266
3-тарау. Жалпы білім беретін орта мектепте тәрбие сағаттарын
ұйымдастырудың
әдістемесі
құйрық
(Қойнынан құйрықты алып
шыққанда үй іші жап-жарық болып
кетеді).
Хан: Қазір үшеуің іздеп шығып,
құсты да, құлынды да тауып келіңдер.
Таба алмасаңдар, менің маңымды
көрмеңдер!
(Үшеуі шығып кетеді. Шымылдық
жабылады.)
ІІІ көрініс
(Шымылдық ашылады. Сахна бірін-
ші көріністегідей, қария мен оның
алдында жатқан немересі)
Қария: Жеті басты дәуді, ақырған
арыстанды, жәдігөй кемпірді өлтірген
Кендебай Керқұла аттың ақылымен
кемпірдің ордасында үш-төрт күн де-
малып, жәдігөйдің асыл қазынасын
жинап алып, Керқұла аттың алды-
на алтын науаны салып, алтын құй-
рықты
құлындарды ертіп, аман-есен
ханның үйіне жетеді. Хан қуанып,
үлкен той жасайды. Тойға түк таба
алмаған ханның балалары келеді.
(Осы кезде сахнада ерсілі-қар-
сылы жүгірген адамдар, айқай-шу,
оларға хан балалары қосылады.
Тынышталған кезде хан қасында
отырған Кендебай көрінеді.)
Кендебай: Мен хан баласы емес-
пін, адам баласымын. Өз атым Кенде-
бай, ел мені Керқұла атты Кендебай
деп атайды. Сіздің еліңізге ерігіп кел-
генім жоқ, жұмыспен келдім. Екі бір-
дей жоқ іздеп жүрмін... Намыс іздеп
жүрмін, рұқсат болса айтайын.
Хан: Айт, айт, балам!
Кендебай: Бұдан бірнеше жыл
бұрын сіздің жорықшыларыңыз елі-
мізді шауып кетіпті, малымызды
айдап, қолға түскен батырымызды
байлап алып кетіпті. Міне, сол батыр-
ды босатып әкетпек болып келдім.
Бұл – бірінші. Екінші жоғым мынау.
Бір күні малда жүргенімде аспандап
ұшқан алты аққудың біреуінің алтын
кебісі менің қолымда қалды. Сол ал-
тын кебіс сіздің елдікі дейді. Соны
табыс
еткелі келдім (Ханға кебісті
ұсынады).
Хан: Дұрыс, балам! Сіздің елдің
малын айдатып, батырын байлатып
алдырғаным рас. Мергенбай батыр
әйелімен екеуі біздің қолда. Зын-
данда жатқан Мергенбайға: «Маған
қызмет етсең босатам», – деп елші
жіберіп едім,
қасарысқан батыр
екен. «Жауыма қызмет етпеймін.
Қол-ағымды босатсаң, содан соң сөй-
леймін», – деді. Босатуға қорықтық.
Ондағы мақсат сені қолға түсіру еді.
Сені алдырып, құлынымды қоймай-
тын қара құсқа жұмсамақ едім. Өзім
іздеп таба алмаған соң, намысы бол-
са іздеп келер деп едім. Одан кейін
де екі жылдай келмедің, содан соң
алты қызым сені іздеп барған бола-
тын. Бұл – менің кіші қызымның ке-
бісі. Енді сенің алдыңа қояр тағы бір
шартым бар.
Кендебай: Ол қандай шарт?
267
3-тарау. Жалпы білім беретін орта мектепте тәрбие сағаттарын
ұйымдастырудың әдістемесі
Хан: Дүниеде жеті басты дәу бар,
ақырған арыстан бар, жалмауыз кем-
пір бар. Осы үшеуін өлтіріп, бастарын
алып кел. Осыны орындасаң, ба-
тырыңды босатамын, малыңды өзіңе
қайтарамын.
Кіші қызымды беріп,
күйеу етемін.
Кендебай: Шартыңыз осы бол-
са, ол орындалды (қоржынынан
арыстанның аузын, кемпірдің басын,
жеті басты дәудің көздерін ханның ал-
дына төгіп тастайды). Міне, арыстан-
ның аузы, мынау дәудің көздері, анау
кемпірдің басы.
Хан (қуанышпен орнынан тұрып):
Рақмет, батыр (сахнаға қарап): Боса-
тыңдар зынданда жатқан Мергенбай
батыр мен оның жарын, азат етіңдер
қолға түскен басқа да адамдарды.
(Екінші жағына қарап): Көрші ел-
дерге хабар беріңдер, хан кіші қызын
Кендебай батырға қосады екен,
дайындалыңдар, ертеңнен бастап
біздің елде отыз күн ойын, қырық
күн тойы болады. Ешкім де шет қал-
масын! Бәрі келсін!
(Шымылдық жабылады)
Достарыңызбен бөлісу: