Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011 ббк б 45



бет2/111
Дата20.09.2024
өлшемі0.57 Mb.
#503826
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   111
жобалау негіздері

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ...............................................................................................................

3







1. ЖОБАЛАУДЫҢ ЖАЛПЫ НЕГІЗДЕРІ

6

  1. Қоғамдық - әлеуметтік қайта құрулар жағдайында жобалаудың пайда болуы мен дамуы.

6

  1. Жобалаудың теориялық негіздері.

17

  1. Жобалаудың мәдени – инновациялық сипаты.

27

  1. Әлеуметтік жобалау.

37

  1. Жобалаудың адам ресурстарын дамытуда алатын орны.

45

Бірінші бөлім бойынша сұрақтар мен тапсырмалар

54

Бірінші бөлім бойынша негізгі әдебиеттер

57







2. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОБАЛАУДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ

59

  1. Педагогикалық жобалаудың мәні.

59

  1. Педагогикалық жобалаудың зерттелуі мен түрлері.

70

  1. Педагогикалық жобалау және педагогикалық мақсат қою

79

  1. Педагогикалық жобалау және басқару.

88

  1. Жобалаудың білім берудің жаңа нәтижелерін қалыптастырудағы ролі

99

  1. Педагогикалық жобалаудың заңдылықтары мен ұстанымдары.

108

Екінші бөлім бойынша сұрақтар мен тапсырмалар.

122

Екінші бөлім бойынша негізгі әдебиеттер

125







3 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОБАЛАУДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ.......

127

  1. Педагогикалық жобалаудың ұйымдастыру мазмұны мен құрылымы

127

  1. Педагогикалық жобалауды ұйымдастырудың шарттары.

137

  1. Педагогикалық жобалауды жүзеге асыру логикасы.

147

  1. Педагогикалық жобалаудың нәтижелері және бағалау.

156

  1. Педагогикалық әрекеттерді жобалаудың технологиясы.

164

  1. Педагогикалық ұжымның даму бағдармаласын жобалау технологиясы

176

Үшінші бөлім бойынша сұрақтар мен тапсырмалар.

184

Үшінші бөлім бойынша негізгі әдебиеттер

187







4. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖОБАЛАУ ӘРЕКЕТТЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

189

  1. Оқытудағы жобалау және оқушылардың жобалау әрекеттері.

189

  1. Жобалау – оқу әрекетінің ерекше түрі ретінде

198

  1. Оқу жобасының құрылымы мен түрлері

210

  1. Оқытудағы жобалау әдісі:идеядан орындалуына дейін

220

  1. Оқушылардың жас ерекшелігіне сай жобалауды ұйымдастыру

232

  1. Жобалау әрекетіндегі топтық қарым– қатынастың ерекшелігі

239

  1. Оқытудағы жобалау әрекеті барысында оқушылардың құзыреттіліктерін қалыптастыру

249

  1. Оқушылардың жобалау жұмысын бағалау әдістемесі

256

Төртінші тарау бойынша сұрақтар мен тапсырмалар

265

Төртінші тарау бойынша негізгі әдебиеттер

268







5. ЖОБАЛАУДЫ БАСҚАРУШЫЛАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ДАМЫТУ

270

  1. Білім беру ұйымындағы жобалау әрекеттері және оны басқарушылардың құзыреттіліктері

270

  1. Жобалау зертханасын ұйымдастыру мазмұны

275

  1. Жобалау зертханасын ұйымдастыру технологиясы

286

Бесінші тарау бойынша сұрақтар мен тапсырмалар

294

Бесінші тарау бойынша негізгі әдебиеттер

295







ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

297







ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ ЖАУАПТАРЫ

329







ҚОСЫМШАЛАР.................................................................................

330







КІРІСПЕ
Еліміздің білім беру жүйесін дамыту стратегиясы «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында» айқындалып, оның мазмұны қоғамның даму талаптарына сай жастардың бойында білімділік пен бәсекеге қабілеттілік қасиеттерді қалыптастыруға бағытталып отыр. Жаңа экономикалық қатынастардың үдемелі инновациялық сипаты адам капиталын дамытуды алға қою туралы көзқарастарды тудыруда.
Білім берудің жаңа мазмұны мен нәтижелері білім алушының қоғами ортадан өз орнын бағдарлауға, білім мазмұны мен пәндерді өзі таңдауына бағытталған. Мектепте балаларды оқытудың жекелік сипаты мен оқушының мүмкіндіктерін дамыта отырып, өз бетімен білім алуын ұйымдастыру талаптары жаңа формациядағы мұғалімдерді, олардың жаңаша ойлау әрекеттері мен зерттеушілік ұстанымдарын қалыптастыруды көздейді.
Бұл инновациялық үдерістер болашақ педагогтарды даярлайтын университеттердегі білім беру мазмұнын жаңғыртуды қажет ететіні сөзсіз. Сонымен қатар, жаңа өзгерістер педагогикалық білім беруді мазмұндық қана емес, әдістемелік және технологиялық қайта құруларды қамтамасыз ететін логикасын айқындап, білім берудің жаңа нәтижелеріне сай оларды тиімді ұйымдастыру қызметін белгілейді. Педагогикалық мамандықтар даярлайтын жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына оқытудың жаңа технологиялары мен әдістемелерін меңгертуге арналған пәндер енгізу бүгінгі қоғам сұранысына жауап беру қажеттігінен туындауда.
Ұсынылып отырған «Педагогикалық жобалау: теориясы мен технологиясы» оқулығы білім берудің жаңа парадигмасына сай оқытудағы негізгі бағыттардың бірі - педагогтың білім берушілік ролі өзгеруін теориялық және әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуге бағытталған. Біздің ойымызша, оқулықтың теориялық және әдістемелік мазмұны бүгінгі өркениеттің ерекшелігіне сай болашақ педагогтар үшін жаңаша ойлау мен зерттеушілік іс – әрекет дағдыларын айқындауда, ізденушілік пен инновациялыққа ұмтылуда, қалыптасқан стереотиптегі түсініктерін өзгертуде белгілі бір дәрежеде ықпал етері сөзсіз. Соған орай, оқулық болашақ мұғалімдердің өз әрекетін кәсіби қалыптасудың басты ресурсы ретінде ұйымдастыра отырып, оларды ғылыми-теориялық тұрғыдан даярлауға мүмкіндік береді деп есептейміз.
Оқулықтың өзіндік құрылымдық логикасы жасалып, «Жобалаудың жалпы негіздері» деп аталатын теориялық бөлімінде бүгінгі таңда кеңінен дамып келе жатқан жобалау әрекетінің мүмкіндіктерін педагогикалық технологиялар тұрғысынан қарастырудың ғылыми негіздемесі берілді. «Педагогикалық жобалаудың қалыптасуы мен дамуы» тақырыбында қарастырылған келесі бөлімінде жобалаудың заңдылықтары мен ұстанымдары, оның білім берудің жаңа нәтижелерін қалыптастырудағы ролі негізделді. Үшінші бөлім «Педагогикалық жобалаудың технологиялары» деп аталып, онда жобалау - күтілетін нәтижелерді анықтай отырып, оқытудың мақсатын жүзеге асыратын біртұтас технология ретінде қарастырылды. «Оқушылардың жобалау әрекеттерін ұйымдастыру» деп аталатын бөлім мұғалімдер тәжірибесі үшін өте қажетті әдістемелік-нұсқаулық түрінде жазылды деуге де болады, онда атынан көрініп тұрғандай, жобалау әрекетін мектеп оқушыларымен жүргізудің нақты әдістемесі, ерекшеліктері, бағалау жолдары берілді.
Жобалаудың күтілетін нәтижені алдын ала болжауды және оған қажетті барлық ресурстарды мақсатқа сай ұйымдастыруды қажет ететін ерекшеліктері болғандықтан, оны арнайы дайындығы жоқ адамдарға жүзеге асыру қиын болатыны белгілі. Тәжірибеден белгілі, жобалау әрекетін жоба жетекшілері ретінде мақсатты түрде арнайы дайындалған педагогтар мен басшы қызметкерлер ғана тиімді ұйымдастыра алады. Сондықтан, оқулыққа «Жобалауды басқарушылардың құзыреттіліктерін дамыту» деген бесінші бөлім ендіріліп, онда білім беру ұйымдары басшылары мен педагогтардың жоба жетекшілері ретіндегі арнайы құзыреттіліктерін дамыту әдістемесін беріп отырмыз.
Оқулықтың мазмұны педагогикалық мамандықтар бойынша бакалавриаттың 5В010300 - «Педагогика және психология», 5В010200 - «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтары бойынша және магистратураның барлық педагогикалық мамандықтары бойынша білім беру стандарттарындағы кәсіби пәндер циклының таңдау компоненттеріне қойылатын әдістемелік талаптарға сәйкес құрылды. Бұл бүгінгі таңда педагог кадрларды даярлау бағдарламасы бойынша жобалау технологиясын білім беруде пайдалануға мүмкіндік береді деп есептейміз.
Тағы бір құрылымдық және мазмұндық ерекшелігі- оқулықтың аталған мамандықтар бойынша білім беру бағдарламасына ғана емес, жоғары оқу орындарындағы кредиттік оқыту жүйесінің талаптарына да сәйкестендіріліп жасалуы. Оның бөлімдері мазмұны мен әр бөлім соңында берілген тапсырмалар білім алушылардың өз бетімен жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Білім нәтижелерін бағалау аралас түрде жүзеге асырылғаны дұрыс болады дейміз, өйткені, оқулықтағы теориялық мәселелер бойынша студенттер білімдері тест сұрақтары түрінде бағаланса, жобалаудың әдістемесі, технологиясы - ауызша емтихан, жоба дайындау және оны қорғау түрінде ұйымдастырылуы қажет. Осыған байланысты сұрақтар мен тапсырмалар жүйесін әр тақырып бойынша және тест сұрақтары мен жоба жасау үшін қосымша материалдарды оқулық соңында ұсынып отырмыз.
Сонымен қатар, бұл еңбек білім берудің жаңа нәтижелерін ұйымдастырушылық және адам ресурстарын дамыту тұрғысынан қамтамасыз ететін педагогикалық жобалаудың теориясы мен технологиясы туралы мемлекеттік тілде жазылған бірден бір оқулық ретіне педагогтар мен білім беру ұйымдары басшыларына да құнды боларына сенеміз.
Осы оқулықты дайындауда құнды пікірлері мен ескертпелерін білдірген және үлкен қолдау көрсеткен еліміздің танымал педагог-ғалымдары Т.М.Баймолдаевқа А.Қ.Рысбаеваға, Ж.У.Кобдиковаға, Ә.Мұханбетжановаға үлкен алғысымызды білдіреміз.
Автор


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   111




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет