Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»



Pdf көрінісі
бет21/145
Дата16.11.2022
өлшемі6.11 Mb.
#465041
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   145
сәулеттік материалтану

26
 
Сүргіленген погонажды өнімдер – ол жақтаулар (терезе мен есік 
тесіктері),ернеулік,еден тақтайлары немесе діңгек,тұтқа,терезе асты
тақтайлар.Оларды қылқанды және жапырақты түрлерден жасайды 
(2.4 сур.). 
2.3 сур. Араланған материалдар түрлерлі 
Буат – арнайы білдектерде діңке кесіктерін жаңқалау немесе 
сүргілету арқылы алынатын қалыңдығы 0,4.1,5 мм жапырақтар.Ақталған 
буатты 
фанера 
мен 
ағаш-қабатты 
пластиктер 
алу 
үшін 
қолданады.Қайың,қандыағаш,бүк,емен,қарағай,жөке 
мен 
шырша 
қолданылады. 
Сүргіленген 
буатпен 
жиһазды 
қаптайды.Әдемі 
текстурамен 
түрлерді 
қолданады:жаңғақ,үйеңкі,қызылқайың,терек,шаған,алмұрт,шегіршін, 
қызыл ағаш пен карел қайыңы. 
Фанераны қайың,қарағай,емен,жөкенің жұқа қабаттарынан (буат) 
жасайды,оларды шектес жапырақтардағы талшықтардың бағыты өзара-
перпендикулярлы орналастыру керек.Оның қалыңдығы 1,5... 18 мм, 
ұзындығы — 3 м дейін; ені — 2 м дейін. Фанера жай және
ылғалға 
тұрақты,тегістелген 
2.4 сур. Бойлық бұйымдар: 
а — шпунтталған тақтайлар; б — бүктелген тақтайлар; в — ернеулік; 
г —жақтау; д — сүйеніш тұтқасы 


27
 
және тегістелмеген, буатталған, декоративті (үлдірлі қабатпен) және 
ламинацияланған болып бөлінеді. 
Ағаш-қабатты пластиктер – жоғары температурада полимерлі 
шайырмен қанықтырылған буаттың бірнеше қабатын тығыздау 
арқылы алынған жапырақтық материалдар.Олардан үлкен аралықты 
ғимараттарды 
жабу 
үшін 
қатты 
кеңістіктік 
қабық 
конструкциясы,сонымен қатар ғимараттың ішкі және сыртқы 
декоративті әрлеуі жасалады. 
Қазіргі таңда алдын ала кептірілген және антисептик пен 
антипиренмен қанықтырылған майда өлшемді тақтайлар немесе 
қайрақтардың (ламел) суға төзімді полимерлі желімімен желімдеу 
арқылы 
алынған 
жабысқан ағаш конструкциясы 
белсенді 
қолданылады. Желімделген элементтердің тігістері «екпінделіп» 
жасалады, ал жылдық сақиналар, әдетте, әртүрлі бағытталған, ол 
өнімнің шалыстануының алдын алады (2.5 сур.). Желімделген 
сүректен жасалған конструкциялар әртүрлі кескін мен аралыққа ие: 
ферма, рама, арка, арқалық,діңгек, мұнара,күмбез,дөңіс және т.б. 
Олар жай ағаш конструкцияларына қарағанда жоғары беріктікке ие, 
және тиімділік бойынша темірбетоннан асады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   145




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет