(Жұртбаев Т. «Дулыға» кіта- бынан, Т.1., 152 б.) Әдебиеттер: 1. Платон. Сочинения. – М., 1972. – Т.3. – 687 с. 2. Геродот. История. – Ленин- град, 1972. – Т.4. – 560 с. 3. Жұртбаев Т. Дулыға. – Алма- ты, 1994. – 1-т. – 368 б. 2.2. Күлтегіннің тәрбиелік мұралары Күлтегін (684-731 жж.) – Шығыс Түркі қағанаты әскерінің бас қол- басшысы, «көк түркінің көк семсе- рі» атанған батыры. Жастайынан жетім қалған Күлтегін Қапаған қағанның тәрбиесінде өскен. Ол әскери өнерді жетік біліп қана қоймай, ел билеу ісін де жақсы меңгерген. Бар өмірін түркі елінің бақытты өмір сүруіне арнайды. Түркі мемлекетінің нығайып, да-
муына үлес қосқан Күлтегін (684-
731) – Қапаған және Могилян дәуі-
ріндегі Түркі мемлекетінің көрнекті
әскери қолбасшысы болған Құтлұғ
қағанның кіші ұлы. Күлтегін Түр-
кі мемлекетін нығайту мақсатында
бірнеше рет жорыққа шығып, өзін
қабілетті қолбасшы ретінде таныт-
ты. 718 жылы қас жауы табғаштар
шабуылына тойтарыс берді. Екі ел
арасында бірнеше жыл бойы бейбіт
өмір орнатты. Әкесі Құтлұғ қаған
Екінші Шығыс Түрік қағанатының
іргесін қалап, шаңырағын көтерсе,
артында қалған екі баласы: үлкені –
Білге қағаны ел бастап, кішісі – Күл-
тегіні қол бастап, сол қағанаттың ай-
бынын асырып, мерейін тасытыпты.
Ағайынды екі ұлан ақыл қосып бірге
қимылдап, бірі елінің алтын тұтқасы-
на, екіншісі асыл тірегіне айналыпты.
Ажал жетіп, сол асыл тірек құлағанда
Ұлы Дала күңіреніп, төрткүл дүние-
ден түгел елшілер келіп, Күлтегін
рухына тағзым етіпті. Басына ел та-
рихын жазып, алып ескерткіш орна-
тыпты. Мұның өзі түркі тарихы ту-
ралы өте құнды дерек болатын, себе-
бі мұндай деректер басқа еуропалық
халықтарда кездеспеген жаңалық
пен дерек болатын. VІ-ІХ ғасырларда
қазақ жерін мекендеген ұлы түркі-
лердің ардақтайтын моральдық құн-
дылықтарының ішінде түркілік отан-
сүйгіштік рух жетекші орын алады.
Зерттеуші Ғ. Айдаров «Көне түркі
жазба ескерткіштерінің тілі» атты
ғылыми еңбегінде: «Түркі бектері
мен халқым, мұны естіңдер. Қандай
өнегелі сөздерім бар болса, солар-
ды мәңгі тасқа жаздырдым. Оларды
оқыңдар, тағылым алыңдар!» – деп
келтіреді.
85
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
Демек, түркі халықтарының рухы
биік тарихы бар екендігін айшықтай-
тын өсиет сөздері тарихи баға жетпес
құндылық болып табылады.