Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011



Pdf көрінісі
бет62/144
Дата21.12.2023
өлшемі4.22 Mb.
#487317
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   144
Сақтандыруды 
дамыту стратегиясы
Сақтандырудың стратегиялық ерекшеліктері. Табиғатта 
әр түрлі астан-кестен өзгерістер, ал адамзат қоғамында – 
техногенді апаттар болып тұрады, олар әлеуметтік-экономикалық, 
психологиялық ауыр жағдайлар туғызады және олардың көпшілігі 
аяқ астынан болады. Бұл жағдайлардың өзіндік ерекшіліктері бар:
1) ауру, кәрілік, ажал және т.б. душар болған адамдардың жай-


134
күйі мен табиғат ерекшеліктері;
2) адамдардың еңбек қызметіне қатысуы, бұл қатысудың 
белгісіз және тәуекелге бел буатын сипаты (жарақаттану, мүгедектік, 
кәсіби аурулар);
3) өндірістің 
жайсыз 
табиғи-климаттық 
жағдайлары 
(құрғақшылық, суыту және т.б.);
4) табиғи апаттар (жер сілкіністері, су тасқыны, дауыл, құйын 
және т.б.);
5) авария мен кездейсоқ апаттар (жарылыстар, күйреп-қирау, 
өрт);
6) әр түрлі ахуалдан туындайтын халық шаруашылығы 
құрылымының бұзылуы (дағдарыс, күйзеліс, шиеленісу жағдайы 
және т.б.).
Бұл жағдайлар негізінде адам мен табиғат арасындағы объективті 
қарама-қайшылықтарды туғызады. Бұл жағдайлардың жағымсыз 
салдарларынан сақтау, қорғау қажеттілігі пайда болады. Сонымен 
қатар, осы құбылыстардан болатын шығынды өтеудің қажеттілігі 
объективті түрде пайда болады. Сақтандыру стратегиясының мәні 
осында.
Кейбір адамдар, тауар өндірушілер, жалпы қоғам табиғи-
заттық қорлар да, азаматтардың жекелеген категорияларының әл-
ауқатын немесе тіршілік қам-қарекетін қолдау, өндіріс процестерін 
жалғастыру мақсатымен ақшалай ресурстар да кіретін міндетті 
қаржы-құралдары болуы тиіс. Мұндай ақшалай қаражат резервтік 
және сақтандыру қорлары ретінде пайда болып, қалыптасады.
Белгісіз ахуалдар туғызған экономикалық қатынастар 
сақтандыруды дербес категорияға бөлуге себепші болады.
Бұл категорияның басқа құндық категориялармен, әсіресе қаржы 
категориясымен көп ұқсастықтары бар, бұған мыналар жатады:

қатынастардың ақшалай сипаты;

қайта бөліс процесіне қатысу (жалпы ішкі өнім құны);

оның іс-әрекеті ақшалай қорлардың пайда болуы мен 
қолданылуына ұласады;

қатынастардың міндетті сипаттағы кейбір түрі (қаражаттың 
белгілі бір үлесін аудару);

ақшалай қорлар пайда болып, қолданылған барлық 
жағдайларда қатынастар баламалы (эквивалентті) бола бермейді 
(қатынастардың баламасыздығы).


135
Нарықтық қатынастар қалыптасатын жағдайларда бәрінен 
бұрын сақтандырудың әлеуметтік бағытталуынан байқалатын, 
сақтандырудың даму стратегиясы ерекше мағынаға ие болады. Ол 
адамдардың мүддесін, мүлкін, өндіріс процестерін қорғауға, барлық 
қоғамның әлеуметтік қорғалуына бағдарланған. Бұл контексте 
ол Қазақстанның барлық әлеуметтік-экономикалық дамуына 
бағытталған әлеуметтік бағдардағы нарықтық экономикасының 
түпкілікті мақсатына сәйкес келеді.
Қазақстандағы сақтандырудың даму стратегиясы. Сақтандыру 
қоғамда іс жүзінде бар өндірістік қатынастарды бейнелей отырып, 
дербес экономикалық категория ретінде көрінеді. Ол бір жағынан, 
жеке және заңды тұлғалар арасындағы ұйымдастырушылық 
қатынастардың ерекше тобы, екінші жағынан сақтандыру қызметі 
ұсынылуына маманданған ұйымдастыру-шылық құрылымның 
белгілі бір тобы және нарықтық қатынастардың элементі болып 
табылады. Экономикадағы нарықтық тенденциялардың дамуымен – 
кәсіпкерлік іс-әрекеттің кеңеюімен – тәуекелділіктің бар болуымен 
– сақ-тандыруға деген қажеттілік өсе бастайды. Сақтандыру 
ұйымдары іс-әрекетінің ауқымына сақтандырудың жаңа объектілері 
мен субъектілері тартылады.
Біздің елімізде 2000 ж. 27 қарашада ҚР Президенті Жарлығымен 
бекітілген «2000–2002 жылдары Қазақстан Республикасындағы 
сақтандыруды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы» сақтандыру 
ісіне жағымды әсер етті.
Бұл бағдарламаның мақсаты – мемлекеттің, азаматтардың және 
шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүдделерін қорғаудың 
нақты құралы болуға мүмкіншілікті қазіргі заманғы, тұрақты ұлттық 
сақтандыру нарығын қалыптастыруда, сондай-ақ мемлекеттік 
әлеуметтік саясат құрамдастарының бірі ретінде тиімді сақтандыру 
жүйесін құруда.
Бұл бағдарламаның басым бағыттары мыналар:

ұлттық сақтандыру жүйесі негіздерін жетілдіру;

сақтандыруды қолдану ауқымын кеңейту;

сақтандыру өнеркәсібінің инвестициялық әлеуетін белсенді 
қолдану;

өмір мен денсаулықты сақтандырудың аннуитеттер 
жүйесін (сақтандыру ісінде рента немесе зейнетақыны сақтандыру 
бойынша жыл сайынғы төлемдер шамасын көрсетеді), басқа да 


136
сақтандырудың әлеуметтік мәнді түрлерін тездетіп дамыту;

ұлттық сақтандыру нарығының инфрақұрылымы мен 
әлеуеті;

сақтандыру нарығы мен сақтандыру іс-әрекетін қадағалау 
және бірқатар басқаша басым бағыттарды мемлекеттік реттеудің 
күшеюі.
Өтпелі экономика жағдайында сақтандыру институтының 
ерекше мәні бірқатар факторлармен анықталады.
Біріншіден, сақтандыру мемлекет тарапынан көзделген 
шаралардың сипаты мен ауқымына қарамастан халық пен 
ұйымдардың әр түрлі мүддесін қосымша қорғауға мүмкіндік 
туғызады.
Екіншіден, қазіргі жағдайларда сақтандыру тетігін пайдалану 
елдегі кәсіпкерлік қызметтің тездетіп дамуын, Қазақстан экономикасы 
салаларының ерекшеліктерін, оның климатын, географиялық 
орналасуын, экология деңгейін ескеріп, қолданылатын өндіріс 
технологиясын одан әрі жетілдіруді қамтамасыз етеді.
Қазіргі заманғы сақтандыру өнеркәсібін құру мемлекет үшін 
мынадай мүмкіндіктер туғызады:

табиғи-техникалық сипаттағы болжанбаған шығындардың 
орнын толтыру жағынан мемлекет бюджетке түсетін салмақты 
азайту;

нарықтық экономика қағидаларындағы сақтандыру арқылы 
(зейнетақы жинақтарын төлеу, еңбекке қабілеттілікті жоғалтқандарға 
немесе асыраушысынан айрылғандарға және жұмыссыздарға 
арналған жәрдемақылар, медициналық шығыстарды төлеу) 
әлеуметтік қамсыздандырудың жекелеген мәселелерін шешу;

халық пен ұйымдардың жинақтарын ұлттық экономикада 
ұзақ мерзімді негізде тарту.
Республикада сақтандыру нарығы тұрақты дамып келеді. 2003ж. 
1 қаңтарындағы жағдай бойынша елде сақтандыру қызметін іске 
асыруға құқық беретін лицензияға 33 сақтандыру ұйымдары, соның 
ішінде 1 – өмірді сақтандыру жөнінде, 3 – резидент еместердің 
қатысуымен ие болды. 5 сақтандыру брокері қызметін іске асыруға, 
26 актуарийге (сақтандыру техникасы бойынша мамандар) – 
сақтандыру нарығында актуарлық қызметті іске асыруға құқық 
беретін лицензия берілген. Қазақстанда барлық сақтандыру 
ұйымдарының 280-ге жуық филиалы мен өкілдіктері бар.


137
2002 ж. сақтандыру ұйымдарының меншікті капиталы 22,2%-ға 
және 2003 ж. 01 қаңтарда 6,1 млрд теңге құрады, жиынтық активтер 
24 млрд теңгеге дейін 36,6%-ға артты.
Стратегиялық менеджментте сақтандырудың өз ерекшеліктері 
болады. Сақтандыру қызметі мыналарға негізделеді:

сақтандыру тәуекелді бағалаумен, сақтандырушылардың 
кірістері мен шығыстары арасындағы ұтымды тепе-теңдікті 
анықтаумен байланысты сақтандыру экономикасына;

сақтандырушылардың шығынын толтыру мен сақтандыру 
өтемін төлеу үшін сақтандырушылар қаржысының жеткіліктілігін 
бағалау;

сақтандыру 
нарығының 
субъектілері 
арасындағы 
қатынастарды, сақтандыру шартын реттейтін құқықтық ерекшелікті 
саласы ретіндегі сақтандыру құқығы.
Қаржылық міндетті қызмет аясы сақтандыру мен сақтандыру 
ұйымдарының экономикадағы айтарлықтай рөліне себепкер болады 
(нарық капиталында қаржының сақтандыру қызметіне арналған 
баға арқылы қайта құйылуы сақтандырушының және т.б. бюджетін 
тұрақтандырады).
Нарықтық өзгерістер барысында елде сақтандыру жүйесі 
реформаланды, нәтижесінде сақтандыру нарығына тиісті 
сақтандыру ісіне мемлекеттік монополияға көшу жүзеге асты.
Сақтандыруды дамыту жөніндегі стратегиялық сипаттағы 
болашақ «2003-2015 ж.ж. арналған Қазақстан Республикасы 
индустриалды-инновациялық даму стратегиясын» қабылдау және 
оны жүзеге асырумен байланысты. Бұл стратегияны іске асырудағы 
алғашқы қадам – ҚР Үкіметінің (2003 ж. мамыр) Қаулысымен 
«Эксперттік кредит пен инвестицияны сақтандыру жөніндегі 
мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» акционерлік қоғамын 
құру. Мемлекеттің толық қатысуымен жасалған корпорацияның 
жарғылық капиталы 7,7 млрд. теңгені құрады.
Корпорацияны құру мақсаты – осы стратегияны жүзеге асыруға 
жәрдемдесу.
Корпорация объективті сыртқы экономикалық және реттеуші 
тәуекелділік бар кездегі ықтимал шығындардан отандық 
экспорттаушы-инвестицияларды 
сақтандырып, 
қорғауды 
қамтамасыз етуге арналған.


138


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   144




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет