Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011



Pdf көрінісі
бет12/144
Дата21.12.2023
өлшемі4.22 Mb.
#487317
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   144
Стратегиялық басқарудағы 
сараптаудың әртүрлілігі.
Бұл талдау кәсіпорынның өз ресурстарын және мүмкіндіктерін 
кешенді түрде қарастырады. Бұл бизнестің ағымдағы жағдайына, 
оның күшті және әлсіз жақтарын, стратегиялық мәселелерін 
анықтайды. Кәсіпорынның қызметінің басқарушылық талдауын 
жүргізу үшін, оның негізінде мынандай методологиялық қағидалар 
жатуы тиіс:
- жүйелі тәсіл;
- кешенді талдау қағидасы;
- сараптаулық қағидасы;
- салыстырмалы талдау қағидасы;
- ерекшелікті есепке алу қағидасы.
Басқарушылық талдаудың жалпы мазмұнына мынандай 
мәселелер кіреді:
- басқарушылық талдаудың әдісі, қағидаты және мақсаты;
- кәсіпорынның стратегиялық ресурстарын және қызмет аясын 
анықтау. Кәсіпорынның бәсекелестік артықшылықтары;
- басқарушылық талдаудың құрылымын анықтау мүмкін-
діктерінің тәсілі;
- басқарушылық талдаудың проблемалары, кәсіпорынның 
стратегиясын әзірлеу.


30
 Портфельдік талдау
Профилдік стратегия – ол ұйымның шаруашылық 
ететін аймағының стратегиялық қызметтерінің жиынтығын 
қалыптастырудағы қабылдайтын басқару шешім. Оның нәтижесі 
болып бірқатар бәсекелестік стратегиялардың ұйымдастық өзара 
қатысы саналады.
Профилдік стратегия, И. Ансоффтің пікірі бойынша, негізгі төрт 
компоненттерді қамтиды:
1) болашақ қызмет салаларының бағыттары мен мөлшерін 
анықтайтын жағрафиялық өсу векторын;
2) әртүрлі қызмет салаларында пайдаланылатын бәсекелік 
артықшылықтарды;
3) әртүрлі қызмет салалар арасында синергизм (біріккен іс-
қимыл) пайда болады; 
4) әртүрлі қызмет салалары арқылы іске асатын стратегиялық 
иілмелікті. 
Ансофф матрицасы мен үш мөлшерлі Абель сызбасы портфельдік 
стратегияда ерекше орын алады. Бұл үлгі үшін төмендегідей негізгі 
ұстанымдар ұсынылады: 

қызметті жетілдіру стратегиясында төмендегідей баламалы 
өсу болады: тауарды жаңа пайдаланушыларды тарту арқылы ең 
алғашқы өсуді дамыту; бәсекелес фирмалардың тұтынушыларын 
тарту арқылы рыноктың үлесін өсіру; бәсекелес фирмалардың 
рыноктарын қосып алу болмаса сіңірушілік жолымен иелену; 
рынокта функционалдық маркетингті дамыту арқылы өз ахуалын 
қорғау; рынокты тиімді пайдалану және оны табысты рыноктік 
сегменттерге бейімдеу. Сатудың тиімділігін арттыру. 

тауарлық экспансия – сатуды ұлғайту мақсатымен жаңа 
тауарлар болмаса бұрынғы тауарларды жетілдіру стратегиясын 
әзірлеу;

нарықтың даму стратегиясы болмаса нарықтық экспансия – 
жаңа тауарларды, рыноктарды, жаңа сегменттерді іздестіру;

әртараптандыру стратегиясы өнімдердің жаңа түрлерімен 
қатар жаңа рыноктарды игеруді әзірлеуді талап етеді. 
Д. Абель бизнес саласында үш мөлшерлі өлшеуді ұсынды:
1) сатып алушылар тобына қызмет ету (кім?);
2) сатып алушылардың қажеттері (сұранысы не?);
3) өнімді өндіруде және әзірлеуде пайдаланатын технология 


31
(қалай?).
Жалпы алғанда портфельді талдау – ол кәсіпорын басқармасының 
сайманы ретінде қолданылады және шаруашылық қызметін 
бағалайды. Сонымен қатар ол қаражатты ең табысты болмаса 
болашағы бар бағыттарға салуды көздейді. Аталмыш мәселелерге 
байланысты И. Ансоффтың ұсыныстарына көңіл аудармауға 
болмайды. Олар: 

бірде-бір компания технологияның көнеретінен, сұраныстың 
көптігі және әлеуметтік-саясаттық өзгерістердің қауіпті екенін 
сезінеді; 

кейбір салаларда тұрақты түрде қадағалап отыратын 
жағдайлар бар – стратегиялық қауіптердің және сыртқы ортада 
жаңа мүмкіндіктердің пайда болуы; 

барлық компаниялар оқтын-оқтын өздерінің стратегиялық 
портфельдерін қайта қарап отырулары тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   144




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет