Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет157/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   195
кітап тарбие туралы

арналған сахналық қойылымдар 
«Ер Тарғын»
Қатысушылар:  
Ақшахан – Қырымның қырық ха-
нының үлкені.
Олалай, Бұлалай – Қырым жұр-
тының жауы, Торғауыт елінің хан-
дары.
Тарғын – қыпшақ батыры.
АқжүнісАқшаханның жалғыз 
қызы.
Құл, күң, уәзірлер – Ақшаханның 
адамдары.
Ханзада хан – Еділдегі Ормамбет-
тің он сан ноғайының бір ханы.
Бек – ханзаданың қол астындағы би.
Көбен, Теген, Себен – Ханзаданың 
қол астындағы батырлар.
І көрініс
(Шымылдық ашылады. 
Тақта отырған Ақшаханның 
алдына уәзірі келеді)
Хан (уәзіріне қарап): Кешегі со-
ғыста Алалай, Бұлалай еліне бастап 
кірген бір батыр болды. Жаудың қа-
малын бұзып алған сол батырды та-
уып, маған алып кел!
(Уәзір шығып кетеді де, біраздан 
соң Тарғынды алып келеді. Ханның 
жанына тұрады).
Хан (онымен көріседі): Сен кім-
сің?
Тарғын: Мен қыпшақпын.
Хан: Сен қыпшақ болсаң, біздің 
жұртқа неге келдің? 
Тарғын: Мен ханымыздың бір 
жақсы бегін шаһид еттім. Онан соң 
жұрт менің тынышымды ала бастады. 
Сол себепті сіздің қоластыңызға 
қашып келдім.
Хан: Сен кешегі жауды бұзған 
қайратыңды сенің тынышыңды алған 
жұртыңа көрсетпедің бе?
Тарғын: Жо-оқ! Нақақтан өз 
жұртымды жылатуға дәтім бармады.
(Хан сәл ойланып отырады да, 
барлық уәзірлерін шақыртады).
Хан (жанында тұрған уәзіріне 
бұрылып): Барлығын жинап кел!
(Уәзір шығып кетеді. Сәлден соң 
көп уәзірлерді ертіп қайта кіреді).
Хан: Құрметті менің нөкерлерім. 
Бүгіннен бастап бұл батыр әскербасы 
болады (Тарғынды нұсқайды).
Уәзірлер (хормен): Құп, тақсыр! 
Әміріңізге құлдық (бәрі оң қолдарын 
көкірек тұстарына қойып, иіледі).
(Шымылдық жабылады)


262
3-тарау. Жалпы білім беретін орта мектепте тәрбие сағаттарын 
ұйымдастырудың әдістемесі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет