257
немесе олардың кешігіп түсуі;
б) басқару қателіктерін қанағаттандыруға тиісті деректердің
шамадан тыс көптігі, олармен басқару жүйелерінің жолдарын
басқару органдарының өткізгіштік қабілетінің артық көлемдерде
асыра толтыру, деректердің құндылығына қарай жеткілікті түрде
таңдап алынбауы.
Біз жоғарыда атап өткендегідей деректер пайдалы ақпарат
болуы үшін үш қабатты сүзгіштен өтіп, табиғи, семантикалық және
прагматикалық шуылдан арылуы тиіс. Ақпарат жүйесінің
басты
міндеті басқарудың байланыстық (коммуникациялық) тармағының
барлық бөлімдеріндегі барлық түрдегі шуыл дәрежесін кең күйге
жеткізу болып табылады. Сондықтан, бұл жүйелер құрамында
шуылдарды жоюды қамтамасыз ететін құралдар жасалуы тиіс.
Бұл біріншіден, басқару міндеттері мен олардың арасындағы
байланысты зерттеп білу. Міндеттерге сәйкес, оларды шешу үшін
шын мәніндегі керекті мәліметтерді таңдап алу қажет.
Осы жұмыстың нәтижесі басқару жүйесіндегі ақпарат
тасқындарының сызбасы немесе ақпараттық үлгі дейтін,
сондай-
ақ ақпарат тасқындарының бағытын, көлемін, уақытша режимін
және басқа сипаттамаларын тәртіптеп отыратын ережелер мен
нұсқаулардың жиынтығы болуы қажет.
Екіншіден, басқару міндеттерін шешу кезінде ескерілетін
барлық факторларға бірдей сандық сипаттама беретін көрсеткіштер
жүйесін жасап шығару, өзара
байланысты көрсеткіштердің
салыстырмалылығын қамтамасыз ету, оларды алудың және
дұрыстығын тексерудің әдістерін жасап шығару қажет.
Көрсеткіштердің салыстырмалылығын қамтамасыз ету үшін,
барлық бөлімшелер үшін бірыңғай, өзара байланысты жіктемелер
мен мен атау тізімдер жасауға тиісті.
Үшіншіден, деректерді жинау, өңдеу, сақтау және жеткізу
технологиясын жасау, бұл үрдістерді қажетті техникалық
құралдармен
жарақтандыру, қызметкер кадрларын іріктеу және
оларды үйрету, деректердің шығу көзінен бастап пайдаланушыларға
дейінгі жүретін технологиялық үрдістің барлық сатысына бұл
қызметкерлердің араларында міндеттерді тиімді түрде бөліп беру
керек.
Сонымен, шектеле келіп біз ақпарат жүйесін жасап шығару
кезінде не істелуге тиіс екенін оқып білдік.
258
Енді мұны қалай істеу керек деген сұрақ туады. Бұл сұраққа
жауап беру – ақпарат жүйесін жетілдіруде
қандай қағидаларды
басшылыққа алу керектігін, жұмыстардың бір ізділігі қандай болуы
тиіс, және олар қандай әдістермен орындалуы керек екендігін айту
деген сөз.
Ақпарат жүйесін жасаудағы бірінші қағида –
жүйелік тәртіп.
Бұл жердегі оның мәнісі – ақпарат жүйесінің басқару қызметтерімен
және ұйымдастыру құрылымын жетілдірумен ғана өзара байланыста
құрыла алатындығында. Ал мұның өзі мынадан шығады: басқару
міндеттері мен оларды шешу әдістерінің кез келген өзгерісі белгілі
бір мөлшерде ақпаратқа деген сұраныс өзгерісін туғызады, ал
құрылымында өзгерістердің болуына байланысты ақпараттық
тасқындардың бағыттары мен қарқындылығы өзгеруге тиісті.
Екінші қағидасы –
даму қағидасы.
Жалпылама басқару жүйесін және оның ішінде ақпарат жүйесін
ешқандай да күрт, әрі кенеттен, өзгеріске ұшырауға болмайтындығын
басшыға әдейі дәлелдеп жатудың керегі жоқ. Өзгерістердің терең
болуы мүмкін, бірақ өндіріс қарқынынан айырылып қалмауы үшін
өзгерістер біртіндеп болуы керек. Қайтадан құру кезеңі арқылы
өтуге тиісті. Ал даму қағидасының мәні де осында. Ал бұдан да
дәлірек айтсақ, бұл
қағида бойынша жаңа ақпарат жүйесін құру
дегеніміз – бұрын өмір сүріп келе жатқан жүйені жоспарлы түрде
жетілдіру болып шығады.
Үшінші қағида – тиімділік.
Достарыңызбен бөлісу: