үшін үлкен кіріс кедергісі бар электрондық күшейткіштер
қолданылады. Электростатикалық түрлендіргіштері
бар деңгей
өлшегіштер ±2,5 % қателікпен 0-ден 10 м шегінде деңгейлерді
өлшеуге мүмкіндік береді.
Бақылау сұрақтары
1. Қандай
механикалық шамалар, олардың бірліктері мен
эталондары бар?
2. Механикалық шамаларды өлшеудің қандай принциптері бар?
3. Механикалық иінтіректі таразылардың қандай типтері бар?
Олардың негізгі сипаттамаларын атаңыз. Олардың қолданылу
салаларын көрсетіңіз.
4. Электромеханикалық таразылардың қандай типтері бар?
Олардың
сипаттамалары
қандай?
Олардың
қолданылуын
түсіндіріңіз.
5. Үлкен салмақты өлшеуге арналған
таразылар қалай жұмыс
істейді жəне қайда қолданылады?
6. Үлкен
салмақты
өлшеуге
арналған
таразылардың
ерекшеліктері қандай?
7. Күш түрлендіргіштерінің қандай типтері бар? Олардың
сұлбалары мен негізгі техникалық сипаттамаларын келтіріңіз.
8. Қысым түрлендіргіштерінің қандай типтері қолданылады?
Олардың сұлбаларын, сипаттамаларын жəне
қолданылуы салаларын
келтіріңіз.
9. Иінтіректі таразыларда өлшеу кезінде қандай əдістер
пайдаланылады?
10. Айналдырғыш моменттер қандай тəсілмен өлшенеді?
11. Тензорезисторларды
жапсырудың
қандай
сұлбалары
қолданылады?
12. Айналдырғыш
моменттің
электростатикалық
жəне
фотоэлектрлік түрлендіргіштері қалай жұмыс істейді?
13. Бұрыштық жылдамдықтар қандай аспаптармен өлшенеді?
14. Сұйықтықтар мен газдардың шығыны қандай əдістермен
жəне құралдармен өлшенеді?
15. Сұйықтықтар мен себілмелі материалдардың деңгейін
өлшеуге арналған аспаптар қандай принциптерге құрылған?