Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011


Генри Минцбергтің стратегиялық анықтамалары



Pdf көрінісі
бет8/144
Дата21.12.2023
өлшемі4.22 Mb.
#487317
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   144
Генри Минцбергтің стратегиялық анықтамалары
Ол стратегияның бес түрлі анықтамасын ұсынады: біріншіден, 
стратегия дегеніміз жоспар-болжау негізінде жасалған болашақтағы 
нәтиже, нысана, бағыттар. Осы тұрғыдан алғанда жоспар дегеніміз 
басынан аяғына дейін бақылауға алынатын, алдын ала белгіленген 
іс-қимыл. Екіншіден, ол тактикалық әдіс, бәсекелестік додасындағы 
ерекше айлакерлік. Жалпы алғанда ол қысқа мерзімдік стратегия, 
өте шектеулі мақсаттарымен сипатталады және қажет болған кезде 
өзгертуге болады. Үшіншіден, ол бет алыс қағидасы. Нақтылы үлгі 
арқылы іске асырылады. Бұл қалыптасқан бет алысқа байланысты 
өзгерістер енгізу стратегиясы. Төртіншіден, ол нақты нарықтағы 
бағаларға қараған көзқарас. Бесіншіден, ол ұйымның үлкен 
болашағы. 
Осы берілген анықтамалар шеңберінде стратегияның үш 
компонентін бөліп көрсетуге болады: ұзақ мерзімді негізгі 
мақсаттарды анықтау; іс-қимыл бағамын қабылдау және ресурстарды 
орналастыру. 
Жоғарыда берілген анықтамаларға қарағанда, стратегия - көп 
мағыналы және көптеген функцияларды атқаратын басқару әдісі. 
Басқару тәжірибесінде, әсіресе жоспарлауда, ұдайы қолданылатын 
құрал. 
Басымдықтар
Ұйым өзінің ұзақ мерзімді болашақта әрекет етуін қалай 
қамтамасыз ете алады, өзінің міндеттерін орындауы үшін оған не 
тән болуы қажет? Бұл сұрақтың жауабы айдан анық: ұйым тұрақты 
сатып алушылары болатын өнімді шығаруы қажет. Біріншіден, 
өнім сатып алушыға қызықты болуы соншама, ол ақшасын осы 
үшін беруге дайын тұрады, екіншіден, ол сатып алушыға басқа 


22
фирмада өндірілетін, тұтынушылық сапасы бойынша ұқсас, өнімге 
қарағанда қызықты. Олай болса, фирма өз өнімінің бәсекелестік 
басымдылығы бар болған жағдайда ғана тіршілік етіп, дамиды. 
Бәсекелестік басымдылықтарды стратегиялық басқару жасайды. 
Бәсекелестік басымдылықты жасау және ұстап қалу мәселесін 
қарастыру нарықтық ортаның үш субъектісінің қарым-қатынасын 
және сәйкесінше өзара әрекеттестігін талдауды ұйғарады. 
Бірінші субъект – нақты өнімді өндіретін «біздің» фирма. Екінші 
субъект – осы өнімді сатып алатын және сатып алмайтын алушы 
адам. Үшінші субъект – бұл «біздің» фирмамен өндірілетін өнім 
сияқты сатып алушының осы қажеттігін қанағаттандыра алатын 
өзінің өнімін оған сатуға дайын бәсекелестер. Бұл нарықтық 
«сүйіспеншілік» үшбұрышында сатып алушы басты тұлға болып 
саналады. Сондықтан да өнімінің бәсекелестік артықшылығы – бұл 
осы өнімді сатып алуға түрткі болатын тұтынушы үшін өнімдегі 
бағалылық. Бәсекелестік басымдылық «біздің» фирманың өнімін 
бәсекелестердің өнімімен салыстырудан пайда болуы мүмкін. 
Нарықта бәсекелес өнімді ұсынатын фирмалар жоқ болса да «біздің» 
фирмамыздың өнімі сатылмайды. Бұл оның сатып алушылар үшін 
жеткілікті бағалығы немесе бәсекелестік басымдылығы жоқ екенін 
білдіреді. 
Бәсекелестік басымдылықтарды нені қалыптастырады? Бұл 
үшін екі мүмкіндік бар деп есептеледі. Біріншіден, бәсекелестік 
басымдылықтарды өнімнің өзінде болуы мүмкін. Өнімнің 
бәсекелестік басымдылығының бір түрі – бұл оның баға сипаты. 
Сатып алушы көбінесе тауарды ұқсас тұтынушылық қасиеттері 
бар тауарларға қарағанда бағасы арзан болғандықтан сатып алады. 
Кейде өнім өте арзан болғандықтан сатылып кетеді. Мұндайда 
сатып алушы үшін өнімнің тұтынушылық пайдалылығы жоқ болса 
да алады. 
Бәсекелестік басымдылықтардың екінші түрі – дифференциация. 
Бұл жағдайда сатып алушы үшін оны тартымды ететін ерекше 
өзгешеліктерге ие болатын өнім туралы сөз болады. 
Дифференциация өнімнің тұтынушылық (пайда әкелетін) 
сапаларымен (сенімділік, қолданудың қарапайымдылығы, жақсы 
функционалдық сипаты және т.б.) байланысты болуы міндетті емес. 
Оған пайда әкелетін тұтынушылық қасиеттерге ешқандай қатысы 
жоқ сипаттамалар есебінен жетуге болады, мысалы, марка.


23
Екіншіден, фирма өнімде бәсекелестік басымдылықты 
жасаудан басқа, оның нарықтағы орнын, өз өнімінің бәсекелестік 
басымдылығын жасауға әрекет ете алады. Бұл сатып алушыны 
тағайындау есебінен немесе басқаша айтқанда, нарық бөлігін 
монополизациялау есебінен жеткізіледі. Мұндай жағдай нарықтық 
қатынастарға қарсы келеді. Себебі мұнда сатып алушы таңдау 
мүмкіндіктерінен айырылады. Алайда айқын тәжірибеде көптеген 
фирмалар өзінің өнімі үшін осындай басымдылықты жасауға емес, 
сондай-ақ оны жеткілікті ұзақ ұстап қалу сәтті болады. 
Стратегиялық басымдылықтарды жасаудың үш стратегиясы бар. 
Бірінші стратегия – бұл бағадағы жетекшілік. Бұл стратегия кезінде 
өнімді жасау мен өндіру кезінде фирманың назары шығындарда 
болады. Баға басымдылықтарын жасаудың негізгі көздері мыналар:
жиналған тәжірибе негізінде істі тиімді жүргізу;

өндіріс көлемінің өсу кезінде өнім бірлігіне шығынды 
төмендету есебінен масштабта үнемдеу;

әр түрлі өнімдерді өндіру кезінде пайда болатын синергиялық 
әсер есебінен шығындарды төмендету нәтижесі ретінде әр түрлілікті 
үнемдеу;

жалпы фирмалық шығындардың төмендеуіне мүмкіндік 
беретін ішкі фирманың байланыстарын оңтайландыру;

таратушы желілер мен жеткізу жүйесін интеграциялау;

уақытында фирманың қызметін оңтайландыру;

жергілікті ерекшеліктерді пайдалану есебінен шығындардың 
төмендеуіне жетуге мүмкіндік беретін фирманың қызметін 
географиялық орналастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   144




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет