49
кең диапозонда өзгеретін, температураның ағымдағы мәні туралы
ақпарат.
Осы
мысалдарға қарап, атқарушы механизмдерден басқа
алгоритмдерді жүзеге асыру үшін қоршаған әлем аймақтары жайлы
ақпарат ала алатын құрылғының қажет екендігі туралы ой түюге
болады, соның ішінде, бұл аймақтардың
жағдайы мен құрамын
сипаттайтын физикалық шаманы қабылдау ( жылжу, температура,
ылғалдылық, қысым, электр кернеуі және т.б.). Алынған ақпартты оны
әрі қарайғы әрекет туралы шешім шығару үшін кім қолданса, соған
беруі керек, яғни, операторға немесе басқарушы құрылғыға.
Автоматты
жүйеде
әрдайым
электр
сигналдары
қолданылатындықтан, біз әрі қарай дәл
соларды пайдалы ақпарттар
тасымалдаушы ретінде қарастыратын боламыз. Сөйтіп, қарастырылып
жатқан құрылғылар электр сигналдарын құрастыруы керек, онда
қоршаған әлем аймақтарының жағдайы мен құрамы жайлы ақпараттар
бар. Бұл қызметті атқаратын құрылғы
датчик деп аталады.
Датчиктер — бұл аймақтардың жағдайы мен құрамын
сипаттайтын физикалық шамаларды сигналға жаңартатын құрылғы.
Егер технологиялық процестің автоматтануы жайлы сөз болса, онда
датчиктер шығарылған бұйымдардың технологиялық процесін жүзеге
асыратын өңделетін құрал-жабдықтардың,
материалдардың жағдайы
мен құрамы туралы ақпарат алады. Бұл құрамдар мен жағдайлар
технологиялық
процестің
параметрі
немесе
технологиялық
параметрлер деп аталатын түрлі физикалық шамалармен сипатталуы
мүмкін.
Аймақтардың құрамы мен жағдайын сипаттайтын физикалық
шаманлар параметрлер деп аталады.
Жылжу,
жылдамдық, температура, қысым, ылғал және т.б.
датчиктері бар (4-тарауға қар.). Автоматты құрылғыларда оларды
технологиялық параметрлер деп атайды. Параметрлердің ұқсас және
дискретті
болғаны секілді, датчиктер де ұқсас (температура, жылжу
датчиктері) және дискретті (қалып датчиктері, мыс: «қосылды-өшті»)
болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: