Оқулық "Білім беруді дамытудың федералдық институты" Федералдық мемлекеттік автономдық мекемесі "



Pdf көрінісі
бет76/169
Дата07.03.2024
өлшемі4.38 Mb.
#494642
түріОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   169
SHishmarev-lsheu-raldary-.-O-uly-

Ауа 
(Сұйықтық) 
8.8-сурет.
Белсенді бақылаудың жанама əдістерінің дəлдігін арттыратын 
өлшеу сұлбалары: 
а - ершік тəріздес аспапты пайдалану арқылы; б, в - орталықсыз тегістеу; г...з - ішкі тегістеу; 
и, к - орталықтарда тегістеу; А - байланыс нүктесі. 
өлшеуіш құрылғыны А нүктесіндегі контактімен пайдаланған кезде 
бақылау дəлдігіне өңделетін бөлшектің күштік деформациялары 
əсер етеді. 
Бұл əсерді 8.8, д...ж-суретінде көрсетілген өлшеу сұлбаларының 
көмегімен жоюға болады. Бірінші жағдайда өлшеу базасы ретінде 
бұйымның қысқышының шпинделінде бекітілген орнату сақинасы 
пайдаланылады. Тегістелетін бетті күштік сығу кезінде бір мезетте 
бұйымның қысқышының шпинделі де қысылады, 
141 
Ауа 
(Сұйықтық)
)
 
Ауа 
(Сұйықтық)
 


соның нəтижесінде көрсетілген күштік деформация автоматты 
түрде өтеледі. 8.8, е, ж-суретте “жылжымалы” комбинирленген 
құрылғыларды сұлбалары көрсетілген, олар бір мезетте тегістеуші 
беттің кесетін бетінің жəне өңделетін беттің күйін бақылайды. 
Бірінші жағдайда шеңбердің кескіш бетінің күйі контактілік əдіспен 
бақыланады, ал екінші жағдайда - контактісіз əдіпен бақыланады 
(пневматикалық немесе гидравликалық). 
8.8, з-суретте үш контактілі аспаптың көмегімен тесіктерді 
өлшеудің жанама əдісінің сұлбасы суреттелген. Соңғысы сегменттің 
биітігін өлшейді жəне сондықтан да оның дəлдігі диаметральдық 
өлшеу дəлдігінен төмен. Бірақ та бұл сұлбаның артықшылығы
өңдеу дəлдігіне өңделетін беттердің күштік деформациялары 
мүлдем дерлік əсер етпейтіндігі болып табылады. 
8.8, и, к-суретте комбинирленген құрылғылардың тағы да екі 
сұлбасы (сəйкесінше контактілік жəне контактісіз əдіс) келтірілген, 
оларды шеңберлік немесе сыртқы тегістеу кезінде пайдалануға 
болады. Оған қоса, бұл жағдайда құралдың тозуын өңдеу дəлдігі 
мен тегістелген бөлшектердің күштік деформациясының əсері
жойылады, өлшеудің бұл сұлбалары маңызды артықшылыққа ие: 
бөлшекті шешу мен орнату кезінде өлшеуіш құрылғы 
жылжымайтын күйде қалады. Осының арқасында аспаптың 
құрылымы біршама жеңілдетіледі. Бұл əдістерді əсіресе тікелей 
əдіспен бақылауға қиындық тудыратын кіші өлшемдегі бөлшектерді 
бақылау кезінде пайдалану мақсатты болып табылады. 
Өлшеулерді реттеудің дəлдігін арттыру үшін мүмкін болған 
барлық жағдайларда бір контактілі өлшеулерде екі контактіліге өту 
қажет, ал үш контактіліге өту одан да жақсы; оған қоса бір 
контактілі құрылғыларды жаңашаландыру кезінде тетіктер 
монтаждалатын аспаптардың корпустары «жылжымалы» болуына 
тырысу керек (тербеліс əсерін азайту үшін). 
Соңғы уақытта білдектер мен тесіктерді кешенді (жанама) 
тегістеуге арналған құрылғылар пайда бола бастады. Сонымен 
қатар шарлы мойынтіректердің сақиналарын кешенді тегістеуге 
арналған құрылғы да белгілі. Мұндай құрылғыларды, егер 
шашыраудан кейін тегістелетін бөлшектерді өлшемдері біршама аз 
болған жағдайда, яғни өңдеудің жоғары дəлдігі кезінде ғана мұндай 
құрылғыларды қолдану мақсатты екенін атап өткен жөн. Бұл 
жағдайларда əсіресе бақылаудың тікелей əдістерін пайдалану қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   169




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет