312
Глосcарий
Тәрбие әдістеріне бақылау,
өзін-өзі бақылау, өзін-өзі тәрбиелеу,
әрекеттерді
ұйымдастыру және т.б. жатады. Тәрбие әсерінің дағдарысы – тәрбие әрекет-
тестігінде пайда болатын қиыншылық, мәселелер. Түрлері: әрекет дағдарысы
(тым кедергісіз болғандықтан даму процесі тоқталады), орта дағдарысы (бала
айналасы оң әсер туғызудан қалады), зат дағдарысы,
сөз дағдарысы, т.б.
Тәрбие теориясы –
тәрбиенің мәнін, заңдылықтарын, қозғаушы күшін,
негізгі құрылымдық бөліктерін және әдістемесін анықтайтын педагогиканың
бөлімі.
Тұлға – 1) Дербес әрекет жасайтын субъект ретіндегі нақты жеке адам бол-
мысының қайталанбас, ерекше әдісі. Адамның қоғамдық өмірінің дара нысаны.
Тұлғаның мәні нақты индивидтің өзіндік ерекшелігінде, оның әлеуметтік жүйе
шеңберіндегі өзімен-өзін болу қабілетінде ашылады; 2) Адамдар
арасындағы
өзінің ұстаным – орнын еркін және жауапкершілікпен анықтайтын,
қоғам-
ның өкілі ретіндегі адам; 3) Жеке ерекшеліктері бар қоршаған ортаға деген
өзінің қатынасын сезінген, қызметтің белгілі бір түрімен айналысатын әлеу-
меттік қауымдастықтың белгілі өкілі, нақты адам. Жеке
тұлғаның ең басты
белгісі – оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функция-
ларды атқаруы. Профессор Г.Ю. Айзенк бойынша жеке тұлғаның үш
негізгі
өлшемі – интроверсия, экстроверсия, нейротизм деп шартты түрде бөлінеді.
Түркі патриотизмі – тұтас түркі әлемінің ерлік, қаһармандық дәстүрлерін
қасиет тұтатын және бүкіл түркі мүддесіне адал қызмет ететін жеке тұлғаны
қалыптастырудағы отансүйгіштік тәрбие жүйесі.
Достарыңызбен бөлісу: