Оқулық "Білім беруді дамытудың федералдық институты" Федералдық мемлекеттік автономдық мекемесі "


  Себілмелі материалдардың деңгейін өлшеу



Pdf көрінісі
бет101/169
Дата07.03.2024
өлшемі4.38 Mb.
#494642
түріОқулық
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   169
SHishmarev-lsheu-raldary-.-O-uly-

9.7.3. 
Себілмелі материалдардың деңгейін өлшеу 
Себілмелі материалдардың деңгейлерін түрлендіргіштері əртүрлі 
форма мен өлшемдегі екі электрод болып табылатын аспаптар 
көмегімен өлшейді (бақылайды). Электродтарды тікелей қорек көзі 
тізбегіне немесе көпірлік сұлбаның иіндерінің біріне қосады. 
Оларды беттен қажетті деңгейде материал деңгейін бақылайтын 
сұйықтыққа орнатады. Қажет болғанда көпірдің өлшеуіш 
диагоналінен алынатын кернеуді электрондық күшейткіштің 
кірісіне береді, оның шығысында өлшеуіш аспап қосылған. 
Себілмелі материалдардың деңгейлерін көп позициялық реттеу 
əрекеті осы принципке негізделген. Өлшеуіш тізбектерді 
қоректендіру үшін тұрақты ток көздерін пайдаланады. 
Сұйық 
жəне 
себілмелі 
материалдардың 
деңгейлерін 
қашықтықтан 
үздіксіз 
өлшеу 
үшін 
электростатикалық 
түрлендіргіштері бар аспаптар кең таралымға ие болды. Оларда 
деңгейді түрлендіру үшін сұйық жəне себілмелі орталардың 
диэлектрлік 
қасиеттерінен 
түрлендіргіш 
сыйымдылығының 
тəуелділігін пайдаланады. Өлшеуіштік түрлендіргіштен алынатын 
дабылдарды күшейту 
181 


үшін үлкен кіріс кедергісі бар электрондық күшейткіштер 
қолданылады. Электростатикалық түрлендіргіштері бар деңгей 
өлшегіштер ±2,5 % қателікпен 0-ден 10 м шегінде деңгейлерді 
өлшеуге мүмкіндік береді. 
Бақылау сұрақтары 
1. Қандай механикалық шамалар, олардың бірліктері мен 
эталондары бар? 
2. Механикалық шамаларды өлшеудің қандай принциптері бар? 
3. Механикалық иінтіректі таразылардың қандай типтері бар? 
Олардың негізгі сипаттамаларын атаңыз. Олардың қолданылу 
салаларын көрсетіңіз. 
4. Электромеханикалық таразылардың қандай типтері бар? 
Олардың 
сипаттамалары 
қандай? 
Олардың 
қолданылуын 
түсіндіріңіз. 
5. Үлкен салмақты өлшеуге арналған таразылар қалай жұмыс 
істейді жəне қайда қолданылады? 
6. Үлкен 
салмақты 
өлшеуге 
арналған 
таразылардың 
ерекшеліктері қандай? 
7. Күш түрлендіргіштерінің қандай типтері бар? Олардың 
сұлбалары мен негізгі техникалық сипаттамаларын келтіріңіз. 
8. Қысым түрлендіргіштерінің қандай типтері қолданылады? 
Олардың сұлбаларын, сипаттамаларын жəне қолданылуы салаларын 
келтіріңіз. 
9. Иінтіректі таразыларда өлшеу кезінде қандай əдістер 
пайдаланылады? 
10. Айналдырғыш моменттер қандай тəсілмен өлшенеді? 
11. Тензорезисторларды 
жапсырудың 
қандай 
сұлбалары 
қолданылады? 
12. Айналдырғыш 
моменттің 
электростатикалық 
жəне 
фотоэлектрлік түрлендіргіштері қалай жұмыс істейді? 
13. Бұрыштық жылдамдықтар қандай аспаптармен өлшенеді? 
14. Сұйықтықтар мен газдардың шығыны қандай əдістермен 
жəне құралдармен өлшенеді? 
15. Сұйықтықтар мен себілмелі материалдардың деңгейін 
өлшеуге арналған аспаптар қандай принциптерге құрылған? 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   169




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет