310
Глосcарий
Тәрбие – 1) Әлеуметтік мағынасында – өскелең ұрпақты өмірге дайындау
бойынша барлық әлеуметтік құрылым: қоғамдық институттар, діни ұйымдар,
бұқаралық ақпарат құралдары мен мәдениет, отбасы мен орындайтын қоғам-
ның функциясы; 2) Педагогикалық мағынасында – тәрбиелеушілер мен тәр-
биеленушілер арасындағы арнайы ұйымдастырылған және басқарылатын
қарым-қатынас процесі, оның барысында қоғамдық-тарихи
тәжірибені жаңа
қоғамдық қатынастарды қалыптастыру мен оларды қоғамдық өмір мен өнімді
еңбекке дайындау мақсатында жаңа ұрпаққа дарыту орындалады.
Келесі бағыттырдан тұрады:
1. Рухани – адамның тұрақты және үйлесімді дамуын қамтамасыз ететін
өмірге құндылықты қатынасты қалыптастыру. Бұл адамның жұмысы мен ой-
ларына жоғары мағына беруге қабілетті парыз, әділеттілік, шынайылық, жауап-
кершілік, т.б.
қасиеттер сезіміне тәрбиелеу;
2. Адамгершілік – адамдармен ізгілік қатынастарды, оларды жетілдіру және
қоғамдық талаптар мен нормаларды, әдептілік негіздерін құрайды.
3. Отансүйгіштік – атамекенге сүйіспеншілік,
Отанды қорғау мен оның
мүдделері үшін өз ар-намысын жоғары қою сезімін қалыптастыру.
4. Еңбексүйгішітік – жеке тұлғаны адал еңбек етуге, еңбек пен оның өнім-
деріне жауапкершілік қатынасты қалыптастыруға бағытталған тәрбие жүйесі.
5. Құқықтық – Ата Заңды құрмет тұтуға, адам құқықтары мен құқықтық
мәдениетті және заңға бағыну мінезін қалыптастыру процесі;
6. Дене тәрбиесі – адамның денсаулығына қатысты денсаулықты нығайту,
дұрыс тамақтану, жаттығу, тынығу, т.б. тұлғаның дене бітімін жетілдіру жүйе-
сі.
7. Экономикалық – өндірісті тиімді жүргізу мен ұйымдастыру, бөліп тара-
ту мен тұтыну принциптері мен нормаларының табиғатына сай білімді, іскер-
ліктер мен дағдыларды, қажеттіліктерді, қызығушылықтары мен ойлау стилін
қалыптастыруға бағытталған тәрбиелеушілер мен
тәрбиеленушілердің өзара
мақсатты әрекеті.
8. Экологиялық – өскелең ұрпақты табиғат туралы білім мен аса жоғары ұлт-
тық және жалпыадамзаттық құндылық ретінде жауапкершілікті қызметті сезі-
нетін жоғары экологиялық мәдениетке тәрбиелеу.
9. Эстетикалық – тұлғаны өмірдегі және өнердегі көркемдікті қабылдау,
дұрыс түсіну, бағалау мен жасаудағы, сұлулық
заңдары бойынша шығар-
машылыққа, жасампаздыққа белсенді қатынасудағы тәрбие жүйесі.
Тәрбиенің теориялары мен тарихи типтері:
1. Афиндық – ақыл-ой және дене тәрбиесі (гимнастикалық) тәлім беруге
бағытталды.