263
жұмысшыны дер кезінде ескертпесе ұйым күйзелуі мүмкін.
Сондықтан
басшылар ойланып, қарастырылмаған шешімдерді
қабылдай алмайды. Басшының іс-әрекетін неғұрлым ұтымды
және жүйелі түрде түсіну үшін жалпылама шешім қабылдау, оның
басқару үрдісімен қарым-қатынас және ұйымдық шешімдердің
мінездемелеріне тоқталу қажет.
Коммуникациялық шешім
сияқты шешім қабылдау да
басқарудың барлық аспектілерінен орын алады.
Профессор Фрэнк Харрисон былай деген: «Шешімдер қабылдау
– бұл кез-келген бағыттағы басқарудың интегралдық бөлігі».
Шешім қабылдау бейнесінде Минцберг басшының төрт кейіпте
болатынын атап көрсеткен. Кәсіпкер, жұмыстағы жауапкершіліктің
бұзылуын жөндеуші, ресурстарды бөлу маманы және келісімдерді
жүргізуші маман.
Әрбір басшы маман осы бейнелер арқылы өз жұмысын
толықтырып отырады.
Әрбір басқару қызметі (функциясы) өмірде жүзеге асыруды
талап ететін жалпылама, тіршілікке қажетті маңызды шешімдермен
байланысты.
Олардың кейбіреулері төменгі кестеде көрсетілген:
Жоспарлау
1. Сіздің бизнесіңіздің табиғаты қандай және оның жоғарғы
мақсаты неде?
2. Сіздің мақсатыңыз қандай болуы керек?
3. Сыртқы ортада қандай өзгерістер болуы мүмкін және олар
ұйымдарға қалай әсер етуі мүмкін?
4. Қойылған мақсатқа жету үшін қандай стратегияны немесе
тактиканы таңдап алу керек?
Қызметті ұйымдастыру
1. Ұйым жұмысын қандай үлгіде құру қажет? Орындалған
жұмыстардың одағын мақсатқа сәйкес қалай кеңейту қажет?
2. Бұл одақтың қалай жұмыс істеуін үйлестіру керек?
3. Жетекшілерге және ұйымдардың мүшелеріне қандай
қабылдаған шешім сенімді?
4. Сыртқы орта өзгерісіне байланысты ұйым құрылымын
өзгерту қажет пе?