50
ал датчиктер сигналдың көмегімен өздерімен байланысты аймақтардың
жағдайын хабарлайды. Сигналды беру қалай жүзеге асады?
Электр сигналдарын пайдалану кезінде байланыс каналының
астарынан, ереже бойынша, кәдімгі екісымды электр желісін түсінеміз,
ол конструктивті түрде жеке сымдардың сыңарынан тұрады, сондай ақ
көпсымды кабельдің бөлігі болып табылады.
Соңғы кездері,
сонымен бірге, талшықтық оптика мен лазерді
пайдаланатын байланыстың оптикалық кабель желілері де кең
қолданылуда. Олар үлкен мөлшердегі сигналдарды бір мезгілде беруге
мүмкіндік береді, бірақ оптикалық-талшықты кабельдің
екі шетіне де
арнайы аппаратураны орнатуды талап етеді. Бұл аппаратура да
байланыс арнасының бір бөлігі болып саналады.
Байланыс арнасы — бұл сигнал беруді қамтамасыз ететін
техникалық құрылғылардың жиынтығы.
Әсіресе, егер басқару аймақтары үлкен
аумақты алып жатса және
оператор немесе басқарушы құрылғыдан маңызды қашықтыққа
алыстатылса, онда автоматтандаралған жүйеде байланыс арнасы
маңызды рөл ойнайды.
Дәл осы байланыс арналарында сигналдар табиғи кедергілердің (ал
кейде жасандылардан) әсерінен бұрмалауға ұшырайды. Сондықтан да
сигналдарды жоғары дәлдікпен және бұрмалаусыз беру мүмкіндігі тек
қана байланыс арнасын дұрыс таңдағанда
және сауатты орындаған
кезде мүмкін болады. Мысалы, атқарушы механизмге мықты басқару
сигналдарын беретін кабельдердің қасына датчиктен әлсіз ақпараттық
сигнал беретін электр кабелдерін тартуға жол жоқ.
Сигналдардың байланыс желісі бойынша өтуі кезінде олардың
күші
төмендейді, себебі кабельдерде энергияның жоғалуына
байланысты сигналдар өшеді. Сигналдардың өшуі – байланыс
желілерінің маңызды сипаттарының бірі.
Байланыс желісінің тағы
басқа маңызды сипаттамасы – өткізгіштік қабілет. Ол аз уақыт ішінде
байланыс желісі арқылы қатесіз беруге болатын ақпараттардың
максималды санын көрсетеді.
Байланыс сызығы ретіндегі үлкен
ұзақтықтағы байланыс
арналарының бағасын түсіру үшін өзге мақсаттарға арналған желілерді
пайдалануға ұмтылады. Мұндай жағдайда телефон желілері кеңінен
пайдаланылады (мысалы, интернетке кіру үшін) тіпті, электр беруші
желілерді де пайдаланады. Мұндай
желілер өздерінің негізгі
қызметімен қатар, 30 дан 500 кГц дейінгі жиіліктегі ақпараттық
дабылдарды береді.
51
Сигналдарды беру бағытының мүмкіндігіне қарай байланыс
арналары симплексті (бір бағытта берілетін сигналдар), дуплексті
(сигналдар бір мезгілде екі бағытқа беріле береді) және
жартылайдуплексті (бағытты ауыстырумен) болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: