97
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие
туралы тағылымдық мұралары
Ерлік-отансүйгіштік тәрбие
туралы айтқаны
Қашықтасың, туған жер – қалың елім,
Небір жүйрік болдырып жарау деген,
Шаршадым мен, қанатым
талды менің,
Шаңыт жолға сарылып қарауменен.
Кері оралмай жылдарым жатыр ағып,
Қасіреттің жасына көз жуынар.
О,
жаратқан, көп неткен ақымағың
Құм секілді тез ысып, тез суынар!
Зиялы аз
біртұтам тіршілікте,
Әкімдікке күллісі жүгіреді.
Көкірекпен сезініп, күрсініп көп,
Жаным менің түршігіп, түңіледі.
Бауырым, қанша сүйгенмен,
Өтеді өмір күйбеңмен.
Шындыққа бас тік алаулап,
Пенделіктен бол аулақ.
Жататын дәйім жаңғырып,
Бұл ғұмыр емес мәңгілік.
Бейопа
мына заманда,
Бақұл боп кетер адам да,
Жұрт кілең күнін көп қызық,
Жіберер зая өткізіп.
Қағаздың түсіп бетіне,
Сызықтай бейне тартылған.
Тап болып,
жігер сарқылған,
Кездейсоқ өмір өтіне
Қайыспай тұрса нар тұлғаң.
Сонда да беріп кетеміз,
Жүректің отын молында.
Арманда
аңсап өтеміз,
Біз ұлы мұрат жолында.
Тіршілікте құрыштай бол төзімді,
Сан мәртебе алдаса да өзіңді.
Тағдырыңды еш уақытта жазғырма,
Тіпті кейде болса әзәзіл азғырған.
Өрге жүзген
өнегелі ісімен,
Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.
Жүргендер көп достық
атын малданып,
Алайда тек қалма алданып.
(«Әдеби жәдігерлер. Жиырма
томдық. Т.1. /Құрастырушылар:
Ш. Ахметұлы, А. Әлібекұлы.
Қожа
Ахмет Йасауи.
Даналық кітабы.
Достарыңызбен бөлісу: