Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011 ббк б 45



бет109/111
Дата20.09.2024
өлшемі0.57 Mb.
#503826
түріОқулық
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   111
жобалау негіздері

ҚОСЫМША 4

«Жобалау қызметі нәтижесіндегі педагогикалық жүйенің өзгерістерін бағалау» әдістемесі

Білім беру ұйымын жобалау негізінде дамыту өзгерістері неден көрінетіні және қалай өлшенетіні қарастырылып, оның тиімді жолдары анықталады. Педагогикалық жүйелер ретіндегі білім беру ұйымдарының мақсатқа сәйкес даму өзгерістерінің деңгейін, динамикасын, жалпы нәтижелерін қорыту үшін «Жобалау қызметі нәтижесіндегі білім беру ұйымынң өзгерістерін бағалау» әдістемесі мен оның өлшемдері мен көрсеткіштері төмендегідей белгіленеді:


Жүйенің мақсатына сай барлық құрылымының білім берудің нәтижелеріне, ұжымды дамытуға бағдарлылығы;
Жүйедегі қызметтік (талдау, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, бағалау) және құрылымдық (басқару субъектілері, құралдары, мазмұны) компоненттердің инновациялық өзгерістерге икемділігі, өзін - өзі дамытудың тиімді ұйымдастырылуы;
Жүйе құрылымдарында жобалар түріндегі бірлескен әрекеттердің, өзара қолдаушылық қарым қатынастың, тұрақты шығармашылық ахуалдың қалыптасуы.
Осылайша, педагогикалық жүйелерді басқарудағы жобалау қызметін ұйымдастыру негізінде педагогтарды ұжымның басты ресурстары ретінде дамытудың өлшемдері мен көрсеткіштері төмендегідей айқындалды:
А. Жүйенің мақсатына сай барлық құрылымының білім берудің нәтижелеріне, ұжымды дамытуға бағдарлылығы.
Көрсеткіштері:
басқарушы тарапынан кіші жүйе басшыларына, педагогтарға ұйымның
даму стратегиясын, құндылықтық бағыттарын, мақсаты мен жоспарларын, күтілетін нәтижелерін хабардар етуі;
жүйені дамытудағы кіші жүйелер мен педагогтардың мақсат- міндеттері белгіленуі;
кіші жүйелермен кері байланыс ұйымдастырылуы;
кіші жүйелердің, педагогтардың жоспары болуы, оның жүйені дамыту мақсатымен сәйкес болуы;
педагогтар мен кіші жүйе нәтижелерінің жалпы жүйе мақсатына сәйкестігі;
білім беру нәтижелерінің педагогтардың
әдіс - тәсілдерін анықтаудағы басым бағыттар ретінде пайдаланылуы;
нәтижелерді бағалау өлшемдері мен көрсеткіштерін бірлесе құрастырылған әдістемелері болуы, ішкі және сыртқы бағалау жүйелері жасалуы.
білім алушылар мен педагогар нәтижелерінің мониторингі
В. Жүйедегі қызметтік және құрылымдық компоненттердің инновациялық өзгерістерге икемділігі, өзін- өзі дамытудың тиімді ұйымдастырылуы;
Көрсеткіштері:
Ұйымға қойылатын жаңа талаптарға сай педагогтар әлеуетін анықтау, жүйелеу және дамытуды жоспарлау;
ұйымның күнделікті және болашақ қажеттіктеріне орай педагогтардың әлеуетін дамытуды жүзеге асыру;
педагогтардың мақсат- міндеттерінің орындалуына, бастамаларын қолдауға, иновациялық қызметтерін жүзеге асыруға қолдау жасауы;
педагогтардың өзіндік анықталуына, өз бетімен білім алуына және өзін-өзі дамытуына жағдайлардың болуы;
жеке педагогтардың және топтардың танымдық әрекеттерін қолдау, оған мүмкіндіктер туғызу;
қосымша білім алу құрылымдары, зертханалар, мүдделі топтар болуы және адамдардаң қанағаттанғандық бағасы;
С. Жүйе құрылымдарында жобалар түріндегі бірлескен әрекеттердің, өзара қолдаушылық қарым қатынастың, тұрақты шығармашылық ахуалдың қалыптасуы.
Шығармашылық бірлестіктердің, оған қатысушылардың саны өсуі;
Жалпы жүйені мен кіші жүйелерді дамытуда педагогтардың, білім алушылардың, ата- аналардың бастамалары туындауына, олардың жүзеге асырылуына мүмкіндіктер жасалуы;
Ұжым мүшелерінің жобалық өзгерістерді қолдауы;
Бірлескен ғылыми-әдістемелік, технологиялық жобалар ұсынылуы, ендірілуі;
Жаңа ізденістік жобалар нәтижелерін ендіру әдістемелері қалыптасуы;
Педагогтар мен білім алушылардың түрлі қауымдастықтары пайда болуы
Жобалар сайыстарына қатысушы педагогтар мен білім алушылардың көбеюі, нәтижелері
Ұжым мүшелерінің түрлі деңгейлердегі жетістіктері, жүлделі орындары.
Сонымен қатар, аталған өлшемдердің деңгейлері белгіленді.
Төмен деңгей жүйенің мақсатына сай барлық құрылымының білім берудің нәтижелеріне, ұжымды дамытуға бағдарлылығы алғашқы деңгейі ретінде анықталды. Бұл көрсеткіш қажеттікті анықтауға, тиімді шешімдер қабылдаудың жеткіліксіз деңгейін, ұжымды дамытудағы мақсаттар бірлігі болмауын, жүйедегі қызметтік және құрылымдық компоненттердің инновациялық өзгерістерге икемділігін қамтамасыз ету, өзін- өзі дамытуды тиімді ұйымдастыруға басқарушылардың ынтасы төмендегін көрсетеді. Сонымен қатар, жүйе құрылымдарында жобалар түріндегі бірлескен әрекеттердің, өзара қолдаушылық қарым қатынастың, тұрақты шығармашылық ахуалдыңболмауы, жүйелі басқарудағы компонеттердің бірлігі мен білім беру ұйымы нәтижелілігінің арасындағы байланыстарды байқай алмаушылық та осы деңгейдің айқын көрінісін білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   111




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет