Бұрғылау кезінде түсіру көтеру операцияларын жүргізу кезіндегі әдістемелік ұсынымдар



Дата17.07.2016
өлшемі138.88 Kb.
#205901




Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрлігінің

Төтенше жағдайларды

және өнеркәсіптік қауіпсіздікті

мемлекеттік бақылау

комитетінің

2010 жылғы «4» қарашадағы

№ 39 бұйрығымен келісілген



Бұрғылау кезінде түсіру көтеру операцияларын жүргізу кезіндегі әдістемелік ұсынымдар

1 - тарау. Жалпы ұсынымдар
1. Түсіру көтеру операциялары өндірісі кезінде пайдаланылатын жабдық дайындаушының монтаждау мен пайдалану бойынша нұсқаулығына сәйкес жөнделеді.

2. Ақаулы және реттелмеген жабдықтармен, аспаптармен жұмыс істеуге рұқсат берілмейді.

3. Механизмдерді қарау мен жөндеу кезінде олардың жетектері іске қосылған және өзіне өзі қосылуға қарсы шаралар қабылданған. Іске қосу құрылғыларында «Іске қоспа! Адамдар жұмыс істеп жатыр!» ескерту плакаты ілінеді.

4. Ротор беті мен бұрғылау мұнарасының едені, сатылар, жоғарғы жұмыскер балконы таза болады.

5. Түсіру көтеру операцияларын тәуліктің қараңғы уақытында жүргізу мүмкіндігі үшін жұмыс орындары жарықтандырылады.

6. Жұмыс арнайы киім мен каскада орындалады.

7. Түсіру көтеру операцияларын бұрғылау вахтасының толымсыз құрамында жүргізуге рұқсат берілмейді.

8. Түсіру көтеру операцияларын жүргізу кезінде бұрғылау вахтасы мүшелерінің қызметі бұрғылау құбырларын түсіру және көтеру бойынша технологиялық регламентке сәйкес шектеледі.



2 - тарау. Бұрғылау құбырлары колонналарын түсіру және көтеру бойынша дайындық-қорытынды жұмыстар
9. Түсіру көтеру операцияларын бастар алдында бұрғылау бригадасының мүшелері жабдықтың, аспаптың, құралдың және бақылау-өлшеу аспаптарының техникалық жағдайын тексереді.

10. Бұрғылау мұнарасы ұңғыма діңі бойынша центрленген, ал басқалай жағдайда түсіру көтеру операциялары өндірісіне рұқсат берілмейді.

11. Көтеру түсіру операциялары басталар алдында ротор үстелі тоқтатылған.

12. Жетекті құбырды шурфқа орнату тек жабдық көмегімен (автотасымалдағыш, науа және басқалар) жүргізіледі. Жетекті құбырды шурфқа қолмен тасымалдауға рұқсат берілмейді.

13. Жетекті құбырды шурфқа орнату үшін науаны пайдалану кезінде науа оның бұрылуын болдырмайтын құрылғы көмегімен жұмыс қалпында бекітіледі (тіркеледі).

14. Жетекті құбырды шурфқа түсіруді, авариялық жағдайға соқтыруға қабілетті шапшаң қоюға жол бермей абайлап жүргізу керек.

15. Шурфқа жетекті құбырды орнату және оны шурфтан алу кезінде жетекті құбыр қозғалысы жолында және тікелей науа қасында жұмыскерлердің болуына жол берілмейді.

Автотасымалдау обоймасын кигізу кезінде жетекті құбырдың бітеу жағына бұрғылаушы көмекшісі жетекті құбыр қозғалысы жолына және бұрғылаушының қадағалуына бөгет жасамайтындай жағында тұрады.

16. Жетекті құбырды шурфқа кигізгеннен кейін науа ротордан түсіру көтеру операцияларын жүргізуге бөгет болмайтын жаққа қойылады: автотасымалдағышты бұрғылау мұнарасы элементі артынан тіркейді.

17. Ілмекті штроптан (сырғалықтан) шығару бұрғылаушы көмекшісі ілмектің сақтандырғыш ілмегін ашып әрі қарай тұрғаннан кейін жүргізіледі.

18. Алынатын сынаны бағытталатын пазға орнату жетекті құбыр мен бағыттайтындарды жоғары жағдайға көтергеннен кейін жүргізіледі; сыналарды қолмен алу керек, бағыттайтын сыналарды пазаға бекіту сақтандыру шынжырлары немесе тростары бары саусақтармен ғана жүзеге асырылады.

19. Ротор үстеліне элеватор беріледі және элеватор тесігіне кигізілген строп көмегімен зәкірмен алынады. Бұл ретте элеватор жабық.

20. Шурфтан жетекті құбырды көтеру алдында ілмектің бұрылуын болдырмайтын стопор және ілмек ілгешегі жабылады.

21. Жетекті құбырды шурфтан көтеру бұрғылау жүкшығырының тек 1-жылдамдығымен жүргізіледі.

22. Жетекті құбырды бұрғылау құбырының түсіру колоннасымен бұраудан кейін жетекті құбырдың қысқышы орнатылады және өзара бұрандалар арқылы жалғастырылады.

23. Жетекті құбырды бұғылау құбыры колоннасымен бірге тросс немесе басқа кез келген тәсілмен бұрауға жол берілмейді.

24. Бұрғылау құбыры колоннасын түсіру аяқталған соң машина кілттері бұрғылау мұнарасының аяғындағы ілмекке ілінеді, басқару кранына ауаның түсуі автоматты бұрғылау кілтімен және қарпумен жабылады, ажыратылған бөлікте қысым атмосфералыққа дейін түсіріледі.

25. Бұрғылау жүкшығыры арқанның барабанға дұрыс орналасуын қамтамасыз ететін құрылғымен және арқанның тарту соңын басқышпен жарақталады.



3 - тарау. Түсіру көтеру операциялары. Штроптарды ауыстыру.

Элеватормен жұмыс
26. Штроптарды элеватор тесігіне кіргізу, оларды тесіктен шығару кезінде штропты штроптың төменгі шетінен кемінде 420 мм қашықтықта алу керек.

27. Штроптардың жүккөтерімділігі бұрғылау колоннасының салмағына сәйкес болады.

28. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шарнирлі өзі бекітілетін фиксаторлы тесіктері немесе сақтандырғыш өзекшелері бар олардың элеватордан түсуін болдырмайтын элеватор пайдалынылады, сақтандырғыш өзекшелер штроптарға бекітіледі.

29. Пневматикалық сыналы қарпығышпен (бұдан әрі - ПСҚ) жұмыс кезінде сақтандырғыш өзекшелер орнына бұрандалы бекіткіштер пайдаланылады.

30. Элеваторды ротор үстеліне қойғаннан кейін бұрғылаушы еру жүйесін штроптарды бір элеватордан екіншісіне ауыстыруды жеңілдету үшін баяу артады.

31. Ротор үстелін штроптарды босату процессінде бұруға жол берілмейді.

32. Элеватор құбырға тек бұрғылау құбырының колоннасы толық тоқтағаннан кейін қосылады.

33. Элеваторды құбырға қосқаннан кейін бір қолмен элеватор жармасының тұтқасынан, ал екіншісімен элеватор тесігінен ұстау керек.

34. Элеваторды құбырдан түсіруді және оны құбырға (роторға) енгізуді екі жұмыскер жүргізеді.

35. Түсіру көтеру операциялары кезінде роторда болуға жол берілмейді.

36. Диаметрі 45 мм артық штроптар тұтқамен жарақталады.

1 - параграф. Тиелмеген элеваторды және бір бұрғылау шамы ұзындығына бұрғылау құбыры колоннасын түсіру мен көтеру
37. Бұрғылаушы көтеруді көмекші белгісінен кейін, элеватордың екі ілмекпен ілінгеніне, сақтандырғыш өзекшелерді шарнирлі өзі бекітілетін фиксаторлы элеваторды пайдаланған кезде оның тесіктерінің саңылауына орнатылғанына көз жеткізген соң бастайды.

38. Бұрғылаушы көтерілетін еритін блокты бақылап отырады және оның жоғарғы жұмыскер балконына жақындағанында көтеру жылдамдығын азайтады.

39. Көтерілетін тиелмеген элеватор жоғарғы жұмыскерге қаратылған ашылған жарма қалпында болады.

40. Тиелмеген элеваторды көтеру кезінде бұрғылаушы еритін жүйенің шайқалуына жол бермейді.

41. Элеваторды көтеру кезінде бұрғылаушы оны жоғарғы жұмыскердің жұмыс істеуіне ыңғайлы биіктікте тоқтатады.

42. Бұрғылау құбырының колоннасын көтеру кезінде бұрғылау құбырларын бұрғылау ерітінділерінен тазалауға арналған жабдық қолданылады.

43. Бұрғылау құбырының колоннасын көтеру кезінде бұрғылаушы болуы мүмкін ақауларды уақытылы анықтау үшін құбырдың бетін қарайды, бұл ретте көтерілетін құбырлардан қауіпсіз қашықтықта болады.

44. УБД пайдаланған кезде элеваторға кигізуге мүмкіндік беретін келте құбырлар пайдаланылады.

45. Ротор колонасына бұрғылау құбырын орнатуды бұрғылаушы элеватордың ротор үстеліне ұрылуын болғызбай баяу жүргізеді.

46. Бұрғылау құбырын сағаға орнатуды бұрғылаушы кілттік муфта ротордан бұрғылау құбырының кілттік жалғасуларын АКБ кілті көмегімен немесе артпалы пневматикалық кілт (АПК) көмегімен бұрауды қамтамасыз ететін қашықтықта жүргізеді.

47. Бұрғылау құбыры колонналарын ұңғымаға түсіру кезінде олардың кілттерін азайтылған жылдамдық кезінде өткізу керек.

48. Егер бұрғылау құбырлары колонналарын көтеру кезінде тартылу пайда болатын болса, бұрғылаушыға колоннаны қосымша тарту жолымен босатуға рұқсат берілмейді.

Егер көтеру кезінде «түсу» туындаса, еритін жүйені салмақ индикаторының 5 бөлігінен артық тиеуге рұқсат берілмейді. Бұл жағдайда ұңғыманы жууды «түсу» туындайтын бағана бөлігін өңдеумен жүргізу керек.

49. Бұрғылау құбырының колоннасын көтеру және түсіру кезінде сынамалы пневматикалық қарпығыштың сынасы жоғарғы қалыпта болады.

50. Бұрғылаушының басқару пультінде көтерілген сына кезінде ротордың іске қосылуын болдырмайтын бұғаттау қарастырылады.

51. Бұрғылау құбырының колоннасын толықтай бұралмаған кілт кезінде көтеруге және түсіруге рұқсат берілмейді.

52. Бұрғылау құбырының колоннасын түсіру және көтеру кезінде бұрғылаушы көмекшісі роторға тек бұрғылау құбырының колоннасы толық тоқтағаннан кейін ғана барып жақындайды.

53. Еритін блокты көтеру мен түсіруді жүргізуге егер қарпығыш механизмнің нұсқары ұңғыма ортасынан соңғы жағдайға бұрылмаған болса рұқсат берілмейді.

54. Түсіру-көтеру процесстерінде жұмыскерлер өз постарында болады, жұмыс алаңында болуға рұқсат берілмейді.

2 - параграф. Бұрғылау құбырларының кілттік қосылыстарын бұрап алу (бұрап шығару) мен бекіту (босату)
55. Кілттік қосылыстарды бұрап алу, босату, бұрап шығару, бекіте түсу кезінде машина кілттері, АПК кілттері әрекеттері радиусында, кілттердің тарту арқандарына және пневмо бекіткішке (бұдан әрі - ПБ) жақын жерде және АКБ кілттері әрекетінің аймағында жұмыскерлердің болуына жол берілмейді.

56. Ротормен тойтару жолымен бұрғылау құбырларын босатуға жол берілмейді.

57. Бұрғылау құбырларын кендір немесе болат арқанмен бұрғылау жүкшығыр көмегімен ұстайтын арқан немесе дөңгелек кілт көмегінсіз бұрап алуға жол берілмейді.

58. Бұрғылау жүкшығыры орауышы көмегімен құбырларды бұрап шығару және бұрап алу үшін шынжырлы кілттерді пайдалануға жол берілмейді.

59. Бұрғылау жүкшығырында жұмыс істеуге бұрғылаушыға және оның бірінші көмекшісіне рұқсат беріледі.

60. Қауіпсіз орауышта жұмыс істеу кезінде:

арқан соңында ілмектердің пайда болуына, бұл ретте арқанның бос жағы бір жаққа қарай алынып тасталады;

жұмыс аяқталған соң кендір арқанды орауышта қалдыруға рұқсат берілмейді.

61. Бұрғылау колоннасы құбырларына кілттер оны сынаға немесе элеваторға соңғы орнатқаннан кейін алып келінеді.

Аспалы кілтті ұңғыма ортасына тасымалдау кезінде оны қолмен сүйемелдеу керек.

62. АКБ кілтін жеткізу бұрғылау шамының (құбыры) элеваторына ілінген ниппельді түсірілген бұрғылау шамының (құбыры) муфтасына ілгеннен және АКБ кілті әрекет ететін аймақтан жұмыскерлер шыққаннан кейін жүргізіледі, бірінші көмекші АКБ кілтін басқару пультіне, ал екіншісі мұнара қақпасына барады.

63. Бұрап алу – бұрап шығарудың әрбір орперациясын жүргізгеннен кейін АБК кілтін басқару пультінің барлық тұтқалары бейтарап қалыпқа қойылады және тіркеледі. АБК кілтін жүріс кезінде жөндеу мен майлауға жол берілмейді.

64. АБК мен АПҚ кілтін басқару пультінің жұмысын бұрғылаушы немесе бұрғылаушының бірінші көмекшісі орындайды.

65. Бұрғылау ерітіндісінің жұмыс алаңында шашырауын болдырмау үшін шашырауға қарсы құрылғы, мысалы «юбка» пайдаланылады.


3 - параграф. Бұрғылау шамдарын шамдалға орнату

және шамдалдан алу
66. Бұрғылау шамдарын тасымалдау жолдарында жұмыскерлердің болуына рұқсат берілмейді.

67. Бұрғылау шамдарын шамдалға орнату оның соңын шамдалға алдын ала орнатылған шам кілтінің төмпешігіне орнатпайтындай жүргізу керек.

68. Егер бұрғылау шамын шамдалдан роторға және керісінше беру механикаландырылмаған болса, шам бұру кілтімен беріледі.

69. Бұрғылау құбырларының кілтті қосылыстарының бұрандаларын тазалау металл щеткамен жүргізіледі.

70. Ұңғымаға түсірілген кезекті бұрғылау шамын құбыр муфтасына бағыттау кезінде бұрғылаушы көмекшілері бұрғылау құбырының кілтінен жоғары алады. Бұл ретте ротордың айналып жатқан бөлігінде тұруға болмайды.

71. Бұрғылау шамын беру мен қабылдау кезінде жоғарғы жұмыскер сақтандырғыш белдікпен жұмыс істейді. Жоғарғы жұмыскер пайдаланатын ілмек балкон жақтауларына байланады.

72. Сақтандырғыш белдіктің карабин люлькасы жұмыс кезінде тросқа (егер люлька стационарлы болса) немесе люлька рамасында орналасқан құлақшаға (егер люлька жылжымалы болса) бекітіледі.

73. Бұрғылау шамын бері мен қабылдау кезінде жоғарғы жұмыскер негізінде босатылған селдіреуі бар кендір арқан, ал жылжымалы люлькамен жұмыс кезінде бір тармағы люльканың сырғитын төлкесіне айыру күші 10 кН (1000 кгс) артық емес байланған кендір арқан пайдаланады. Кендір арқанның бос соңы (түйіні) жылжымалы люльканың бортында сақтандырғыш құрылғыға немесе стационарлы люлька ашасына кіргізіледі.

74. Жылжымалы люльканы пайдалану кезінде люлькалар мен арқандардың техникалық жағдайын үнемі қадағалап отыру қажет.

75. Жоғарғы жұмыскер бұрғылау шамын еритін блок тоқталығаннан кейін ғана элеваторға жібереді.

76. Жоғарғы жұмыскерге еритін блок балконнан төмен түскенше кезекті бұрғылау шамын саусағынан шығаруға жол берілмейді.

77. Элеваторды бұрғылау шамына кигізу немесе оны түсіру алдында жоғарғы жұмыскерге балконның жұмыс алаңы жақтауына тұруға, аяғының астына кез келген бір затты қоюына жол берілмейді.

78. Бұрғылу құбыры шамдарының ұзындығының айырмашылығына 0,75 м артық болмай рұқсат беріледі, сонымен қатар барынша қысқа шамдар стационарлы люлька жақтауы астынан 0,5 м, ал барынша ұзыны 1,25 м артық болмай шығып тұрады.

79. Бұрғылаушы мен жоғарғы жұмыскер арасында шартты белгілер мен байланыс орнатылған.

80. Шамдалдан бұрғылау шамын көтеруді бұрғылаушы жоғарғы жұмыскердің белгісінен кейін жүзеге асырады, бұл ретте элеватор шамда жабық болады.

81. МСП қарпығышын ұңғыма ортасына ұңғымадан көтерілген бұрғылау құбырының колоннасын сынаға немесе элеваторға орнатқанға дейін жылжытуға рұқсат берілмейді.

82. МСП пайдалану кезінде бұрғылау шамының жоғарғы соңы төменгі жағы АУС шамдалының сәйкес ұяшығына орнатылғаннан кейін саусақтан әрі бұрылады. Бұрғылау шамдарын АУС шамдалдарының ұяшықтарына қолмен орнатуға жол берілмейді.

83. Бұрғылау шамын ниппельдің шығыңқысымен АУС шамдалы ұяшығының қалқасына орнату кезінде оны қалқадан қолмен, ломмен, келтеқұбырмен немесе басқа затпен (шамның «тұрып қалуын» бұрғылаушы басқару пультінен түзетеді) итеруге рұқсат берілмейді.

84. Қысқы уақытта шамдал бумен жылытылады.

85. Диаметрі 89 мм, 73 мм, ұзындығы 24 м, 36 м НКТ бұрғылау құбырларын (шамдарын) пайдалану кезінде бұрғылау құбырлардан жасалған Ø 127 мм кем емес қатты экран орнатылады.



4 - тарау. Қашауды ауыстыру
86. Қашауды бұрап алу мен бұрап шығару үшін зауыттық дайындаудағы жабдықты пайдаланылу ұсынылады.

87. Қашауды бекіту мен босату машиналық кілтпен стопорланған ротор кезінде, ал бұрап алу қатты итерусіз ротормен жүргізіледі. Қашауды бекіту мен босатуды ротор көмегімен жүргізуге рұқсат берілмейді.

88. Қашауды сүйрету кезінде оларды тасымалдауға арналған қалпақтар пайдалану керек.

89. Ротор қосымшаларын алу мен орнатуды зауыттық дайындаудағы арнайы қарпығышқа бекітілген зәкір көмегімен жүргізу қажет.



5 - тарау. Түсіру көтеру операцияларында

пайдаланылатын жабдықтар мен аспаптар
90. Элеваторларды егер мынадай ақаулары болса пайдалануға рұқсат берілмейді:

бұрғылау құбырының муфта астындағы тіреу бетінің 2 мм артық жемірілуі;

корпустың төменгі жағының майысуы 7 мм артық;

штроптарды орнату орындарында тесіктерді өңдеу;

тіркейтін құрылғының ақаулылығы;

корпуста, жармада және ілмекте (ысырмада) сызат болу;

жарманың төменгі жағы мен жарма астындағы элеватор шеті бір бетте болмаған кезде, жармалардың шарнирлі қосылыстарындағы люфт;

кілт шарниріндегі жемірілу;

серіппенің бұзылуы немесе сынуы.

Элеваторды ақаулы деп тану технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

91. Бұрғылау құбырының колоннасын өсіру кезінде пайдаланылатын элеватор кілтінің ысырмасының элеватордың төңкерілген қалпында өзінен өзі ашылуын болдырмайтын тіркейтін құрылғысы болады.

«К» типті элеваторды төңкерілген қалыпта пайдалануға рұқсат берілмейді.

92. Өсіру кезінде элеваторды ілуге арналған ілмектің арқанды штропты элеваторға кигізуге ыңғайлы болу үшін ұзын тұтқасы болады.

93. Элеватор тесігіне қойылған сақтандырғыш өзекшелер ұзындығы бойынша тесігінде өзінен өзі жабылатын фиксаторы жоқ элеватор биіктігіне тең.

Өзекше ұзындығы элевтор тесігіндегі саңылауға сәйкес болады.

94. Штроптарды егер олардың ұзындықтары, бетіндегі шығыңқылары мен сызаттары әр түрлі болса пайдалануға рұқсат берілмейді.

95. Машиналық кілтті пайдалануға рұқсат берілмейді, егер:

жылжымалы сыналар ұяшықта нығыз отырмаса;

жылжымалы саналар бүйірі кілттің шет жағымен бір жазықта болмаса;

ауысымдық кілттің тістері іске қосылғанда;

корпус пен тұтқада сызат бар;

вертлюгтің бұрандалы бекітілуі сіргеленбеген;

шарнирлі саусақтар сіргеленбеген.

96. Диаметрі бұрғылау құбырының өлшеміне сәйкес болмайтын, машиналық кілтті пайдалануға рұқсат берілмейді.

97. Машиналық кілттердің бір жағы үш бұрандалы қысқыш көмегімен немесе 30 см ұзындыққа, ал екінші жағымен мұнаралы блоктың негізіне байланған тарту (жұмыс) арқанынан бөлек кілт тұтқасына бекітілетін диаметрі 18 мм кем емес сақтандырғыш арқандары болады, сақтандыру арқандарын бекіту орны машиналық кілттің әсерінен барынша аз қауіпті аймақты қамтамасыз етеді.

Сақтандыру арқаны тартудан 15-20 см ұзынырақ.

Машиналық кілттер металл арқандарға көлденең қалыпта ілінеді және бақылау жүктерімен теңестіріледі.

Машиналық кілттердің бақылау жүктері бұрғылау едені астына немесе бұрғылау мұнарасының сыртқы жағынан (қаптау сыртынан) орналасады және бағыттағыш бойынша қозғалады.

98. Дөңгелек кілт 12 мм мырышпен қапталған ұзындығы 6 м арқанмен кендір арқан негізіне арналған шөмішпен жиынтықта жарақталады.

Кендір арқанның ұзындығы 7-8 м.

99. Дөңгелек кілтпен егер корпустың немесе тұтқаның дәнекерлеу тігістері бұзылған, шарнир ұяшықтары мен олардың қосыластары іске қосылған, секторлы жылжымалы сына тістері тозған болса жұмыс істеуге болмайды.

100. Бұрғылау жүкшығырының орауыштарындағы жұмыс кезінде келесі талаптар сақталады:

арқан орауыштың жүккөтерімділігін есепке алумен таңдалады;

орауышты жұмыс ыңғайлы болу үшін орауыш діңі бұрғылаушы иығынан жоғары болмауы керек (алаң еденінен 1,3-1,5 м).

101. Орауыш-жүкшығырда жұмыс кезінде келесі талаптар орындалады:

ауырларды көтеру мен тасымалдау үшін диаметрі 12,5 мм кем емес болат арқан пайдаланылады;

зәкірлі арқанның қарсы салмағы бұрғылау мұнарасынан тыс шығарылады және сенімді қоршалады;

тежегіш ленталар орауыш-жүкшығырдың өзінен өзі іске қосылуы мен көтерілген жүктің өздігінен түсуін болдырмайтындай реттеледі.

102. Егер бекіту кілтінің бұранда кескіштері сіргеленбеген болса, сақтандыру арқаны болмаса, жетекті рамалар қатты тозған, жапқыш ақаулы жағдайда болса, АПҚ жұмыс істеуге рұқсат берілмейді.

103. ПРС пайдалану кезінде машиналық кілт пен ПРС тарту арқаны бір көлденең бетте орналасқаны және тарту арқаны арқанды төлкенің пневмобекіткішінің штогына байлаумен немесе үш қысқышпен бекітілгені қажет (түйінмен байлауға жол берілмейді).

Қайталанатын бағыттайтын роликсіз пневмобекіткіш жұмысына рұқсат берілмейді.

104. НКР пайдаланған кезде келесі талаптар орындалады:

ротор қосымшалары мен сынаның конустық беттерінің ластануына, бұл ротордағы сынаның сыналануына соқтыратын болғандықтан жол берілмейді;

сына бұранда кескішінің өлшемдері құбыр диаметріне сәйкес болады.

Сына бұранда кескіштері тозған кезде оларды жиынтығымен ауыстыру, құбырларды сынаға жылдам орнатуға жол бермеу керек. Колонанны сынаға жылдам орнатқан жағдайда аспапты тарту кезінде құбыр диаметрі мен бетін тексеру керек. Ақау табылған кезде:

құбырды ауыстыру;

бұрғылауға орнату алдында бұранда кескіш астындағы саға жүрісі бетінің түзулігін және сына мен қосымшалардың тіреу бетін тексеру;

бұрғылау кезінде сына алынады және бір жаққа қарай қойылады.

105. МСП орындау кезінде келесі талаптар орындалады:

төлкелі роликті шынжырдың, пневматикалық цилиндрдегі тісті рейканың бұрандалу бекіткішінің, мұнара белдігіне бекіту мен тартуды бекітудің босатылуына жол берілмейді;

қарпығыш пен ілмектің шарнирді жақтарының тозғаныда МСП пайдалануға рұқсат берілмейді.

106. АКБ пайдалану кезінде келесі талаптар сақталуы қажет:

жекелеген түйіндер мен кілттің толықтай колоннамен бекітілуін қадағалау;

цилиндр штоктарын өзінің соңғы қалыптарынан жұлқумен және жемірілумен ауыстыруға жол берілмейді.



____________________



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет