ресурстарды тиімді бөлу – нарық ресурстарды қоғамға қажетті 
тауар өндіретін өндіріске бағыттайды;
2) ақпараттар өте жеткіліксіз болғанда оның сәттілік тудыратын 
мүмкіндігі – баға және өндіріс шығындары туралы мәліметтердің 
өзі өндірістің, яғни кәсіпорынның белгілі бір бағыт алуына жетіп 


205
жатыр;
3) өзгерген жағдайға жоғары бейімділігі, икемділігі;
4) ЖТР (жаңа тауарлар, жаңа технология және т.б.) нәтижелерін 
ұтымды пайдаланады;
5) тұтынушылар мен кәсіпкерлердің еркін әрекет етуін және 
оларға таңдау еркіндігін тудырады;
6) әр қилы қажеттіліктерді қанағаттандыруда, тауарлардың 
сапасын көтеруде, теңсіздікті жылдам түзеуге қабілетті болады.
Нарықтың жағымсыз сәттері де бар. Оны абсолютті мінсіз 
етіп көрсетуге болмайды, өйткені нарықтық экономика тұтас 
экономиканың өзі емес қой. Оның жағымсыз жақтарына мыналар 
жатады:
- ұдайы өндірілмейтін ресурстарды сақтауға қабілетсіз болады;
- қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігіне ие 
болмайды; тек заң актілері ғана кәсіпкерлерді экологиялық жағынан 
таза әр қилы өнімдердің өндірісіне қаражат қосуға мәжбүрлейді;
- бүкіл адамзатқа тиісті ресурстардың пайдалануын реттей 
алмайды. Мысал ретінде мұхиттағы балықты айтуға болады;
- ұжымдық пайдалануға жататын, яғни ұжым пайдаланатын 
тауарлар мен қызмет өндірісінің ынталандыруын тудырмайды 
(жолдар, білім беру, денсаулық сақтау және т.б.);
- еңбек пен табыс құқығына кепілдік бермейді, табыстың қайта 
бөлісін қамтамасыз етпейді;
- нарықтық экономиканың көптеген көрсеткіштері ғылыми 
жетістіктерге тәуелді болса да, іргелі ғылыми зерттеулерді 
қамтамасыз етпейді.
Жоғарыда аты аталған мәселелерді шешу мемлекеттің айрықша 
құзіреті болып табылады.
Өнеркәсібі дамыған Батыс елдерінің осы заманғы нарықтық 
экономикасы былайша сипатталады:
- жаппай өндірістің тауарлары мол, белгілі бір сатып алушылар 
тобының қажеттіліктерін қанағатандыру қатаң бағыт алған, яғни 
алдыңғы қатардағы мәселе болып табылады;
- тұтынушылардың ең күрделі сұрау салуына, яғни 
тұтынушылардың ең биік деңгейдегі талғамына жауап бере 
алатындай өндіріс бейімділігі, икемділігі тән;
- фирманың мақсатты қызметі өзгеріп тұрады. Фирма өзінің 
қатаң бәсекелестікке төтеп бере алатын қабілетін сақтау үшін 


206
мыналарға мүдделі: нарықты кеңейту, нарықты түрлендіру, өнім 
сапасын арттыру және шығынды азайту;
- кәсіпкерлік қызметтің формалары өзгеріп отырады. (Шағын 
бизнес – икемді, ұтқыр, тұтынушылардың сұрау салуына қарай 
жылдам әрекет ете алады);
- осы заманғы нарықтық экономикада фирманың меншігі 
мен басқару ісіне жалдамалы жұмысшыларды қатынастыруды 
ұйғаратын жаңа типті еңбек қатынастары қалыптасып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   144




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет