Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011



Pdf көрінісі
бет92/144
Дата21.12.2023
өлшемі4.22 Mb.
#487317
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   144
Бизнес және үкімет
Үкімет еркін кәсіпкерлік жүйесінде елеулі рөл атқаруы керек.
Мемлекеттік реттеуді алты негізгі топқа бөлуге болады: 
қауіпсіздікті, денсаулықты және қоршаған ортаны реттеу; көлікті 
реттеу; еңбек қатынастарын реттеу; қаржыны реттеу; энергетиканы 
реттеу.
Реттеу әр түрлі салаларда әр қилы болады. Реттеу бір салаларда 
(көлік, коммуникация) кемісе, екінші салада – артады (атом 
энергиясы).
Реттеуді азайту бәсекелестікті тереңдетуге, фирмалардың 
шығынды қысқартуына, тұтынушылардың таңдауын кеңейтуге, 
бағаны төмен түсіруге алып келуі ықтимал.
Үкімет бизнесі салық салу арқылы реттеледі. Жоғары 
баға түріндегі тұтынушылар салығы инфляцияны тудырады. 
Кәсіпкерлерге салынатын салық олардың табысын азайтып, іскер 
белсенділіктерін төмендетеді.
Үкімет бизнесті әр түрлі форма арқылы қолдауды көрсетіп 
отырады. Оның негізгі үш формасын бөліп көрсетуге болады:
- ақпарат және кеңес беру;
- қарыз;
- тікелей қызмет көрсету.


197
Статистика агенттігі бизнесті фирманың стратегиясын 
жоспарлау үшін қажет болатын нарықтың жағдайы туралы 
ақпаратпен қамтамасыз етеді.
Менеджерлер әрдайым баға, нарық, сұраныс, технологиялар 
және т.б. туралы ақпараттарды қажет етеді. Ақпаратсыз дұрыс 
шешім қабылдау мүмкін емес. Ештеңеден хабары жоқ адамдар 
бизнесте жетістікке қол жеткізе алмайды. Фирма әлемдік нарықта 
жетістікке жетуі үшін мол ақпаратқа және ұзақ мерзімді қамтитын 
жоспарларға ие болуы керек.
Үкімет кейбір фирмаларға кепілдікті қарыз береді (АҚШ). Ол 
фирмаларды коммуникациямен қамтамасыз етеді. Оның үстіне, 
мемлекеттік білім беру жүйесі бизнесті кадрлармен жасақтайды.
Мемлекет өзінің экономикаға араласуын ақтау үшін сылтау етіп 
нарықтың мынадай кемшіліктерін алға тартады:
1. Анық емес ақпарат. Мұндай ахуал – әдетке айналып кеткен, 
яғни үйреншікті боп кеткен құбылыс. Бұл мынадай себептермен 
түсіндіріледі:
а) толық әрі дәл ақпарат алу қиындау болғандықтан, былайша 
айтқанда, қымбатқа түсетін қажеттілік;
ә) нарықтағы бағаға және әр түрлі болуы ықтимал қатерлерге 
қатысты ақпарат та қымбатқа түседі;
б) ақпарат тек тауарларды көптеп сатып алғаннан кейін ғана 
ұғынықты болады.
2. Газбен, электр энергиясымен, телеграфтық қызметпен 
қамтамасыз ету жүйесіндегі табиғи монополия:
а) мұндай ауқымдағы компания бәсекелестердің жолын бөгейді;
ә) экономиканың осы саласына мол капитал жұмсау қажеттілігі 
де бәсекелестердің жолын бөгейтін үлкен кедергі болып табылады.
3. Сыртқы себеп. Мысалы, қоршаған ортаға келтірілген зиянды 
айтуға болады.
4. Экономикалық тиімділікпен еш байланысы жоқ басқадай 
мақсаттар:
а) қауіпсіздік жүйесін қамтамасыз ету;
ә) ұлттық өндірісті қорғау;
б) жаңа инновациялардың дамуын ынталандыру;
в) денсаулық сақтау, спорт, алькогольді ішімдіктер мәселесі.
5. Маңызды қызметтер мен ресурстар:
а) тұрғын үй құрылысы;


198
ә) су;
б) энергия;
в) қорғаныс.
Нарықтық 
шаруашылық 
жағдайындағы 
экономикаға 
мемлекеттің араласуы бір үлгідегі заңдық орындаушылық және 
бақылаушылық сипаттарындағы жүйені білдіреді. Бұл шараларды 
әлеуметтік-экономикалық жүйені өзгерген жағдайға бейімдеу әрі 
тұрақтандыру мақсатында құқықтық өкілеттілігі бар мемлекеттік 
мекемелер мен қоғамдық ұйымдар жүзеге асырады.
Мемлекеттің араласу мүмкіндігінің объективті жағы өндіріс 
пен капиталды шоғырландыру, экономикалық дамудың белгілі бір 
деңгейіне қол жеткізу арқылы көрінеді.
Әсіресе, осы заманғы жағдайда мемлекеттің араласуы 
ұдайы өндіру үрдісінің құрамдық бөлігі болып табылады. Ол әр 
түрлі міндеттерді шешеді. Атап айтқанда: экономикалық өсуді 
ынталандыру, жұмыспен қамтуды реттеу, салалық және аймақтық 
құрылымдардағы ілгері жылжуды көтермелеу, экспортқа қолдау 
көрсету. Мемлекеттік араласудың нақты бағыты, формалары, 
ауқымы белгілі бір мерзім ішінде елдегі экономикалық және 
әлеуметтік мәселелердің өткірлігімен, сипатымен анықталады.
Экономиканы 
реттеудің 
екі 
негізгі 
тәсілі 
белгілі: 
орталықсыздандыру, ол нарық тетіктерінің көмегімен және 
тауар-ақша қатынастарымен, баға және т.б. жүзеге асады. 
Орталықтандыру – директивтік жолмен болады. Бірінші тәсілде 
өндірістің өсуі кәсіпорынның қаржылық мүмкіндіктеріне және өнім 
сұранысына тәуелді болады. Екіншісінде – мұндай шектеулер жоқ. 
Кәсіпорын аясы тар мақсат ретінде өндірістің тұрақты түрде өсуіне 
бағдарланған. Алайда, экономиканы реттеудің орталықтандыру 
тәсілі де, нарықтық тәсілі де еш қоспасыз таза күйінде болмайды. 
Мұндағы мәселенің мәні былай: бір жағынан, экономикалық 
дамудың басында орталықтандыруды күшейту керек болса, екінші 
жағынан – кәсіпорындардың дербестігін сақтау қажет.
Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудің 
өзгешелігі осы заманғы нарықтық экономикада мемлекеттік 
дәстүрлі міндетті істердің орындалуы шектен тыс қиындыққа тап 
болады.
Ұзақ мерзімді жоспарлаудың негізіндегі микро реттеу 
тетіктерінің белгілі бір сабақтастығы толықтай қолайлы жағдай 


199
тудырады: ол жаңа жағдайға жоспарлаудың ескі әдістерін бейімдеуге 
әрі бір мезгілде осы заманғы әдістерді игеруге талпыныс әрекетін 
көп оңайлатады.
Үкімет қызметінің тиімділігі өзара байланысты үш факторға 
негізделеді: оның құрылымдық ұйымы, ведомоствалық үйлесімі 
және кадрларды дайындау мен іріктеудің деңгейі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   144




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет