Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011



Pdf көрінісі
бет131/144
Дата21.12.2023
өлшемі4.22 Mb.
#487317
түріОқулық
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   144
Бақылау – басқарудың функциясы
Кәсіпорындағы бақылау барлығы да қабылданған бағдарламаға, 
берілген бұйрықтарға және белгіленген қағидаларға сәйкес екендігін 
тексеру болып табылады.
Оның мақсаты – түзеу мен алдағы уақытта қайталанбауы үшін 
қателер мен жаңылысуларды атап өту.
Бақылау әр түрлі тұрғыдан бағаланады.
Әкімшілік тұрғысынан бағдарлама бар екендігіне, оның 
орындалып және уақыт шартына сай түзетіліп жатқандығына көз 
жеткізу керек.
Коммерциялық жағынан алғанда – кіретін және шығатын 
материалдар сан, сапа және кұн бойынша дәлме-дәл 
бағаланатындығына, жабдықтау жолға қойылғандығына және т.б. 
көз жеткізген жөн.
Техникалық жағынан – операция барысын, олардың 
нәтижелерін, ерекшеліктерін, уақтылы жөндеуді, қызметкерлер мен 
машиналардың жұмыс істеуін қадағалау қажет.
Қаржылық жағынан – бұхгалтерлік кітап пен касса, ресурстар 
мен қажеттіліктер, қорларды пайдалану және т.б. бақыланады.
Сақтандыру тұрғысынан мүлік пен адамды қорғау шаралары 
дұрыс жүргізіліп жатқандығына көз жеткізу қажет.
Есептік тұрғыдан алғанда, құжаттар тез атқарылатындығын, 
олардың кәсіпорын жағдайын толық бейнелейтіндігін және 
ешқандай пайдасыз құжаттар немесе статистикалық мәліметтер 
кездеспейтіндігін анықтаған жөн.
Бақылау пәрменді болуы үшін оны уақтылы өткізу керек.
Бақылау – ұйымның өз мақсаттарына жетуін қамтамасыз ететін 
үрдіс.


289
Ол белгісіздік, алмағайып жағдайларда ерекше маңызды. 
Жасалатын жоспарлау мен межеленетін ұйымдастыру құрылымдары 
– басшылықтың алдағы уақытта көргісі келетін көріністері 
ғана. Шын мәнісінде көптеген сан қилы жағдай ойланған істің 
жүзеге аспауына кедергі келтіруі мүмкін. Заңдардың, әлеуметтік 
құндылықтардың, технологияның, бәсеке жағдайларының және 
қоршаған ортаның өзге де өзгермелі шамаларының өзгеруі 
қалыптасқан шағында жүзеге асатындай жоспарларды біраз 
уақыттан соң мүлдем қол жетпейтіндей етуі мүмкін.
Басқару тұрақты түрде болып тұратын тағы бір фактор – кез 
келген ұйымдағы жұмыстың көбін атқаратын адамдар. Адам 
компьютер емес. Оларды мүлтіксіз дәлме-дәл орындалатын міндетке 
бағдарлауға болмайды.
Бақылау функцияларының бірі – дағдарысты ахуалдың пайда 
болуын болдырмау. Фирманың (кәсіпорынның) басы-қасында 
жүрген кәсіпкерлер бақылау функциясының маңыздылығын 
түсінгені абзал. Ал бақылау функциясы – мәселелерді анықтап
ұйымның іс-әрекетін соған орай бұл мәселелер дағдарысқа айналмай 
тұрып, түзетуге мүмкіндік береді.
Осыған орай, ұйым қызметінің нақ қай бағыты жалпы мақсатқа 
жетуге – табысты қолдауға ең тиімді мүмкіндік туғызғанын анықтау 
бақылаудың басты аспектілерінің бірі болып табылады.
Ең алдымен, бақылаудың басты ерекшеліктерінің бірі – ол 
бәрін қамтитындай болуы тиіс екендігін ескерген жөн. Бақылау тек 
қана менеджердің айрықша құзыреті емес. Әрбір басшы бақылау 
жұмысын атқаруға тиіс.
Жоспарлауды да, ұйымдық құрылымды құру да, мотивацияны 
да бақылаудан мүлдем бөлек деп қарастыруға болмайды. Шынында, 
іс жүзінде бұлардың барлығы осы ұйымдағы бақылаудың жалпы 
жүйесінің ажырағысыз бөліктері болып табылады.
Бақылаудың үш негізгі түрі бар: алдын ала, ағымдағы және 
қорытынды. Жүргізілу түрі бойынша бұлардың барлығы ұқсас, 
өйткені бір мақсатты көздейді, тек атқарылу уақыты жағынан ғана 
өзгешеленеді.
Алдын ала бақылау. Бақылаудың бұл түрінің негізгі құралдары 
белгілі бір ережелерді, рәсімдерді (процедураларды) және 
мінез-құлық, тәртіп жүйесін жүзеге асыру (иә, нақ жүзеге асыру, 
құру емес). Ұйымдарда алдын ала бақылау үш басты ауқымда 


290
– адам, материалдық және қаржылық ресурстарға байланысты 
қолданылады.
Адам ресурстары ауқымындағы алдын ала бақылауға атқарушыға 
аса қажетті іскер және кәсіби білім мен дағдыларды талдау арқылы 
қол жетеді. Көптеген ұйымдарда адам ресурстарын алдын ала 
бақылау оларды оқыту курсы барысында жалдаған соң да жалғаса 
береді. Алдын ала оқыту курсы жалданған еңбеккерлердің тиімді 
жұмыс істеу ықтималдығын арттырады.
Жоғары сапалы (бәсекеге мүмкіншілікті) өнімді нашар 
шикізаттан жасау мүмкін емес. Сондықтан, өнеркәсіп фирмалары 
өздері қолданатын материалдық ресурстарға (сапа стандарттарын 
жасау, заттай тексеру, қорларды қамтамасыз етуге және т.б.) міндетті 
түрде алдын ала бақылау орнатады.
Қаржы ресурстарын алдын ала бақылаудың маңызды құралы 
жоспарлаудың міндетті қызмет аясын жүзеге асыруға мүмкіндік 
беретін бюджет (ағымдағы қаржылық жоспар) болып табылады. 
Бюджеттер шығындардың шекті мәнін белгілейді және солайша 
қайсыбір бөлімге немесе ұйымға өзінің қолма-қол қаражатын түп-
түгел түгесуге мүмкіндік бермейді.
Ағымдағы бақылау жұмыс жүргізу барысында тікелей 
жүргізіледі. Бағыныштылардың жұмысын жүйелі түрде тексеру, 
жұмысты жетілдіру жөніндегі ұсыныстар мен пайда болған 
проблемаларды талқылау межеленген жоспар мен нұсқаулардан 
ауытқуды болдырмауға мүмкіндік береді.
Ағымдағы бақылауды жүзеге асыру үшін басқару аппаратына 
кері байланыс қажет.
Кері байланыс жүйесі басшылыққа көптеген болжанбаған 
мәселелерді айқындап, өзінің мінез-құлық, тәртіп жүйесін түзеуге 
мүмкіндік береді.
Кері байланыс жүйесінің көмегімен бақылау ұйымды басқару 
теориясын табу болып саналмайды. Мұндай жүйелер – табиғаттың 
ең кең таралған құбылыстарының бірі.
Барлық тірі организм тіршілік ету үшін кері байланыс негізіндегі 
бақылау жүйесін қолданады (t
0
– 36,6).
Кері байланысты ұйымдастыру жүйелерінің мынадай құрылымы 
бар:
1. Мақсаттың болуы.
2. Сыртқы ресурстарды пайдалану.


291
3. Сыртқы ресурстарды ішкі пайдалану үшін өзгерту, 
түрлендіру.
4. Белгіленген мақсаттардан едәуір ауытқуларды тексеру.
5. Мақсатқа жетуді қамтамасыз ету үшін бұл бұрмалауларды 
түзеу.
Басшы-менеджер бұл жүйеге жүйелі түрде ықпал жасайды, 
оның мақсаттарына да, жұмысына да өзгерістер енгізеді. Басқаруда 
дәл сондай ашық типтегі жүйелер қажет, өйткені ұйымға көптеген 
өзгермелі шамалар әсер етеді.
Қорытынды бақылау. Қорытынды бақылау төңірегінде 
кері байланыс жұмыс орындалған соң ғана қолданылады. Не 
бақыланатын қызмет біткен соң бірден, не болмаса алдын ала 
белгіленген уақыт кезеңі өткен соң іс жүзінде алынған нәтижелер 
талап етілетіндермен салыстырылады.
Профессор Уильям Нъюменнің пікірінше, қорытынды 
бақылаудың екі функциясы бар.
1. Олардың бірі – бақылау, ұқсас жұмыстарды болашақта жүргізу 
деп болжанса, жоспарлауға қажетті ақпаратты басшылықтың 
ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Іс жүзінде алынған және талап 
етілетін қорытындыларды салыстыра келе, басшылық жасаған 
жоспарлардың қаншалықты шынайы екендігін жақсырақ бағалау 
мүмкіндігіне ие болады.
2. Қорытынды бақылаудың екінші функциясы – туғызу. Егер 
ұйым басшылығы мотивациялық марапаттауларды нәтижеліліктің 
белгілі бір деңгейіне жетумен байланыстырса, онда бәлкім, іс 
жүзінде жеткен нәтижелілікті объективті түрде дәл өлшеу керек.
Бақылау процедурасында анық ажыратылатын үш кезең бар:
- стандарттар мен белгі-өлшемдерді (нақты мақсаттарды) жасау;
- жеткен нәтижелерді белгіленген стандарттармен салыстыру 
(болуға болатындай ауытқулар ауқымын болдырмау жүйесі – 
бақылау жүйесі стандарттардан айтарлықтай ауытқу болғанда ғана 
жұмыс істеуі тиіс);
- қажетті түзету іс-әрекетін жасау.
Менеджер мінез-құлық, тәртіптің үш желісінің бірін таңдауы 
тиіс:
- ешқандай әрекет жасамау;
- ауытқуларды жою;
- стандартты қайта қарау.


292
Тиімді бақылаудың сипаттамасы:
- стратегиялық бағытталу (ұйымның жалпы басым бағыттарын 
көрсету мен оларды қолдау);
- нәтижелерге орай бағдарлану (ақпарат жинау, стандарттар 
белгілеу мен кемелді мәселелерді анықтау);
- іске сәйкес болу (бақыланатын қызмет түріне сәйкес болу);
- бақылаудың дер кезінде жүргізілуі;
- бақылаудың икемділігі;
- бақылаудың қарапайымдылығы;
- бақылаудың үнемділігі;
- халықаралық деңгейдегі бақылау (ұйым шет елдерде өзінің 
бизнесін жасаған кезде).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   144




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет