Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



бет19/111
Дата22.11.2023
өлшемі2.02 Mb.
#484052
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   111
Bilim Bahisheva-Ped-jobalau (2)

Процедуралар ретінде–мысалы, басқару үдерісінде пайдалану;
Дамыту түрі ретінде – инновациялық жолмен дамыту сипатында жүйелерді, құбылыстарды, үдерістерді дамытуда пайдалану. Дамыту–педагогикалық жүйенің әлеуметтік қызметін жоғары деңгейде жүзеге асырудағы немесе жаңа функцияны іске асырудағы білім беру жүйесіндегі (құрылымындағы, жүйеаралық байланыстардағы, әлеуетіндегі) сапалы өзгерістер.
В. И. Слободчиков педагогикалық жобалаудың екі түрін ажыратады, олар:
Біріншіден, оқытуды әрекеттердің тәсілдерін игеру ретінде қарастыра отырып, білім беру үдерісін педагогикалық – психологиялық жобалау;
Екіншіден, білім беру үдерістері жүргізілетін институционалдық құрылымдар мен білім беру ортасын әлеуметтік –педагогикалық жобалау;
В. П. Бедерханова да жобалаудың көптеген тәжірибелік нұсқаларын талдай отырып, жобалауды екі үлкен бағыттарға ажыратады.
Біріншісі, интенсивтік сипаттағы жобалар жасау және жобалау әрекеттері. Оларға ұйымдастырушылық–әрекеттік, инновациялық ойындар мен жобалау жиындары.
Екіншісі, жобалау әрекеттері негізінде ұжым мүшелерінің бірлесе отырып қадамнан–қадамға аяқ басуы арқылы білім беру мекемесіне гуманитарлық бағдар беру.
Педагогикалық жобалаудың жаңарту нысанына, мақсаттық бағыттарына және нәтижелеріне байланысты бүгінгі таңда негізгі үш түрі белсенді дамып келеді:

  • әлеуметтік–педагогикалық жобалау, олар әлеуметтік ортаны өзгертуге немесе педагогикалық құралдар мен әдістер арқылы әлеуметтік проблемаларды шешуді бағытталады;

  • психологиялық–педагогикалық жобалау, оның мақсаты адамдар мен олардың қарым–қатынастарын білім беру үдерісі барысында жаңарту;

  • білім беруді жобалау, ол білім сапасы мен нәтижелерін, білім беру жүйесі мен оның институттарын инновациялық өзгертуді жобалау деп белгілей аламыз.

Білім берудегі жобалау және педагогикалық жобалау түсініктерінің өзіндік мәні жөнінен де, мағынасы жөнінен де бір бірінен айырмашылығы бар. Білім берудегі жобалауды менеджменттік, экономикалық және құқықтық, т.б. салаларда қолданылу мүмкіндігіне қарай оны педагогикалық шеңберден тыс қарастыруға болады. Сөйте тұра, гуманистік педагогика қағидаларына сай алатын болсақ, білім беру жүйесін жаңартуға бағытталған кез келген әрекет педагогикалық құндылықтармен, адамилық тұрғылармен сәйкес жүргізіледі. Сондықтан, білім берудегі жобалау әрекетінің педагогикалық қызметтерді де атқаратыны белгілі. Жобалау әрекетінің мүмкіндіктері ақпараттық–коммуникативтік технологияның дамуымен де кеңейді, сөйтіп, білім беру үдерісіне қатысушылардың жобалау кеңістігі қалыптасты деп айта аламыз.
Педагогикалық жобалау–педагогтар мен оқушылардың, педагогикалық қоғамның қарым- қатынасының жаңа түрін, білім берудің жаңа мазмұны мен жаңа технологияларын, педагогикалық әрекеттің жаңа амалдары мен түрлерін қалыптастыру үдерісі деп анықталады.
Педагогикалық жобалау бірнеше деңгейлерде жүзеге асырылады. Нақтырақ айтқанда, жобалау әрекеті негізінде пайда болатын өнімнің, нысанның нәтижесіне, қолданылуына байланысты қойылатын талаптарға орай білім беру жобалары тұжырымдамалық, мазмұндық, технологиялық және процессуалдық (үрдістік) деңгейлерде жүзеге асырылады.
Жобалаудың тұжырымдамалық деңгейі жобалау нысанының тұжырымдамасын немесе оның болжамдық нобайын, моделін құрастыруға бағытталады. Мысалы, білім стандартының моделі, бағдарлама тұжырымдамасы, оқу жоспары жобасы, т.б. бұл деңгейдегі жоба нәтижесі универсалдық сипатта болып, келесі деңгейлердегі осыған ұқсас өнімдерді құрастырудың әдіснамалық негізі бола алады.
Жобалаудың мазмұндық деңгейі нәтиженің өзін ғана алу емес, оны пайдалану диапазондарына, қызмет ету бағытына қарай нақты сапаларын да құрастыруды көздейді, мысалы, бастауыш білім стандартын жасау, лигвистикалық гимназияны дамыту бағдарламасы, әлеуметтік педагогтар мамандығының оқу бағдарламасы, т.б.
Жобалаудың технологиялық деңгейі берілген контексте қолданылатын тәсілдердің алгоритмдік сипаттамасын беруді көздейді, мысалы, тұлғалық–бағдарлы оқыту технологиясы бойынша сабақ жоспарын құру, топтық әрекеттер әдістемесінің алгоритмі, т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   111




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет