Кіріспе
Сәулеттік материалтану - Сәулеттік білім беру негіздерінің бірі болып
табылады. Ол Сәулеттік жобалауда құрылыс материалдарының маңызды
рөлін ұғынуға мүмкіндік береді, олардың конструкция мен Сәулеттік
формалармен өзара қатынасы мәселесін қарастырады,құрылыс үшін қазіргі
материалдардың номенклатурасы мен қасиетін зерттейді. Мұның барлығы
материалдарды салмақ түсетін және қоршау конструкциясында, ғимараттар
мен құрылыстардың ішкі әрлеуінде қолдану тәжірибесін алуға мүмкіндік
береді. Аталмыш оқулықтың міндеті – болашақ сәулетшілерге ғимараттар
мен құрылыстарды жобалау сатысында құрылыс материалдарын
рационалды таңдау бойынша кәсіби міндеттерді шешу үшін, қолданыс
техникалық, эстетикалық және экологиялық талаптардың есебімен нақты
жағдайлар үшін сәйкес материалдарды қолдану мүмкіндігін бағалау үшін
білім алуға көмектесу.
Құрылыс материалдары – құрылыс саласының жұмыс атқаруының
негізі. Олар әрдайым болған. Олардың кейбіреуі бізге ғасырлар арқылы
алғашқы түріндегідей келді, бірақ көптеген қазіргі материалдар – бірегей
қасиеттермен жаңа, жетілдірілген, әртүрлі материалдарды алу бойынша
ғалымдар мен құрылысшылардың көпжылдық еңбекті жұмысының
нәтижесі. Қол еңбегі технологиясы, материалдарды қолдану қиындықтары,
олардың
өмірінің
қысқалығы
артта
қалады.
Материалдардың
залалсыздығы, оларды жою мен қайта жасау, әртүрлі өндіріс қалдықтарын
белсенді қолдану жөнінде мәселелер өткір талқыланады.
Біздің үйлерімізді тек әдемі етіп қана қоймай, сонымен қатар, оларды
берік және жайлы етуге мүмкіндік беретін құрылыстар мен
материалдардың жаңа технологиясы пайда болды, ал құрылыс процесінің
өзі – тез, шығыны аз және тиімді.
Құрылыстардың сапасы, ұзақмерзімділігі мен құны көбінесе
материалдардың дұрыс таңдалуына байланысты болады. Оларды
рационалды түрде қолдану үшін олардың әрқайсысының құрылысын,
қасиеті мен мақсатын, алу әдісін, сонымен қатар, құрылыстар мен
конструкцияларда жұмыс шартын білу керек.
|