308
Тұжырымдама
ғылыми көзқарастық жиынтығы,
түйінді жағдайлардың (ой-пікір,
қағидалар) кешені.
Олар әрбір
құбылыстар мен жағдайлар туралы
түйін жасауға, тереңірек түсінуге
мүмкіндік береді.
Тұтынушы
басқа кәсіпорын шығарған белгілі бір
өнімді
пайдаланушы адам, не ұйым.
Ұдайы өндіріс
өндіріс процесінің үздіксіз жаңаланып,
қайталанып отыруы.
Ұйымның өмірлік
циклы
ұйымның қызмет істеу мезгілінде
өтетін кезеңдердің жиынтығы:
«дүниеге келуі», «бала шағы»,
«жастық», «кемеліне келу», «қартаю»,
«қайта даму». Әр кезеңдегі ұйымның
функциялары мен міндеттері.
Файоль Анри
(1841-1925)
Франциялық
зерттеуші және
классикалық әкімшілк басқару
мектебінің негізін қалаушы,
менеджмент
саласының белгілі
маманы. Ол ХХ ғасырдың бірінші
жартысындағы аса көрнекті европалық
ғалым. Бас ғылыми еңбегі «Общее и
промышленное управление» (1916ж.)
– «Жалпы және өнеркәсіптік басқару»
(К.Б.) – бұл
еңбегі ғылыми менеджмент
теориясына бағасы жоқ қазына деп
бағаланады.
Венчурлық фирма ғылыми зерттеулермен,
инженерлік
жобалар әзірлеумен және оларды
несиелеумен айналысатын шағын және
орташа инвестициялық фирма.