23
және жерасты құрылыстары үшін және сонымен қатар,
шпал жасау
үшін қолданады.
Емен ауыр,тығыз,қатты және өте берік қызыл текстурамен сары
түсті сүрекке ие. Ол ауада да, су астында да жақсы
сақталады.Еменнен
жоғарысапалы паркет, қаптайтын фанера, жиһаз
жасайды.
Шаған – әдемі текстурамен ауыр, қатты, берік түр. Ол
оңай
өңделеді; ауыспалы ылғалда нашар сақталады. Шаған жиһазды
өңдеу, фанераны жасау үшін қолданылады.
Бүк қызыл реңкі бар ақ түсті әдемі тығыз, қатты және берік
сүрекке ие. Ол
су астында жақсы сақталады; оңай кесіледі, шағылады
және ауыспалы ылғалдан зақымданады. Бүкті жиһаз, буат пен паркет
жасауда қолданады.
Қайың – ақ қатты және ауыр түр, бірақ ауыспалы дымдау
жағдайында қысқа мерзімді.
Бұл фанера, ағаш өнімдері мен жиһаз
жасау үшін негізгі шикізат.
Көктерек жасыл реңкі бар ақ түсті жұмсақ және жеңіл сүрекке
ие; ылғалды түрде ол тез шіриді. Ол оңай шағылады, кесіледі,
көптеген ақауларға ие. Көктерек микробқа
қарсы және қабынуға
қарсы әрекетке ие. Оны фанера мен шатыр материалдарын
(жаңқа,гонт,ағаш тіс) жасау үшін қолданады.
Жөке – ақ, ең жұмсақ және беріктігі аз түрі. Ол кесіледі және
шағылады, нашар боялады. Жөкені кесу жұмыстары, ағаш өнімдерін
жасау, моншаны әрлеу үшін қолданады.
Тик әдемі қызыл түске ие (сарғыштан қою қоңырға дейін) және
жақсы көрінетін текстурасы бар. Ол табиғи майларға бай, шірімейді
және ұзақ сақталады, суға төзімді лактармен қосымша өңдеуді талап
етпейді.
Тик оңай өңделеді,тегістеледі және жылтырайды, әртүрлі
жүктемелерге өте тұрақты. Оны ғимараттар мен ашық аспанда ағаш
және декор өнімдерін жасауда қолданады.Қабырға жамылғылары мен
тиктен жасалған паркеттерді жүзу бассейні мен сауналар үшін
қолданады.
Қызылқайың қаттылығы мен қажауға тұрақтылығы жоғары,
бірақ қылықайың сүрегі технологиялық емес, өңдеуге нашар беріледі
және үлкен тығыздыққа ие.
Сондықтан қызылқайыңды ағаш
өнімдерін, тұрақтығы жоғары фрезер өнімдері,ағаш түйіндері мен
конструкцияларын