Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



бет29/111
Дата22.11.2023
өлшемі2.02 Mb.
#484052
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   111
Bilim Bahisheva-Ped-jobalau (2)

Жобалау ұстанымдарын шетелдік және ресейлік ғалымдар түрліше анықтайды, мысалы: Дж. К. Джонстың зерттеулерінде олар: дәстүрлілік пен жаңашылдықтың байланысы мен тепе-теңдігін сақтау; ұйымның «жақын даму аймағын» жобалау; күтілетін нәтижелердің жобалаушы адамдарға қатыстылығы; алынған нәтижелердің ұйымда институциялануы, бекітілуі; белгілі бір әлеуметтік топтар мәселесін шешу мақсатына бағдарлылығы болса, М. М. Поташник оларды жаңалықтық ұстанымы (мақсат міндеттеріндегі, мазмұнындағы, ұйымдастыру тәсіліндегі, басқарудағы, т.б.), мақсатқа бағыттылық ұстанымы (белгілі бір нәтижені нақты жүзеге асыруға бағытталғандығы), жүйелілік принципі, сабақтастық ұстанымы, ғылымилық ұстанымы, технологиялылық ұстанымы, нақтылық ұстанымы, ресурстық қамтылу ұстанымы, оңтайлылық ұстанымы, қатысушылық ұстанымы деп қарастырады.
Бұл пікірлер жобалау әрекетінде негізге алынатын ұстанымдарды құрайды. Біздің зерттеуіміз бойынша, педагогикалық жобалауды жүзеге асыруда жүйелілік пен тұтастық, синергетикалық, мақсаттық-бағдарлылық, технологиялық, құзыреттілік, нәтижелілік, кері байланыстық ұстанымдар жүйесі анықталды.
Жүйелік пен тұтастық ұстанымы. Педагогикалық үдерістің жүйелік табиғатын басшылыққа алу оны тиімді ұйымдастырудың алғышарттарын құрауға негіз болады. Бұл педагогикалық үдерісті тұтас жүйе ретінде қарастырып, оның негізгі қасиеттеріне сүйенуге мүмкіндік береді. Жүйенің интегративті сапасы ескеріліп, бір компоненттегі өзгерістер басқа компонент, не тұтас жүйенің өзіне өзгеріс енгізе алады. Сөйтіп, жүйенің басқарудағы біртұтастығы жүйенің барлық компоненттерінің дамуына, тұрақтануына, нығаюына ықпалы болады.
Синергетикалық ұстаным. Бұл тұрғыдан алғанда, адамдар, әлеуметтік ұйымдар ашық және өзгеретін, сыртқы ортамен қарым-қатынас арқылы өзін-өзі дамытуға өзіндік мүмкіндігі бар жүйе. Осындай сапаларын атай отырып, педагогикалық жүйенің барлық деңгейлерінің де синергиялық қасиетін көруге болады. Жобалау әрекеті өзінің мүмкіндіктері, ресурстары арқылы білім алушылар мен педагогтардың өзіндік дамуы мен өзіндік білім алуын ұйымдастыратын синергиялыққа негізделеді. Сөйтіп, жобалауда синергетикалық принциптің сақталуы педагогтардың, білім алушылардың, шығармашылық топтардың, сыныптың, білім беру ұйымының, т.б. өзін-өзі басқару негізінде дамуын қамтамасыз етеді.
Мақсаттық-бағдарлылық ұстаным жобалаудың белгілі бір мақсатқа қол жеткізуге бағытталуын, сонымен қатар жүйенің барлық компоненттеріндегі өзгерістер жалпы жүйе мақсатына сәйкес ұйымдастырылуын қамтамасыз етуді қажет етеді. Бұл принцип сонымен қатар, мақсат қою барысындағы ізденушілік пен зерттеушілік әрекеттер негізінде жобалау талдау қызметін де қамтиды.
Технологиялық ұстаным жүйенің алдына қойылған міндеттерді орындаудың технологиялық реті құрастырылып, қажетті ресурстардың алдын ала анықталуын қамтамасыз етеді. Технология талаптарына сай, қатысушылардың қызметтерін бөлісу және оларды үйлестіріп отыру, ұйымның мақсатына қарай жылжуын қамтамасыз етеді. Бұл принцип жобалауға қатысушы адамдардың мақсаты мен жүйенің даму мақсатын сәйкестендіріп отыруға мүмкіндік береді;
Құзыреттілік ұстанымы жобалауға қатысушылардың мақсатты орындауға мүмкіндік беретін құзыреттіліктері болуын қажет етеді. Жобалау – ақпараттық, коммуникативтік, рефлексиялық әрекеттер арқылы жүзеге асырылады өйткені, жобалау барысында қамтылатын педагогикалық талдаулар мен шешімдер, болжау мен жоспарлау қызметтері негізінен оған қатысушылардың құзыреттіліктеріне байланысты. Бұл құзыреттіліктер адамдарға өз тәжірибесінен байыптай, зерттей отырып, мәселелерді талдау, бағалау, арқылы нәтижелі қызмет жасауға мүмкіндік береді.
Кері байланыс ұстанымы. Жобалауды ұйымдастыруда мақсат-міндеттермен қатар күтілетін нәтижелер белгіленеді. Педагогикалық үдерісте нәтиженің орындалу барысы, жолдары мен тәсілдері талданып, объективті баға беріледі. Кез келген педагогикалық жүйе ашық әлеуметтік-педагогикалық жүйе ретінде әлеуметтік ортамен, ата-аналармен, түрлі қоғамдық ұйымдармен, сонымен қатар ұйым ішіндегі адамдармен диалогтық қатынас ұйымдастыра алады. Өзіндік түзету, коррекциялау, өз әрекетіне өзгеріс енгізу арқылы нәтижелердің тиімділігін қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   111




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет