Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет80/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   195
кітап тарбие туралы

«Ыбырай Алтынсариннің 
тәрбиелік 
шығармаларының негізгі 
идеясы»
Ы. Алтынсарин шығармаларының 
идеясы, еңбекті сүю, қадірлеу, жақсы 


155
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
мінез-құлыққа бағыттау, халқын 
сүю махаббат-мейірім перзенттік 
па рыз, т.б. мәселелерге арналған. 
Ыбы райдың әдеби еңбектерінің жи-
нағы «Қазақ хрестоматиясы» (1879) 
ағартушылық мақсатта жазған әй-
гілі екі өлеңмен ашылды. Ақын бұл 
өлеңдерді өз кезінде «Сөз басы» де-
ген атпен алған. Қазір бұл өлеңдер 
«Кел, балалар, оқылық», «Өнер-бі-
лім бар жұрттар» деген атаулармен 
мәлім. Ол халық ағарту ісіне арнаған 
әдеби туындыларын да оқу-білімді 
насихаттаудың ұтымды әдісінің қа-
жеттігін көрсетті. Оқу-білімді наси-
хаттауға арналған және кенже тұрған 
халық үшін ғылым мен техниканың 
жетістіктерін көрсете алатын қысқа 
көлемдегі поэтикалық шығармалар-
дың айрықша ұтымды екенін, әсерін 
терең сезінді, сенді. Қазақ жастарын 
білім алуға, мәдениеттің жаңа дәстү-
рлерін игеруге, бойға сіңіруге шақыр-
ды. «Кел, балалар, оқылық» өлеңінде 
ақын қазақ ауыз әдебиетінің дәстү-
рлерін шебер пайдаланып, білім 
мен надандықты, жақсылық пен жа-
мандықты қатар алып, салыстырып 
отырды. Ал «Өнер-білім бар жұрт-
тар» өлеңінде сол тұстағы ғылым мен 
техниканың ең басты жаңалықтары 
толық қамтылып, өнер мен білімге 
қолы жеткен халықтың экономика-
лық жағынан озықтығын әр салада 
көрсетеді. Ыбы рай Алтынсариннің 
басқада шығармалары әлеуметтік 
мә селелерге ар налған. Бұған «Өсиет 
өлеңдер», «Әй, жігіттер» тәрізді, 
т.б. өлеңдерін атауға болады. Мұн-
дай өлеңдері биік адамгершілік 
тұрғысынан ұрлық-қарлықты, әділет-
сіздіктің сы нап, жалқаулықтың зиян-
дығын көрсетіп, адал еңбектің адам-
гершілік мінез-құлығын бейнелейді. 
Мысалы:
Араз бол, кедей болсаң, ұрлықпенен,
Кете бар, кессе басың, шыңдықпенен.
Қорек ал бейнеттен де, 
Тәңірім жәрдем,
Телмірме бір адамға мұңдықпенен.
Әй, жігіттер, үлгі алмаңыз
Азған елдің ішінен
Алыс-алыс қашыңыздар
Зияндасты кісіден.
Жақсыны көзден салмаңыздар,
Жақсыдан қапыл қалмаңыздар… – 
деген болатын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет