Оқулық «Білім беруді дамыту Федералды институты»



Pdf көрінісі
бет23/101
Дата25.03.2023
өлшемі4.68 Mb.
#471099
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   101
ӨНДІРІСТІ АВТОМАТТАНДЫРУ НЕГІЗДЕРІ

3.1.3. 
Сигналдар 
Жоғарыда айтылып өткендей, басқару – бұл басқару аймағына 
ықпал етуді қалыптастыру. Бұл ықпалдар нені білдіреді? Жауап 
басқару аймағы кім немесе не екендігіне байланысты болады. 
Егер басқару аймағы адам болса, онда оған алгоритмге сәйкес 
ықпал ету - оған ауызша не жазбаша түрде берілген тапсырмалардың 
дұрыс ретте орындалуын білдіреді, яғни, ықпал ету ақпараттық болып 
саналады. Ал егер басқару аймағы машина болса, онда ықпал қажетті 
әрекетті орындау түріндегі машинаның жауап реакциясын тудыру 
болуы керек. 
Машинаның астарында адамның орнына түрлі жұмыстарды
жасайтын құрылғы айтылып тұр. Бірақ адамға тән екі түрлі жұмыс бар, 
олар: ой еңбегі және физикалық еңбек. Ой еңбегі ақпараттарды 
өңдеумен байланысты, ал физикалық – нақты өмір аймақтарына 
энергетикалық ықпал етумен байланысты. Осыған сәйкес
машиналардың да айырмашылығы болады, біріншісі – ақпаратты 
өңдеуші ақпараттық құрылғылыр және аймақтарды энергетикалық 
ықпалмен қамтамасыз ететін атқарушы механизмдер
Технологиялық процестер нақты өмірдегі аймақтардың жасалуы 
мен түрленуімен байланысты. Технологиялық процестер операциясын 
орындау үшін атқарушы механизмдер энергия жұмсайды, сондықтан 
да оларды жұмыс істеуге міндеттейтін басқарушы әсерлер де 
энергетикалық болуы керек. 
Мұндай ықпалдаң көптеген түрлері бар: электрлік, механикалық
гидравликалық және т.б. бұл ықпалдар түрлі физикалық шамамен 
сипатталады: электр кереуімен, жылжумен, қысыммен және т.б.
Мысалы, басқарушы ықпал атқарушы механизмге қысымның құбыр 
желісінде жасалған электр тоғын не кернеуін беруді білдіреді. 


44 
Кернеу, қысым, жылжу үлкен де, кішкентай да бола береді, түрлі 
уақыт аралығында әрекет етеді және түрлі бағытта болады, яғни, бұл 
физикалық шамалар өзгере алады. Осы шамаларды қалыптастырған 
құрылғының жағдайына байланысты өзгерістер болуы ықтимал, яғни, 
оларда осы құрылғы туралы ақпарат болуы мүмкін. 
Кейбір пайдалы мақсатқа пайдаланылатын ақпараттарды пайдалы 
ақпараттар деп атайды, ал осы ақпаратты мазмұндайтын физикалық 
шама сигнал деп аталады. 
Сигнал — бұл өзгермелі физикалық шама, оның мәні пайдалы 
ақпараттардын тұрады. 
Пайдалы ақпарат таратпайтын физикалық шамалар ақпарат 
теориясында шуға жатады.
Сигналды оны тасымалдаушыдан ажырата білу керек.
Сигналды тасымалдаушы дегеніміз энергиясы бар материалдық 
аймақтар: электр тоғы, сұйықтық ағымы, жарық (электрмагнит өрісі) 
және т.б. 
Сигналдар электрлік, гидравликалық, жарықтық және т.б. болуы 
мүмкін. іс жүзінде барлық автоматты жүйеде электр сигналдары 
пайдаланылады. 
Сигнал оны тасымалдаушының бір сипаты болып табылады: тоқ 
күші, сұйықтық қысымы, жарықтың тығыздығы, ал кейбір жағдайларда 
– 
сигналды тасымалдаушының өмір сүру уақыты
Оператормен немесе басқарушы құрылғымен қалыптасқан және 
атқарушы механизмдерге жеткізілген сигналдарды басқару сигналдары 
немесе басқарушы сигналдар деп аталады. 
Атқарушы механизмнің қандай әрекеттерді орындау керектігіне 
байланысты басқарушы сигналдардың екі түрі болуы ықтимал: ұқсас 
және дискретті (үзік-үзік). 
Ұ қ с а с с и г н а л д а р орындалып жатқан әрекеттер сансыз көп 
мәндерді қабылдай алатын сипатқа ие болған жағдайларда 
пайдаланылады, мысалы: «жабқышты 41° бұру», немесе «44°», немесе 
«52,5
°»; «реостат қозғалтқышын 27 мм ауыстыру», немесе «11 мм-ге», 
немесе «2,7 мм-ге»; «қозғалтқыш айналымы жиілігін 600 ай/мин 
ұлғайту» немесе «615 ай/мин. дейін»; «бөшекті 225 °С дейін қыздыру» 
немесе «530 °С» дейін және т.б. Бұл жағдайда басқарушы ықпал 
өзгермелі болуы тиіс, өйткені атқарушы механизмнің дәл осындай 
реакциясын қамтамасыз етуі керек, ал ол сол операцияны және тұтас 
алгоритмді дұрыс орындау үшін қажет, яғни, басқарушы сигнал 
әрекеттің сандық сипаты туралы міліметтерді ұстауы тиіс. 


45 
Мысалы, атқарушы механизм берілген тапсырмаға қарай 
дайындаманы 3мм немесе 5,1 мм немесе 8,2 мм.ге орналастыруы тиіс. 
Басқарушы сигналдың мәнін өзгерте отырып, мысалы, электр 
кернеуін, біздің қажетті жылжуды қамтамасыз етуге мүмкіндігіміз 
болуы керек. Басқа мысал: бөлшектің берілген температураға дейін 
қызуы үшін, біз сәйкес сигнал беру арқылы қажетті температураға 
жетуі үшін жылытқыш құрылғыға ықпал жасауымыз керек. Ара 
қашықтық та, температура да әртүрлі бола береді ( әрине, белгілі бір 
шекте), яғни, оларды беретін басқарушы сигналдар да әртүрлі мәндерге 
ие бола алады. 
Көпшілік физикалық шамалар кез келген мәнді қабылдай алады.
Егер олар өзгерсе, онда олардың мәні сәл-сәл үлкендеу немесе сәл-сәл 
кішірек болуы ықтимал, бұл ретте түрлі мәндерді ажырататын сәл-сәл 
көлемі шексіз. Мұндай шамалар ұқсас шамалар деп аталады. Олар 
үздіксіз, яғни, олардың мәні секірумен өзгере алмайды. 
Сансыз көп мәнге ие бола алатын шамалар ұқсас деп аталады
Сондықтан, кез келген мәнді, яғни, сансыз көп мәндерді иелене 
алатын басқарушы сигналдар да ұқсас болып саналады. Бұл жерде «кез 
келген мән» түсінігі аса нақты емес, себебі, сигналдар нақты 
сипаттамасы бар нақты құрылғылармен өндіріледі, мысалы, жеткізу 
кернеуі секілді шектеулі. Сондықтан да сигнал мәндері белгілі 
жерлерде ғана кез келген бола алады.
Кез келген мәнді (белгілі бір шекте) қабылдай алатын сигналдар 
ұқсас деп аталады.. 
Ұқсас басқарушы сигнал әсерімен орындалатын әрбір атқарушы 
механизм жазылған әрекеттерді сигнал мәнімен қаншалықты 
анықталғандығына қарай орындайды.
Д и с к р е т т і с и г н а л д а р атқарылатын әрекеттердің сандық 
сипаты жоқ кезде пайдаланылады, яғни, ол бірмәнде ғана орындалуы 
мүмкін, оны сәл-сәл үлкен, сәл-сәл кіші орындауға болмайды (мысалы: 
«қақпақшаны жабу», «рычакты тіреуішке дейін жылжыту», 
«қозғалтқышты қосу» және т.б.). Қақпақшаның тек екі жағдайы ғана 
болады: ол не ашық не жабық (оны сәл-сәл ашуға болмайды). Сол 
секілді қозғалтқышты да сәл-сәл қосуға болмайды – ол не қосулы не 
өшірулі. А құралы көптеген позицияға ие болса да, оның әрқайсысы 
бірмәнді – оны №7 позицияға сәл-сәл көбірек немесе сәл-сәл азырақ 
орналастыруға болмайды. 


46 
Бұл мысалдарда басқарушы сигналдың ең қарапайым болуы 
мүмкін, мысалы, атқарушы механизмге электр кернеуін беру түрінде. 
Кернеу жоқ боса – әрекет те жоқ, кернеу берілсе – әрекет орындалады. 
Мүмкін кейбір жағдайларда кернеуді бірнеше рет беруге тура келеді ( 
мысалы, № 7 позициядағы құралды орнату үшін жеті кернеу 
импульсі). Бірақ берілетін кернеу мәні стандартты, тиянақты, ол 
атқарушы механизмнің паспорттық мәліметтерімен ғана анықталады. 
Басқару үшін кернеудің мәні емес, оның бар-жоқтығы маңызды, яғни, 
мұндай басқарушы сигнал бекітілген мәннің біреуіне ғана иелік ете 
алады: ол не нөл не басқару аймағының сипаттамасымен анықталатын 
кейбір мәндер. Бекітілген мәндердің көптігімен сипатталатын 
шамалар бар, мысалы, әрдайым тұтас сандармен көрінетін 
аймақтардың саны.
Екі не одан да көп бекітілген мәні бар шамалар дискретті деп 
аталады. 
Дискретті шамалар өзінің табиғаты бойынша үзік-үзік, себебі бұл 
шаманың кез келген көрші екі мәні арасында алшақтық болады, ол 
дискреттеу қадамы деп аталады.
Екі не одан да көп бекітілген мәні бар сигналдар да дискретті деп 
аталады. 
Бақылау және басқару жүйесінде жоғарыда басқарушы сигнал 
ретінде қарастырылған тек екі белгіленген мәні бар қосырлы дискретті 
сандар пайдаланылады.
Ұқсас шамалардың өзін дискретті шама ретінде көрсетуіне жағдай 
жасауға болады. Мысалы, масса – ұқсас шама. Егер сіз әрқайсысы 1 
кг.болатын бірнеше қалта сүт сатып алдыңыз делік, бұл жағдайда 
сіздің саудаңыздың массасы дискретті болады – сіздің 
қалталарыңыздың саны қанша болса да, олардың жалпы массасы бір 
ғана бекітілген мәнге ие болады: 2, 3, 4 және т.б. Ұқсас шаманың 
дискретті шамаға бұлай түрленуі дискреттеу деп аталады. 
Сонымен, өзгеру сипаты бойынша кез келген физикалық шама не 
тұрақты (егер оның тек бір ғана бекітілген мәні болса), не дискретті ( 
егер ол екі не одан да көп шамаға ие болса), не ұқсас ( егер онда сансыз 
көп мәндер болған жағдайда) бола алады.
Автоматты жүйеде әрдайым физикалық шамалар мақсаттары 
бойынша олармен түрлі процестер барысында өзгеретін өзге 
шамалармен салыстыру үшін үлгі-нұсқа ретінде жиі қолданылады.


47 
Біз басқарушы сигналдардың әртүрлі түрлерін қарастырдық. Бірақ 
сигналдар тек қана басқаруға қажетті ақпарттардан тұрмайды, түрлі 
техникалық қрылғылар мен операторға берілетін басқа да кез келген 
ақпараттардан тұрады. Мысалы, түрлі датчиктермен қалыптасқан 
сигналдар 
технологиялық 
параметрлердің 
мәні, 
атқарушы 
механизмдардің жағдайы және т.б. туралы ақпараттарды алып жүреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   101




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет