313
Глосcарий
тандық жолындағы күрестің тарихымен байланысты әлеуметтік психология-
лық сезім болып саналады.
Ұлттық намыс – ұлтты құрайтын халықтың әр адамының ұлтқа қатысты
айтылған
кез келген кемсітушілікті, ұлтқа қарсы жасалған іс-әрекетті бейне
өзіне бағытталғандай қабылдап, соған қарсы жандүниесінде пайда болған се-
зімнің буырқанған серпілісінің жалпыхалықтық
сипатқа айналған ұжымдық
түрі.
Үлгі-өнеге – жеке адамның басқаға үлгі көрсетіп, өнегесін үйретуі. Жеке
тұлғаның білімділігі, еңбекқорлығы, имандылығы, үлгілі мінез-құлқы жастарға
үлгі-өнеге болады.
Халық педагогикасы – 1)
Бұл практика жүзінде тексерілген және жи-
нақталған
эмпирикалық білімдердің, мәлімдердің,
іскерлік пен дағдының
жиынтығы. Ол халықтың тарихи және әлеуметтік тәжірибесінің өнімі
ретінде, көбіне ауызша түрде ұрпақтан-ұрпаққа
беріліп отырады; 2) Халық
арасындағы тәрбиенің мақсаты мен міндетін, тәрбие мен оқытудың құралдары,
іскерлік дағдыларының жиынтығынан көрінетін эмпирикалық педагогикалық
білімдер мен халық бұқарасы тәжірибесінің алаңы негізінде қалыптасқан
тәлімдік-тәжірибелер.
Халықтық педагогика негізінен ұлттық ойындарда, салт-дәстүрлер, ырым-
дар мен тыйымдар, тәрбие және мінез-құлық жиынтықтарының ережелерінде,
батырлық дастандарда, халық ауыз шығармашылығында сақталған тәрбиелік
және педагогикалық тағылымдар жиынтығы. Жеке тұлғаны қоғамдық ортаға
тәрбиелеумен қатар, оған қол жеткізудің жолдары мен құралдары енеді. Жас
ұрпақтың бойында ұлттық сананы қалыптастыруға жаңа оку-тәрбие үдерісіне
бағыттауға, оның бойында әлемдік мәдениетте өз ұлтының, этностың ролі ту-
ралы түсінігін дамытуға көмектеседі. Сол арқылы білім жиынтығы және тәр-
бие дағдысы этномәдени дәстүрде сақталып, тұрақты ұлттық спецификалық
қарым-қатынас формаларында және ең маңызды этностық бүтіндігі мен мәңгі
өмір сүруіне қызмет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: