Оқулық «Білім беруді дамыту Федералды институты»


  Автоматты бақылау жүйесінің алгоритмі



Pdf көрінісі
бет29/101
Дата25.03.2023
өлшемі4.68 Mb.
#471099
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   101
ӨНДІРІСТІ АВТОМАТТАНДЫРУ НЕГІЗДЕРІ

3.2.2. 
Автоматты бақылау жүйесінің алгоритмі 
Жоғарыда аталаған қызметтер басқару жүйесінің техникалық 
құрылғыларымен 
автоматты 
түрде 
оператордың 
көмегінсіз 
орындалады. Сондықтан да жүйені басқару үшін арнайы басқарушы 
құрылғылар пайдаланылады. Осындай құрылғы ретінде анғұрлым кең 
тараған ЭЕТ-ны пайдалану нұсқасын қарастырамыз.
Қандай жағдайда да, бақылаушы параметрлердің санына 
байланысты қолданыстағы ЭЕТ анағұрлым күрделі не анағұрлым 
жеңіл болуы мүмкін, бірақ ол кез келген жағдайда жүйедегі барлық 
датчиктерден ақпарат алуды қамтамасыз етуі тиіс (оның сараптамасы, 
сақталуы және операторға ұсынылуы). Бұл жүйелердің барлығының 
бір уақыттыа орындалуы мүмкін емес,


56 
сондықтан да бақылау жүйесін жасау кезінде датчиктерден ақпарат алу 
кезегі, ақпарат сараптамасының тәсілдері мен оны операторға ұсыну 
тәртібі және т.б. анықталады (датчиктерден сұрау реті), яғни, басқару 
жүйесі алгоритмі құрастырылады.
Жоғарыда көрсетілген алгоритм мақсақға жетуге апаратын 
әрекеттердің бірізділігін білдіреді, ол барлық технологиялық 
параметрлердің мәні жайлы ақпарат алумен жасалады. Жалпы алғанда 
бұл алгоритмнің былай болуы мүмкін: ЭЕМ мен барлық жүйелердің 
жабдықтарының дайындығы мен жұмысқа қабілеттілігін тексеру, 
номиналды мәндердің диопазон шегі мен барлық параметрлердің 
шектік мәнін тексеру керек, одан кейін әрбір датчиктен алынған 
ақпарат сараптамасымен технологиялық параметрлердің барлық 
датчиктеріне сауалнама жүргізу керек. Сауалнама мен сараптама 
қажетті жиілікте бақылау жүйесі жұмысының барлық уақытында 
қайталана беруі мүмкін. 
АБЖ алгоритмінің блок-сызбасы 3.1. суретте көрсетілген. 
Алдымен ЭЕМ мен жабдықтардың дайындығы тексеріледі. ЭЕМ 
дайындығын тексеру ЭЕМ өндірушілерімен қарастырылған, сондықтан 
ол манинаны қосқан кезде автоматты түрде жүреді. Сонымен бір 
мезгілде ЭЕМ-ге қосылған ішкі құрылғылардың да дайындығы 
тексеріледі, мысалы, принтер, плоттер және т.б. 
Тоққа қосылған кездегі жабдықтарды тексеру, бірінші кезекте, 
технологиялық жабдықтар параметрі мәнінің бастапқы мәні мен 
атқарушы механизмнің бастапқы күйін тексеруді жоспарлайды. Ол 
жабдықтардың қалыпты жұмысын және аталған техникалық процестің 
қалыпты өтуін қамтамасыз ету үшін негізгі болып саналатын 
датчиктердің параметріне сауалнама жүргізу арқылы жасалады. Бұл 
кезеңдегі датчиктердің сауалнамасының техникалық процесс 
барысындағы датчиктерді әрі қарай да сұраудан еш айырмашылығы 
жоқ, тек қана ол анағұрлым жиі жүргізіледі. Жабдықтардың жұмысқа 
қабілеттілігін тексеру жиілігі жабдықтың және технологиялық 
процестің күрделілігіне байланысты жабдық жұмысы кезіндегі 
мүмкін болатын бұзылудың маңыздылығына қарай таңдалады.
ЭЕМ мен жабдық дайын болған кезде технологиялық процестің 
шектік мәні мен регламенттік шекара қойылады, одан кейін осы 
параметрлердің датчиктерінің сауалнамасы басталады. Егер 
бақыланушы параметр регламентті шекара шегінде болса, яғни, оның 
жағдайы жақсы болса, онда «Барлық датчиктер сұралды ма?» шарты 
тексеріледі. «Жоқ» деген жауап кезінде жүйе кезекті параметрді 
бақылауға көшеді; «Иә» жауабы бақылау процесінің аяқталғанын 
көрсетеді. 
Бақылаудың нәтижесі туралы ақпарат операторға ЭЕМ дисплейінде 
технологиялық процесс барысын білдіретін хабарлама түрінде, 
сонымен бірге кесте, сызба, диаграмма немесе мнемосызба ретінде 
көрінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   101




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет