Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011



Pdf көрінісі
бет65/144
Дата21.12.2023
өлшемі4.22 Mb.
#487317
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   144
Үшінші бөлім. МЕНЕДЖМЕНТ
20. Басқару ілімінің дамуы
Басқару туралы 
идеялардың пайда болуы
Басқару туралы идеяның тамыры тереңде жатыр. Клод Ст. кіші-
Джорждың (басқару саласының американдық теоретигі) «Басқару 
ойларының тарихы» атты кітабындағы «Басқару континуумы» 
тарауында біздің дәуірге дейінгі 5000 м.ж. бастап менеджменттің 
дамуы суреттелген. Ол туралы бірқатар мәліметтер (қысқартылып 
алынды) төмендегідей.
3-кесте – Менеджмент дамуының хронологиясы
Жылдары
Жеке тұлға 
немесе 
этникалық топ
Менеджменттің дамуына 
қосқан 
негізгі үлестері
Біздің дәуірге 
дейінгі 5000ж.
Шумерлер
Жазу; фактілерді тіркеу
4000
Мысырлықтар
Жоспарлаудың, 
ұйымдастырудың және 
бақылаудың керек екендігін 
мойын¬дайды
2600
Мысырлықтар
Басқаруды 
орталықсыздандыру
1100
Қытайлар
Ұйымдастырудың, 
жоспарлаудың, басшылықтың 
және бақылаудың қажеттілігін 
мойындайды
400
Сократ
Менеджмент 
әмбебаптығының 
қағидаларын қалыптастырады
900
Әл-Фараби
Басшылыққа талап қояды


143
1832
Чарльз Баббедж
Ғылыми тәсілдемеге 
ерекше мән бе¬реді; 
мамандандырудың айрықша 
маңыздылығын мойындайды; 
еңбекті бөлу; еңбек қозғалысы 
мен уақыт шығынын зерттеу; 
өзіндік құнды есептеу
Менеджмент теориясының одан әрі дамуы ғылыми менеджмент 
жасалған ХХ ғасырдың басында жалғасын тапты. Дамудың бұл 
кезеңінде көптеген ғылыми бағыттар пайда болды. Бұл бағыттардың 
көрнекті өкілдері: Фредерик У. Тейлор, Анри Файоль, Мэри П. 
Фоллет, Макс Вебер, Норберт Винер, Игорь Ансофф, Майкл Портер 
және т.б.
Басқару ғылымының эволюциясын дәлірек әрі терең түсіну үшін 
басқару ойларының негізгі даму бағыттары туралы нақты ұғымға 
ие болу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   144




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет