Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011


Нәтижелі жетекші және жағдайлық тәсілдер



Pdf көрінісі
бет128/144
Дата21.12.2023
өлшемі4.22 Mb.
#487317
түріОқулық
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   144
Нәтижелі жетекші және жағдайлық тәсілдер
Басқарушылық нәтижелігінің феноменін ертерек түсіндіру 
әрекеті басқарушының тәртібінің бір параметріне көңіл бөледі, 
яғни қойылған міндетке бейімделе білу. Ал, өте кеш зерттелген 
жұмыстар басшының тәртібіне көңіл бөлуді қарастырған, бірақ 
басқадай айнымалыларды ескермеген.
Фидлердің моделі теорияның ары қарай дамуына үлкен үлес 
қосты. Ол модель жағдайға көп көңіл бөліп, басшының тәртібіне 
әсер ететін үш факторды айқындап берген.
Басшының тәртібіне әсер ететін факторлар:
1. Басқарушы мен ұжым мүшелерінің арасындағы қарым-
қатынас. Мұнда бағынушыларының көрсететін сыйластық 
қатынастарын, өздерінің басшыларына деген сенімділігін және 
басшының бағынушыларға жеке тұлға ретінде тартымдылығын 
түсіндіреді;
2. Міндеттің құрылымы – дағдылы міндеттерді түсіндіруі, 
оның дәл тұжырымдалуы мен құрылымдылығы;
3. Лауазымды өкілеттілік. Бұл – заңды биліктің көлемі, 
ол басқарушының марапаттауды қолдану мүмкіндігі – оның 
қызметімен байланысты және де ресми ұйымның басшыға 
көрсететін қолдауының деңгейін көрсетеді.
Әр жағдайға өзінің басқару стилі сәйкес келгенімен, өзгенің 
басқару стилі толығымен тұрақты болып қалады деген ойды Фидлер 
атап көрсеткен.
Фидлердің ұйғаруы бойынша, адам өзінің басқару стилін 
жағдайға бейімдей алмайды, яғни ол кезде басшыны тұрақты басқару 
стиліне сәйкес келетін жағдайларға орналыстыруын ұсынады.
Бұл басшының жеке қасиеттерімен, сол жағдайға ұсынылған 
талаптардың арасындағыларға тиісті теңгеріммен қамтамасыз етеді, 
ал мұның өзі жоғары өнімділік пен қанағаттанарлыққа әкеледі.
Басшы мен ұжым мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас 
жақсы және жаман болуы мүмкін, міндеттері құрылған және 
құрылмағанда болуы мүмкін, ал басшының лауазымды өкілеттілігі 
үлкен және кіші болуы мүмкін. Осы үш өлшемнің әр түрлі байланысы 
сегіз әлуетті басқарушылық стилін беруі мүмкін.
Фидлердің моделі де кемшіліксіз болмаған, бірақ ол болашақ 
басқарудағы жағдайлық тәсілдің негізін қалаған.
Тағы да бір лидерліктің жағдайлық моделін, Фидлердің 


281
моделіне көп ұқсас және де күту теориясына да көп ұқсастығы 
бар, мотивацияға да қатынасы бар модельді Теренс Митчел мен 
Роберт Хаус жасап шығарған. Олардың «жол-нысана» деп аталған 
тәсілдері басқарушы жағдайға байланысты қажетті басқару стилін 
қолдануды ұсынды.
Бұл теория сол ықпалға түсунішілік беруге тырысады.
Мотивацияға ықпал еткен басшының тәртібін – бұл теория 
түсіндіруге тырысады, яғни бағынушылардың қанағаттылығы мен 
еңбек өнімділігі. Бұл тәсілге сүйене отырып басшы бағынушыларды 
ұйымның мақсатына жетуіне түрткі болуы мүмкін, яғни осы 
мақсаттарға жетудің жолына әсер етуі.
Осы әдістердің көмегімен басшы көздеген мақсаттарының 
тәсілдеріне немесе жолдарына әсер етуі мүмкін:
1. Бағынушыдан күтетін нәрсенің түсініктемесі.
2. Бағынушыны қолдап, оларды өздерін еркін ұстауы қажет.
3. Бағынушылардың күш-жігерін көздеген мақсатқа жетуге 
бағыттау.
4. Басшының қол астында тұрған және ол қанағаттандыра 
алатын қажеттіліктерді бағынушыларға жасау.
5. Мақсатқа жеткеннен кейін бағынушылардың қажеттілігін 
қанағаттандыру.
Бастапқы кезде Хаус өз моделінде басқару стилінің екі түрін 
қарастырған: қолдау стилі және инструментальды стиль.
Қолдау стилі – адамға бағытталған немесе адамгершілік 
қатынастар стилімен теңбе-тең. Инструментальды стиль – жұмысқа 
немесе міндетке бағытталған стильмен теңбе-тең.
Кейінірек Хаус тағы да екі стильді қосты:
- шешім қабылдауға қатысатын бағынушыларды көтермелеу 
стилі;
- жетістікке бағытталған стиль.
Қатысуды көтермелейтін стильде, басқараушы өзінде бар 
ақпаратпен бағынушылары арасында бөлісіп және идеялары 
мен мақсаттауын, олардың бүкіл топ болып шешім қабылдауына 
қолдауын сипаттайды. Кеңес беруге күшті акцент жасалады.
Жетістікке бағытталған стиль – бағынушыларының алдында 
едәуір шиеленіскен мақсат қою мен және олар өздерінің толық 
мүмкіншіліктерімен жұмыс жасайтынын күтуі сипатталады.
Жағдайға көбірек сәйкес келетін басқарушылық стилі – екі 


282
ахуалдық факторға тәуелді болады: бағынушылардың жеке өзіндік 
қасиеті; сыртқы орта жағынан талап ету мен әсер ету.
Бағынушыларда өзін өзі сыйлау мен қатарда болу қажеттілігі 
байқалғанда қолдау стилі, яғни, адамға бағытталған немесе 
адамгершілік қатынасқа ең дәл келетін стиль болады.
Егер бағынушыларда автономиялар мен өзінше жеткізуде үлкен 
қажеттілік бар болса, онда олар инструментальды стильді қалайды.
Басқа өзіндік жеке сипаттамасы сәйкес келетін басқару стилін 
таңдауға әсері – бағынушылардың сенімі болып табылады, 
яғни олардың сыртқы ортаға әсер ету қабілетінің бар екендігі. 
Бихевиорист ғалымдар бұл сипаттаманы «бақылау пункті» деп 
атайды.
Өздерінің айналаға әсер ететініне сенетін бағынушылар мынадай 
басқару стилін қалайды, яғни бағынушылардың шешім қабылдауға 
қатысуын түсіндіретін стильді қалайды. Ал, айналада болып 
жатқанға нашар әсер ететін бағынушылардың санауы бойынша, 
олар авторитарлы немесе инструментальды стильды қалайды.
Фидлердің моделі сияқты бұл тәсіл де қосымша зерттеуді талап 
етеді.
Поль Херси мен Кен Бланшар жетекшіліктің жағдайлық 
теориясын зерттеп шығарған. Олар оны «Өмірлік цикл» теориясы 
деп атаған.
Осыған байланысты жетекшілік стильдің нәтижелігі – 
орындаушының білімділігіне байланысты.
Жеке адамдар мен топтардың білімділігі өзінің тәртібіне 
деген жауапкершілікті алып жүру қабілетін, алға қойған мақсатқа 
жетуді армандау және де білім мен тәжірибеге деген нақты міндет 
қатынасының орындалуын түсіндіреді.
Орындайтын міндетіне байланысты жеке адамдар мен топтар әр 
түрлі білімділік деңгейін көрсетеді. Басшы жеке адамдардың немесе 
топтардың салыстырмалы білімділігіне байланысты өзінің тәртібін 
де ауыстырып отыруы мүмкін.
Авторлар орындаушының нақты білімділік деңгейіне сәйкес 
келетін лидердің төрт стилін атап көрсеткен: нұсқау беру; сату; 
қатысу; бөлу.
Бірінші стиль, басшының үлкен дәрежесін міндетке бағыттап 
және азын адамгершілік қатынасқа үйлестіруін талап етеді. Бұл 
стиль – «нұсқау беру» деп аталады, ал ол төменгі деңгейлі білімділігі 


283
бар бағынушыларымен сипатталады.
Бұл стиль бағынушылардың нақты міндетке жауап бергілері 
келмейтінімен, не қабілетсіз болуымен орынды. Осыған байланысты 
оларға сәйкес нұсқаулар, басқарушылық және қатаң бақылау да 
орынды (М1).
Екінші стиль – «сату». Басқарушының стилі тең және жоғары 
дәрежеде міндетке де, қатынасқа да бағытталған болып табылады. 
Ал, ол бағынушылардың орта деңгейлі білімділігі бар жағдайға 
тәуелді (М2). Бағынушыларға жұмысты қалай істеуіне байланысты 
нақты нұсқаулар беріп, басшы міндетке бағытталған тәртіптерін 
таңдайды.
Үшінші стиль, орынды жоғары дәрежелі білімділігімен (М3) 
сипатталады. Бұл жағдайда міндеттің орындауына бағынушылардың 
шамалары жетсе де, жауап бергілері келмейді.
Төртінші стиль, жоғары дәрежелі білімділікпен (М4) 
сипатталады. Бұл жағдайда жауапкершілкті бағынушылар ала алады 
және оны алып жүргілері келеді. Мұнда бөлу стилі сәйкес келеді. 
Басшының тәртібі төменгі дәрежені міндетке және де адамгершілік 
қатынасқа бағыттап үйлестіруі мүмкін.
Тағы да бір басқарушылықтың ахуалдық моделін Виктор Врум 
мен Филип Йеттон жасап шығарған.
Жоғары
Жоғары дәрежені адамгершілік 
қатынасқа және азын міндетке 
бағыттау бағынушыларды 
шешім қабылдауға қатысуына 
бағытталған басқару стилі
Жоғары дәрежені міндетке 
және адамгершілік қатынасқа 
бағыттау.
Сату
Бөлу
төменгі дәрежені адамгершілік 
қатынасқа және жоғарғысын 
міндетке бағыттау
Нұсқау
жоғарғы дәрежені міндетке 
және төменгісін адамгершілік 
қатынасқа бағыттау
Төменгі ____________Міндетке бағыттал-____________Жоғары
ған тәртіп
Жоғары Біртекті орташа Төменгі
М4 
М3 М2 М1
Білімд___________Орындаушының білімділігі________Білімсіз


284
13-cурет – Басқарушының стилі
Врум-Йеттонның «Басшымен шешім қабылдау» моделі – шешім 
қабылдау үрдісіне айтарлықтай көп көңіл бөледі. Бұл модельге 
сәйкес басқарудың бес стилі бар. Бағынушыларға қандай дәрежеде 
шешім қабылдауға, қатысуына, рұқсат етуіне, байланысты басшы 
бұл стильдерді қолданады.
А1 – Қазіргі кездегі бар ақпараттарымызды пайдаланып сіз 
мәселені өзіңіз шешесіз немесе шешім қабылдайсыз.
А2 – Сіз өзіңіздің бағынушыларыңыздан керекті ақпаратты алып 
барып, сонан соң өзіңіз сол мәселені шешесіз.
С1 – Сіз мәселеге қатысы бар бағынушыларға жеке-жеке 
түсіндіріп, олардың идеялары мен ұсыныстарын тыңдайсыз, бірақта 
олардың бәрін бір топқа жинамай түсіндіресіз. Сонан кейін барып 
шешім қабылдайсыз, ал ол өзіңіздің бағынушыларыңыздың әсерін 
тигізуін немесе тигізбеуін көрсетеді.
С2 – Сіз мәселені өзіңіздің бір топ бағынушыларыңызға айтып 
түсіндіресіз және бүкіл ұжым барлық айтылған идеялар мен 
ұсыныстарды тыңдайды. Сонан соң сіз шешім қабылдайсыз, ал ол 
өзіңіздің бағынушыларыңыздың әсерін тигізуін немесе тигізбеуін 
көрсетеді.
С3 – Сіз мәселені өзіңіздің бір топ бағынушыларыңызға айтып 
түсіндіресіз. Сонан соң барлығыңыз бірге баламаны тауып, бағалап 
және де сол баламаны таңдауда бір келісімге келуге тырысасыздар.
Басшыларға жағдайды бағалауды көмек ретінде Врум мен 
Йеттон жеті белгі ойластырып шығарды. Сол белгілерге байланысты 
жағдай және бағынушылар – басқарушы болып сипатталады.
Врум-Йеттонның апталығы бойынша мәселенің белгілері:
1. Сапалы шешімнің мағынасы.
2. Жергілікті ақпараттың бар болуы.
3. Мәселенің құрылымдығының дәрежесі.
4. Бағынушылардың ұйым мақсаттарымен келісу мәні және 
олардың шешімді тиімді орындауға қатынасуы.
5. Басшының автократикалық шешімінің бағынушылар 
арасында қолдау алуының ықтималдылығы өткен тәжірибе негізінде 
анықталған.
6. Бағынушылардың мотивациялық дәрежесі – ұйымның 
мақсаттарына жету, яғни мәселе айтылғаннан кейін олардың 
тұжырымдалған міндеттерін орындауы.


285
7. Баламаны таңдау кезінде бағынушылар арасындағы даудың 
ықтималдылық дәрежесі.
Стильдің 
орнықтылығы 
ауысатын 
айнымалыларының 
жағдайының шешім қабылдауына тәуелді.
Лидерліктің жағдайлық тәсілі – басқарушылықтың тиімділігін 
көтерудің бірнеше түрін алып көрсеткен:
1. Топтарды қайта құру;
2. Міндеттемелерді қайта жобалау;
3. Лауазымды өкілеттіліктің түр өзгерушілігі.
Өте нәтижелі жұмыс істегісі келетін басшы бағынушылардан 
көздеген мақсатының бәрін алады, ал өзінің барлық қызмет істеген 
кезінде ол қандайда бір ғана басқару стилін қолдануды рұқсат ете 
алмайды.
Басшы барлық стильді қолдана білуді және нақты жағдайға 
сәйкес келетін әсер ету әдістері мен типтерін тезірек үйренуі керек. 
Нағыз нәтижелі немесе тиімді стиль болып, үйреншікті стиль 
немесе шындыққа бағытталған стиль болып саналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   144




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет