Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет79/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   195
кітап тарбие туралы

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ
ШЫҒАРМАЛАРЫ
«Ы. Алтынсарин – балалар 
әдебиетінің негізін 
салушы»
Бүкіл өмірін қазақ балаларын 
оқытуға арнаған Ыбырайдың әдеби 
туындылары балалар дүниесіне өте 
жақын. Сондықтан да ол қазақ бала-
лар әдебиетінің атасы деп танылған. 
Сол мақсатпен алғаш рет балаларға 
арнап мектеп ашып, оқулық жазған. 
Ағартушы оқулықты жазудағы мақ-
сатын хрестоматияның алғы сөзінде: 
«Бұл кітапты құрастырғанда мен, 
біріншіден, осы біздің ана тілімізде 
тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз 
кітаптың орыс-қазақ мектептерінде 
тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына 
оқу кітабы бола алу жағын, сонымен 
қатар жалпы халықтың оқуына жа-
райтын кітап бола алу жағын көзде-
дім…» – деп тұжырымдаған. Өйткені 
хрестоматия ға Ыбы рай өзінің ұстаз-
дық мақсатына лайықтай жазған тәр-
биелік мәні жоғары көптеген шағын 
әңгімелерін, өлеңдері мен ауыз әде-
биеті үлгілерін, сондай-ақ орыс пе-
дагогтері мен айтулы орыс қаламге-
рлерінен аударған шығармаларды ен-
гізген болатын. Оның шығармалары 
мұғалімдер даярлайтын оқу орын-
дарында кең көлемде оқытылады. 
Мектеп оқулықтарына енгізілген. 
«Еңбекпен табылған дәм тәтті»
Ыбырай Алтынсарин өзі ашқан 
мектептерде ана тілінің таза оқы-
тылуына көңіл бөліп, тілашар ре-
тінде халықтың ауыз әдебиетін пай-
даланып, өзі де ұрпақ тәрбиесіне 
арналған әдеби шығармалар жазды. 
Сол әдеби шығармалары арқылы 
тіршіліктің өзекті мәселелірін көте-
руге бет бұрды. Ол қазақтың жазба 
әдебиетінің, әдеби тілінің негізін қа-
лаушылардың бірі болды. Әдебиетке 
тың тақырыптар әкеліп, озық ойлар 
енгізді. Шиеленіскен тартыстар, соны 
бейнелер, бұрын болмаған жанрлар 
арқылы әдебиетті мазмұн жағынан 
ғана емес, түр жағынан да дамыт-
ты. Оның мазмұнды да мағыналы 
әсем лирикалық өлеңдері, қысқа да 
әсерлі әңгімелері қазақ әдебиетінің 
тарихында өшпес орын алады. Мы-
салы:
Надандықтың белгісі – 
Еш ақылға жарымас…
Жөн білмеген адамға, 
Қыдыр ата дарымас… – 
деп келтіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет